Талдықорған: +9°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Энергия беруші ұйымына берілген хабарлама

26 қыркүйек 2023
КҮНДЕРЕК
Энергия беруші ұйымына берілген хабарлама
WhatsAppTelegramFacebook

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалаумен бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық департаменті»республикалық мемлекеттік мекемесінің басшы орынбасары Берік Сәбитұлымен сұхбаттасудың сәті түсті.

– Берік Сәбитұлы елімізде бизнесті дамыту үшін жағдайлар жасалуда. Реформалар электрмен жабдықтау жүйесіне де әсер етті. Электр энергетикасы саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге қандай өзгерістер енгізілді?

– Иә, электр энергетикасына қатысты заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мысалы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 25.02.2015 жылғы №143 бұйрығымен бекітілген электр энергиясын пайдалану қағидаларында электрмен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру мерзімі қысқартылды, құрылыс-монтаждау жұмыстарына рұқсат алу қажеттілігі алынып тасталды. Енді жобалаушыға мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жұмыстардың басталғаны туралы электрондық нысанда хабарлама жіберу жеткілікті.

Бұдан басқа, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органнан электр желілеріне қосылуға рұқсат алу қажеттілігі алынып тасталды. Энергиямен жабдықтаушы ұйыммен электрмен жабдықтау шартын жасасудың бір апталық мерзімі үш күнге дейін қысқартылды. Желіге қосар алдында энергетикалық сараптама жүргізу қажеттілігі алынып тасталды.

– Электр желілеріне қосылу процесі қалай жүргізіледі және Жетісу облысына қатысты осы жұмыстың ерекшеліктері бар ма?

–  Тұтынушы энергия беруші ұйымның (Жетісу облысы бойынша ол ТАЭТК ) электр желілеріне  қосылуға өтінім береді.  Өтінім бергеннен кейін ТАЭТК тұтынушыны электр желілеріне қосуға техникалық шарттарды 5 жұмыс күні ішінде береді. Тұтынушы жобалық құжаттаманы әзірлеуді және электр қондырғыларын орнатуды (тиісті лицензиясы бар ұйымдармен) қоса алғанда, берілген техникалық шарттар талаптарын орындайды. Монтаждау ұйымы энергия беруші ұйымға (ТАЭТК) берілген техникалық шарттардың орындалуы және кернеуді беруге дайындығы туралы хабарлама жібереді. Сонымен қатар электрмен жабдықтау шартының акцепті туралы өтініш (шарт жасасуға арналған белгілі бір құжаттар тізбесін қоса бере отырып) жіберіледі. Энергия беруші ұйым хабарламаны алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде сыртқы қосылуды және орындалған жұмыстардың берілген техникалық шарттарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады. Энергия беруші ұйым хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде кернеу беруді жүргізеді, коммерциялық есепке алу жүйесін (электр есептегішті) пломбалайды және есепке алу жүйесін пломбалау актісін береді. Орындалған жұмыстарда кемшіліктер анықталған жағдайда энергия беруші ұйым 2 жұмыс күні ішінде анықталған кемшіліктер туралы акт береді.

Электр желілеріне қосылу процесі бойынша сұрақтар туындаған кезде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық департаментіне, 8 (7282) 41-70-80 байланыс телефонына немесе «Е – өтініш»  АЖ арқылы жүгінуге болады.

«Жетісу» ұсынады
Фото: ашық дереккөзден

 

 

 

Қатысты жаңалықтар

«Оңай ақша» оңдырмас

«Оңай ақша» оңдырмас

Бүгін, 09:06
Әлеуметтің әлеуетін арттырады

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

31 қазан 2026
Айтылмаған алғыс

Айтылмаған алғыс

31 қазан 2026
Илену мен үй болу

Илену мен үй болу

31 қазан 2026
Ел болашағына бағыт берген

Ел болашағына бағыт берген

31 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.