Талдықорған: +18°C
$ 481.54
€ 553.24
₽ 5.93
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

МӘУЕЛІ БӘЙТЕРЕК

01.10.2023
ЖАНСАРАЙ
МӘУЕЛІ БӘЙТЕРЕК
WhatsAppTelegramFacebook

Халқымызда: «Қарты барел – қазыналы», – деген қанатты сөз бар. Еліміз ежелден ата-салтын ұлықтаған, дін мен дәстүрін ұмытпаған, ақжаулықты әжелеріміз бен көнекөз қарияларымыздың ақылын тыңдап өскен, оларды ерекше бағалаған. Өйткені абыз қариялар – отбасының берекесі, тәрбиешісі, ауылының ұйытқысы, күллі қазақ халқының сарқылмас асыл қазынасы. Осыған орай  Халықаралық қарттар күні қарсаңында газетіміздің тұрақты оқырмандары, 55 жыл бірге отасқан Тарас Байжомартұлы мен Жанна  Ақшабекқызы жайлы жазуды жөн көрдік.

Кеудесі сыр сандық, сөзі кілт, ақылы алтын қарияларымызды барлығы «ұстаздар отбасы» деп құрметтейді. Оның себебі – Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері болған, ата-апамыздың әкелері  ұзақ жыл мектепте ұстаз болған. Кейіпкерлеріміз де осы салада табан аудармай қызмет істеп зейнетке шықса, балалары ата-анасының жолын қуған мұғалімдер. Бар ғұмырын бала оқытуға арнаған ұлағатты ұстаздар отбасы талай бүлдіршіннің бойларына білім нәрін құйған. 

Тарас Байжомартұлы Абай атындағы педагогикалық институтының химия-биология факультетін тамамдап, еңбек жолын Шұбар орта мектебінен бастайды. 1966 жылы отбасымен бірге Талапты ауылына көшкен әкесі сол ауылдағы мектептің директоры болып, баласын ұстаздық жолға дайындайды. 1968 жылы облыстық тамыз конференциясында атамыз Қапал ауданының тумасы Жанна Ақшабекқызымен танысады. Содан бері екеуінің отау тігіп, шаңырақ көтергеніне де 55 жыл болыпты. 

Бүгінде өмірлері өнегеге толы жетпістің желкенінен асқан апамыз бен сексеннің сеңгірін бағындырған атамыз нағыз ұстаз ғана емес, өз отбасының мәуелі бәйтерегіне айналды. Екеуі 4 баланы дүниеге әкеліп, немере, шөбере сүйді. Ұстаздық ұлы жолды абыроймен алып жүрген қос тұлға бүгінде немере-шөберелерін тәрбиелеп отыр. Иә, қариялар – ұлттың ұлт болып қалыптасуына, жас ұрпақтың дұрыс тәлім алуына, асыл құндылықтарымызды сақтауға, қаймағы бұзылмаған қазақ жұртының  ынтымақ пен береке бірлікте болуына себепкер, тәрбиенің негізі. Ата мен әженің мектебінен өткен баланың арманы жоқ шығар, шіркін?! Қазақылықтың қайнар бұлағын сарқылтпаған ата-апамыздың арманы – отбасы, ошақ қасының берекесі болып, немерелерін өсіріп, жетілдіру. Ақжаулықты әжелеріміз, көнекөз қарияларымыздың арқасында жас жеткіншектер қазақы құндылықты бойына сіңіріп келеді.

Ең кереметі апа-атамыз ғасырдан асқан газетіміздің тұрақты оқырманы. 

– Басылымның болашақ жастарды тәрбиелеудегі, салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызды насихаттаудағы орны ерекше. Адамға тіршілікте қандай өмір керек болса, рухани жағынан да сондай азық керек. Біз ардагер ұстаз болғаннан кейін тәрбиеге баса назар аударамыз. Ата дәстүрді ұлықтаған басылымда салт-дәстүріміз түгелдей қамтылған. Ал сол рухани байлығымызға сүбелі үлес қосып отырған «Jetіsý» газетінен керектінің барлығын таба аласыз. Бұл болашақ ұрпақты тәрбиелейтін мақалалар, – деген Тарас Байжомартұлы газетті үзбей оқитынын айтты.

Елі үшін барын берген қазыналы қарттарымызды әрқашан да құрметтеп, үлгі-өнегесін жастар арасында ұлықтау біздің басты парызымыз. Өйткені еліміздің болашағы ақсақалдар ақылын жас ұрпақтың бойына сіңіруден қалыптасады. Қариялар біздің сарқылмас қазынамыз.

Айдар ҚАЛИЕВ
Суретті түсірген Руслан ҚАДЫРОВ

Қатысты жаңалықтар

Үкімет ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің кешенді жоспарын бекітті

Үкімет ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің кешенді жоспарын бекітті

31.03.2026
ҰБТ форматы өзгереді: Министрлік жаңа AIT жүйесін таныстырды

ҰБТ форматы өзгереді: Министрлік жаңа AIT жүйесін таныстырды

31.03.2026
Антальядағы алтын: Ақсулық арулар волейболдан топ жарды

Антальядағы алтын: Ақсулық арулар волейболдан топ жарды

31.03.2026
Тарифтер арзандады: Су мен газ бағасына қатысты жаңа шешім

Тарифтер арзандады: Су мен газ бағасына қатысты жаңа шешім

31.03.2026
Чемпион болғым келеді

Чемпион болғым келеді

31.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.