Талдықорған: +21°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

«Қандастарға визаны сатып жатыр»: Желіні шулатқан ақпаратқа Қытайдағы Консулдық жауабы

27.09.2023
КҮЛТӨБЕ
«Қандастарға визаны сатып жатыр»: Желіні шулатқан ақпаратқа Қытайдағы Консулдық жауабы
WhatsAppTelegramFacebook

Қытайдағы қандастардың көшіне Үрімшідегі дипломаттар кедергі келтіріп отырғаны және визалар сатылып жатқаны туралы ақпаратқа Қазақстанның ҚХР-дағы Елшілігінің Консулдығы түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Түрлі тарихи себептерге байланысты атажұрттан жыраққа ауып кеткен қандастардың жай-күйі қай кезеңде болса да қазақ халқын бей жай қалдырған емес. Соңғы уақытта Қытайдың солтүстігіндегі Шыңжаң біздіңше шығыс түркістан жерін қоныс еткен қандастардың елге келуі, Қазақстан визасын алуы қып-қызыл ақшаға айналғаны туралы жалған мәліметтер қоғамда желдей есіп жүр», – делінген Консулдық хабарламасында.

Мәліметке сүйенсек, қазір Қазақстан азаматтары да, Қытай азаматы болып табылатын қандастарымыз да мәселенің байыбынан бармастан ҚР Сыртқы істер министрлігінің Паспорттық-визалық қызметінің қызметкерлерін парақор немесе қандасына жаны ашымайтын тасжүрек ретінде көрсетіп отыр.

«Мәселенің бастауы тым тереңде және күрделі екендігін әлеуметтік желі арқылы ақпарат таратумен ғана машықтанған көп азамат пен белсенді біле бермейді. Алдымен, Үрімшідегі Сыртқы істер министрлігінің Паспорттық-визалық қызметі ресми дипломатиялық мекеме болып табылмайды және қызметкерлері өзге дипломаттар секілді халықаралық құқық нормаларымен қорғалмаған. Себебі екі ел арасында қол жеткізілген уағдаластыққа сәйкес Визалық қызмет «Қазақстан темір жолы» Акционерлік қоғамына қарасты паспорттық пункт болып табылады. Қазіргі уақытта сол жартылай ресми мекемеде ҚР Сыртқы істер министрлігі ұзақ мерзімді сапарға жіберген 3 қызметкер отбасын елге тастап қандастардың сұранысын қамтамасыз ету үшін тоқтаусыз еңбек етуде. Себебі, Шыңжаңда тұратын 1,5 миллион қандастың кем дегенде 30 пайызы Қазақстан визасын алуға ниет білдірген. Ол дегеніңіз орта есеппен – 300 мың адам. Бұл – тым көп өтініш», – делінген мекеме ақпаратында.

Виза беру талабына сәйкес қандастардан құжаттар сол паспорттық пунктте қабылданады. Алайда, оның жұмыс кестесіне әсер ететін жағдайлар бар.

«Қытайда ақпараттық технологияға қойылатын қатаң талаптарға байланысты визалық қолдау жасайтын және визаны басып шығаратын бағдарлама айына кем дегенде 2-3 күн жұмыс істемейді және қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету мақсатында әр аптаның сәрсенбісінде Қазақстанның бүкіл әлемдегі консулдық мекемелері визаға құжат қабылдауды жүзеге асырмайды. Заң талабы солай.

Аталған себептерге байланысты Паспорттық қызмет әр күн сайын кезек тәртібімен 150 паспорт қабылдайды. Оның сыртында көші-қон шақыруы бар және Қытайдан көшуге ресми рұқсат алған қандастар кезек тәртібінен тыс визаға құжат тапсыра алады.

Осы тұста қандастардың көшіне сол Үрімшідегі дипломаттар кедергі келтіріп отыр деген ақпарат шындыққа мүлде сай келмейді. Себебі жыл басынан 500 қандасқа кезексіз көшуге жағдай жасалды. Бұлардан өзге Қазақстандағы жақын туысы қайтыс болған немесе ауыр халде жатқандығын растайтын анықтама ұсынған қандастардан визаға құжаттар оның кезекте бар-жоғына қарамастан қабылданады. Аталғандарды қорытындалайтын болсақ, аптасына кем дегенде 750-800 паспорт қабылданып жатыр. Бір жылда 200 күн визаға құжат қабылдаған жағдайда 160 000 паспорт қана беру мүмкін болады. Ендеше, қазіргі уақытта қандастардың сұранысын толық көлемде қанағаттандырып, оларға визаны беру мүмкін емес», – деп толықтырады Консулдықтан. 

Анықталғандай, мәселенің ушығуына WeChat әлеуметтік желісі арқылы жасалған мәлімдеме. Онда Визаға кезекке тұру бағдарламасында орындар сатылып жатқаны туралы айтылған. Дегенмен, бұл бағдарламаның ресми органдарға қатысы жоқ болып шықты.

«Қытайда танымал болып есептелетін WeChat әлеуметтік желісі арқылы таралған «Кезек кіші бағдарламасындағы орындар сатылады» деген ақпаратқа келетін болсақ. Аталған бағдарламаны сол Үрімшідегі белсенді қандастар әзірлеген және ол Визалық қызметке мүлдем қатысты емес. Ол кезексіз қабылдау тәртіптің мүлдем болмауына және Визалық қызмет жұмысының тоқтау қалуына алып келуі ықтимал. Себебі виза алуға ниетті 10 000 қандас келетін болса ол жерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкін болмайды.

Осыған орай, күдікті толық сейілту мақсатында жақын арада электронды кезек жүйесі Сыртқы істер министрлігі арқылы бақыланып отыратын болады.

Осы себепті де Үрімшідегі дипломаттарға жазықсыз жала жабу тоқтап, атажұртын сағынған қандас ретімен елге келеді деген ойдамыз», — делінген ресми мәлімдемеде.

Консулдық еске салып өткендей, қандастар қазіргі уақытта Қазақстанға 14 күнге визасыз келе алады және екі ел арасындағы келісім күшіне енгеннен кейін бұл мерзім 30 күнге дейін ұзарады.

Фото: ашық дереккөзден

Қатысты жаңалықтар

Алқапты сумен түлеткен

Алқапты сумен түлеткен

08.08.2026
Құрылысшыға құрмет

Құрылысшыға құрмет

08.08.2026
Жергілікті әкімдіктер 2392 грант бөлді

Жергілікті әкімдіктер 2392 грант бөлді

08.08.2026
Үштөбеде «Таза Қазақстан» рейді өтті

Үштөбеде «Таза Қазақстан» рейді өтті

08.08.2026
Жолшы еңбегі – ел игілігі

Жолшы еңбегі – ел игілігі

07.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.