Талдықорған: +21°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Есік алдына қоқыс пакетін қою — 17 250 теңге айыппұл. Үйдің кіреберісінде тағы не істеуге болмайды?

19.09.2023
КҮЛТӨБЕ
Есік алдына қоқыс пакетін қою - 17 250 теңге айыппұл. Үйдің кіреберісінде тағы не істеуге болмайды?
WhatsAppTelegramFacebook

Кей адамдар қоқыс салынған пакетті есік алдына шығарып қояды. Бұл басқа көршілерге жағымсыздық сыйлайды. Кейде қоқыс бірнеше күн тұрып қалады, соның салдарынан подъездің ішін иіс алып кетеді. Кей адамдар үйдің кіреберісінде құрылыс материалдарын немесе олардың қалдық қоқысын айлап, кейде жылдап сақтайды. Заң бойынша, есік алдына қоқыс қалдыруға болмайтынын білдіңіз бе? Подъезде тағы басқа не істеуге болмайды және қандай әрекеттер үшін айыппұл салынады? Бұл сұраққа заңгер Думан Көпбаев жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz.

Заңгер Думан Көпбаевтың айтуынша, үй кіреберісінде жасалған мына әрекеттер заңсыз болып саналады:

Қоқыс пакетін қалдыру — 17 250 теңге айыппұл

Әкімшілік Кодекстің 434-2 бабы бойынша ортақ пайдаланатын орындарды ластау, яғни, қоқысты терезеден лақтыру, соның ішінде темекі тұқылын лақтыру, баспалдаққа немесе аулаға, балалар алаңына қоқыс пакеттерін тастап кету, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау секілді бұзушылық жасаған адамдарға 5 АЕК (17 250 теңге) айыппұл салынады. Бір жыл ішінде қайталанса – 10 АЕК (34 500 теңге).

Баспалдақ аумағына ескі жиһаз, қораптар мен басқа да әртүрлі заттарды қою өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу болып саналады. Жеке тұлғаларға алдымен ескерту жасалып, содан кейін 5 АЕК көлемінде (17 250 теңге) айыппұл салынады. Бір жыл ішінде қайталанса – 34 500 теңге (10 АЕК) айыппұл көзделген.

Құрылыс материалдарын сақтауға болмайды

Әкімшілік құқықбузушылық кодексінің 410-бабы бойынша, подьезде құрылыс материалдарынан ештеңе қалдыруға болмайды. Өрт мекемелерінің ережелерінде тамбурларда, жертөлелерде және пәтерден басқа барлық жерде сақтауға тыйым салынған заттардың тізімі бар: оның ішіне құрылыс материалдары да кіреді. Сондықтан өрт қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салынуы мүмкін.

Темекі тарту — 51 750 теңге айыппұл

2020 жылғы 7 шiлдеден бастап қоғамдық орындардағы пассивтік шылым шегуден қазақстандықтарды қорғауды көздейтін «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс күшіне енді.

ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексінің 110-б. 5-т. 10 тармақшасына сәйкес – темекі шегуге үй кіреберістерінде, сондай-ақ білім беру ұйымдарында, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамдардың демалуына арналған ұйымдарда, денсаулық сақтау ұйымдарында, қоғамдық тамақтану орындарында, кинотеатрларда, театрларда, цирктерде, концерт, көру және көрме залдарында, спорт ареналарында және көпшіліктің демалуына арналған басқа да жабық ғимараттарда, соның ішінде түнгі клубтарда, дискотекаларда, мұражайларда, кітапханаларда және лекторийлерде, пойыздар мен теңіз және өзен көлігі кемелерінде белгіленбеген жерлерде, әуе кемесінің бортында, жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автобустар, шағын автобустар, троллейбустар, таксилер және қалалық рельстік көлік салондарында, әуежайлардың, темір жол, автомобиль және су вокзалдарының ғимараттарында, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, жұмыс орындары болып табылатын үй-жайларда тыйым салынады.

ҚР Әкімшілік кодексінің 441-бабына сәйкес, айыппұл 15 АЕК (51 750 теңге) құрайды. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет 20 АЕК (69 000 теңге) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Тыныштықты бұзу — 17 250 теңге айыппұл (жеке тұлғаларға)

ҚР Әкімшілік кодексінің «Тыныштықты бұзу» 437-бабына сәйкес: Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін, сағат 22:00-ден таңғы 9:00-ға дейін тыныштықты бұзу, оның ішінде тұрғынжайда және оның сыртында шұғыл қажеттілікпен байланысы жоқ шу шығаратын жұмыстарды жүргізу, сол сияқты тұрғын ғимараттарда және тұрғын үй құрылысы аумақтарында орналасқан ойын-сауық орындарының жұмыс күндері сағат 22:00-ден таңғы 9:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23:00-ден таңғы 10:00-ге дейін тыныштықты бұзуы — жеке тұлғаларға – 5, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 20, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекет – жеке тұлғаларға – 10, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 40, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 60, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 150 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ішімдік ішу — 17 250 теңге айыппұл

Әкімшілік Кодекстің 440-бабына сәйкес, Жергiлiктi атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу – 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

Он сегіз жасқа толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келуі, сол сияқты олардың алкогольдік ішімдіктерді ішуі – ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер — 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

Фото: көрнекілікке алынды

 

Қатысты жаңалықтар

Есеюдің жасы бар ма?

Есеюдің жасы бар ма?

08.08.2026
Алқапты сумен түлеткен

Алқапты сумен түлеткен

08.08.2026
Құрылысшыға құрмет

Құрылысшыға құрмет

08.08.2026
Жергілікті әкімдіктер 2392 грант бөлді

Жергілікті әкімдіктер 2392 грант бөлді

08.08.2026
Үштөбеде «Таза Қазақстан» рейді өтті

Үштөбеде «Таза Қазақстан» рейді өтті

08.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.