Талдықорған: +14°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Рухани байлықтың кілті

Бүгін, 12:03
РУХАНИЯТ
Рухани байлықтың кілті
WhatsAppTelegramFacebook

«Кітап оқу өмір салтымызға айналып келеді» деген жазушы Жүсіпбек Қорғасбектің сөзі бүгінгі уақытпен үндесіп тұр. Кітапқа қайта бет бұру қоғамның рухани сұранысы өзгеріп келетінінің белгісі. Себебі кітап өткен мен бүгінді жалғаған алтын арқау, адамды ойға жетелейтін рухани қазына.

Қазір ақпарат көп. Бір сәтте әлемнің жаңалығын білуге мүмкіндік бар. Дегенмен ақпараттың көптігі білімнің тереңдігін білдірмейді. Оны талдап, салыстырып, байыппен қабылдау қажет. Ал мұндай ойлау дағдысын қалыптастыруда кітаптың орны бөлек. Кітап оқу мәдениетін дамыту мәселесі мемлекет назарында да тұр. Мемлекет басшысының 16 мамырдағы Жарлығында кітап оқу мәдениетін дамыту, зерделі ұлт қалыптастыру, кітапханаларды жаңа форматта дамыту және цифрлық мүмкіндіктерді кеңінен пайдалану міндеттері айқындалды. Осы бағыттағы маңызды бастамалардың бірі республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафоны. Қыркүйек айынан келесі жылдың сәуіріне дейін жалғасатын жоба түрлі жастағы оқырманды ортақ мақсатқа біріктіреді. Оның түпкі мақсаты кітапты бір реттік науқан емес, күнделікті өмірдің табиғи бөлігіне айналдыру.

Бұл бастама Ескелді ауданындағы кітапханалардың жұмысына да серпін беріп отыр. Кітапхана саласында төрт жылдан астам еңбек етіп келетін библиограф Меруерт Бекмырза қыркүйек айында өткен «Үздік кітапханашы – 2026» байқауында екінші орынға ие болды.

Оның айтуынша, бүгінгі кітапханашының жұмысы бұрынғыдан әлдеқайда кең. Ол оқырманға кітап ұсынып қана қоймайды, талғамын танып, іздеген дүниесін табуға көмектеседі, әдебиетті насихаттайды, жаңа технологияны меңгереді.

– Ескелді аудандық кітапханасында кітап пен цифрлық мүмкіндікті ұштастырудың жаңа үлгісі қалыптасып келеді. Кітаптарға QR-кодтар орнатылып, оқырман оны смартфонмен сканерлеу арқылы шығармаға қатысты жасанды интеллект негізінде әзірленген бейнематериалды көре алады. Аудиокітаптар да оқырманға ұсынылады.
Бүгінде аудандық кітапхананың қорында 61 мыңға жуық кітап бар. Ал аудан көлеміндегі кітап қоры 273 мыңға жуықтайды. Бұл талай буынның рухани мұрасы сақталған үлкен қазына. Бірақ кітаптың шын бағасы оның санына емес, оқырманына байланысты, – деген Меруерт Ердосқызы кітапханада оқырман санын арттыруға бағытталған түрлі әдеби-мәдени шаралар ұйымдастырылып келетінін де тілге тиек етті.

Кітапхана – кітап сақтайтын орын ғана емес, ой қалыптастыратын орта. Ал кітапханашы сол ортаның бағыт берушісі. Бүгінде ауданда дәстүрлі кітап қоры мен заманауи технология қатар дамып келеді. Бұл уақыт талабына бейімделе отырып, кітаптың рухани құндылығын сақтаудың бір жолы. Өйткені технология қанша жаңарса да адамның терең ойға деген қажеттілігі жоғалмайды. Ал терең ойға бастар жолдың бірі – кітап.

Кітапқа ашылған есік – білімге ашылған әлем. Оқуға құштар ұрпақ – елдің ертеңіне салынған ең сенімді негіз.

Сарби ӘЙТЕНОВА
Ескелді ауданы

Қатысты жаңалықтар

Денсаулыққа салынған инвестиция

Денсаулыққа салынған инвестиция

Бүгін, 11:26
Мемлекеттік қызмет сапасы жаңа деңгейге көтеріледі

Мемлекеттік қызмет сапасы жаңа деңгейге көтеріледі

Бүгін, 10:56
Үмітке байланған өмір

Үмітке байланған өмір

Бүгін, 10:10
Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

Бүгін, 09:42
Әлеуеті айшықты Алакөл

Әлеуеті айшықты Алакөл

Бүгін, 09:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.