Талдықорған: +5°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Айтылмаған алғыс

Бүгін, 16:24
КҮНДЕРЕК
Айтылмаған алғыс

magnific.com

WhatsAppTelegramFacebook

Кейбір адамдарды қаншалықты жақсы көретінімізді сөзбен жеткізу қиын. Оларға деген сезіміміз күнделікті өмірдің арасында байқалмай, үнсіз ғана жүрегімізде өмір сүріп жатады. Менің сондай үнсіз махаббатым – ата-анама деген махаббат.

Ата-ана – адам өміріндегі ең жақын жандар. Біз дүниеге келген сәттен бастап олар біз үшін барын салады. Бала кезімізде мұны түсіне бермейміз. Анамыздың түн ортасында оянып, үстімізді жауып қойғанын, әкеміздің шаршап келсе де отбасы үшін қайтадан жұмысқа кеткенін қалыпты жағдай деп қабылдаймыз. Ал есейген сайын сол қарапайым сәттердің артында қаншама махаббат пен еңбек жатқанын түсіне бастаймыз.

Анамның мейірімі мен үшін үйдің жылуындай. Оның «Тамақ іштің бе?», «Бәрі жақсы ма?», «Ешкім ренжітіп жүрген жоқ па?» деген қарапайым сұрақтарының өзінен үлкен қамқорлықты сезінемін. Ол көп нәрсе сұрамайды, тек баласының аман жүргенін, дұрыс тамақтанып, өзін күткенін қалайды. Ал әкемнің махаббаты сәл өзгеше. Сезімін көп сөзбен білдірмеуі мүмкін. Бірақ оның үнсіз қамқорлығынан бәрін сезуге болады. Қыста жұмыстан келе сала жағдайымызды ойлауы немесе қажет кезде қолындағы соңғы тиынын беруге дайын болуы оның бізге деген махаббатының көрінісі. Әкемнің «ертең болады» деген бірауыз сөзі де баласының үмітін үзгісі келмегенін білдіреді.

Кейде ата-анама «сендерді жақсы көремін» дегім келеді. Бірақ жақын адамдарымызға сезімімізді ашық жеткізуге ұялатын кездеріміз болады. Соған қарамастан жүрегімізде оларға деген үлкен алғыс бар. Уақыт өткен сайын ата-анамыздың да қартайып келетінін түсінеміз. Біз қанша есейсек те олар үшін баламыз, әлі күнге дейін біз үшін алаңдайды.

Ата-анам мен үшін осы күнге дейін барын жасады. Менің жақсы өмір сүргенімді, ешкімнен кем болмағанымды қалады. Сондықтан олардың үмітін ақтау өмірдегі басты міндеттерімнің бірі. Олар ештеңе талап етпейді, бірақ мен олардың маған деген сенімін ақтауды өзімнен талап етемін, еңбегінің нәтижесін жетістігіммен көрсеткім келеді. Мен үшін ең үлкен бақыт – ата-анамның бір күні маған қарап, «Баламыз өз орнын тапты», – деп мақтанышпен айтуы. Сол сөзді есту үшін әлі талай белесті бағындырғым келеді. Өйткені бүгінгі арманымның түбінде де, ертеңгі мақсатымның ішінде де ата-анамның үміті бар.

Мадина ТҰРАРБАЙҚЫЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

Бүгін, 17:31
Айтылмаған алғыс

Айтылмаған алғыс

Бүгін, 16:24
Илену мен үй болу

Илену мен үй болу

Бүгін, 14:18
Ел болашағына бағыт берген

Ел болашағына бағыт берген

Бүгін, 13:29
Рухани байлықтың кілті

Рухани байлықтың кілті

Бүгін, 12:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.