Талдықорған: +12°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

Үмітке байланған өмір

Бүгін, 10:10
ДЕНСАУЛЫҚ
Үмітке байланған өмір

organdonationalliance.org

WhatsAppTelegramFacebook

Бүйрек жеткіліксіздігі бүгінде талай жеткіншектің балалық шағын ұрлап, талай отбасының жүрегіне жазылмас жара салып отырған ауыр дерт. Қазақстанда ағза трансплантациясын күтіп отырған балалардың қарасы көп. Олардың әрқайсысы бір жақсы жаңалықты, бір донорды, өмірге қайта оралуға мүмкіндік беретін бір үмітті көздері жәудіреп күтеді.

Ресми деректерге сүйенсек, елімізде ағза трансплантациясын күткен 4 739 адамның 125-і бала екен. Оның ішінде 91 балаға бүйрек трансплантациясы қажет. Бұл жай ғана статистика емес, күн сайын ауыр ем қабылдап жатқан кішкентай өмірлердің, баласының тағдырын уайымдап отырған ата-аналардың жанайқайы. Ал мен мақаланы сырттай бақылап жазып отырған жоқпын. Бұл дәл қазір өз отбасымыздың басынан өтіп жатқан ауыр шындық.

Менің 16 жастағы інім бар. Ол кішкентайынан эпилепсиямен күресіп келеді. Соған қарамастан қатарластарынан қалмай, күліп- ойнап, өмірге құштар болып өсті. Бірақ бір күні денсаулығы күрт нашарлап, Талдықорған қаласындағы ауруханаға түсті. Сол күннен бастап бәрі өзгерді. Медициналық көмек көрсету барысында кеткен қателіктерден кейін інімнің екі бүйрегі де істен шықты. Кеше ғана қалыпты өмір сүріп жүрген бала бір сәтте төсекке таңылды. Жағдайының ауырлығына байланысты оны Алматыдағы ауруханаға ауыстыруға тура келді. Содан бері інім бірнеше медициналық процедурадан өтіп, операциялар жасатты. Ұзаққа созылған ем оның әлсіз денесіне оңай тиіп жатқан жоқ. Оның күн сайын қиналып жатқанын көру біз үшін де үлкен сынақ. Алайда бұл қасірет тек біздің отбасымызға ғана тән емес. Аурухана дәліздерінде баласының өмірі үшін күресіп жүрген қаншама ата-ана бар. Құрбы-құрдастарымен ойнап, мектепке барып, далада еркін жүруі тиіс балалар бүгінде аурухана төсегінде жатып донор күтеді. Өмірдің мәнін енді ғана танып келетін сәбилердің өзі осы күрестің ішінде жүр.

Елімізде ағза трансплантациясын күткен
4 739 адамның 125-і бала. Оның ішінде 91 балаға бүйрек трансплантациясы қажет.

Ата-анамыз да көмек қолын созудың кез келген жолын іздеді. «Бүйрегімді балама берейін», – деп талай рет алаңдады. Алайда трансплантацияға қатысты медициналық талаптар мен заңнама әрбір жағдайға бірдей мүмкіндік бере бермейді. Ата-ана баласына көмектескісі келгенімен кейде оның қолынан келері дәрігерлердің шешімін күтіп, үміттену ғана. Осындай сәтте әке-шешенің жандүниесінде қандай сезім болатынын түсіну қиын емес… «Балама көмектесе алмасам, несіне жүрмін» деген сөз баласына алаңдаған әр ата-ананың ішкі жанайқайы.

Трансплантациядағы маңызды мәселе сәйкес донордың табылуы. Донор мен науқастың медициналық тұрғыдан сәйкестігі мұқият тексеріледі. Сондықтан кезекте тұрған әрбір адамға донор бірден табыла бермейді. Ал бала үшін өткен әр күннің мәні ерекше. Осының бәріне емнің ұзаққа созылуы, отбасының тұрмыстық және қаржылық қиындықтары қосылады. Кейбір ата-аналар қайырымдылық қорларынан немесе көпшіліктің көмегінен үміт күтеді. Қоғамдық қолдау көптеген отбасы үшін үлкен демеу болғанымен мәселенің түпкілікті шешімі бұл емес. Сондықтан бүйрек транс-плантациясын күтіп отырған балалар туралы сөз болғанда, біз тек статистикаға қарамауымыз керек.

Осы мақаланы жазып отырып, інімнің ауруханадағы күндерін ойладым. Оның қайтадан еркін жүріп, күліп, қалыпты өмірге оралғанын көргім келеді. Мұндай тілек менің отбасымның ғана емес, аурухана төсегінде жатқан әр баланың жақынының арманы. Ал бала үшін ең үлкен бақыт денінің сау болып, ата-анасының қасында өсуі.

Трансплантация мәселесі туралы сөз еткенде тек медициналық жүйе немесе статистика туралы емес, адам өмірі туралы айтып отырғанымызды ұмытпауымыз керек. Бір балаға табылған донор – бір отбасының үміті болса, сол үміттің үзілмеуі баршамызға ортақ жауапкершілік.

 

Шырын РЫСБЕК
ЖУ студенті

Қатысты жаңалықтар

Мемлекеттік қызмет сапасы жаңа деңгейге көтеріледі

Мемлекеттік қызмет сапасы жаңа деңгейге көтеріледі

Бүгін, 10:56
Үмітке байланған өмір

Үмітке байланған өмір

Бүгін, 10:10
Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

Бүгін, 09:42
Әлеуеті айшықты Алакөл

Әлеуеті айшықты Алакөл

Бүгін, 09:00
Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

30 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.