Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Спорт күніне орай жетісулық спортшылар марапатталды

23 тамыз 2023
АЛТЫН ТҰҒЫР
Спорт күніне орай жетісулық спортшылар марапатталды
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының спортшылары жыл басынан Халықаралық және Республикалық жарыстарда барлығы 1380 медаль, яғни 495 алтын, 435  күміс, 450 қола медаль жеңіп алды.

Солардың қатарында жақында  күндері Иорданияның Амман қаласында жастар арасында грек-рим күресінен өткен Әлем чемпионатында алтын медаль таққан Исхар Құрбаев та бар. Чемпионды бүгін жерлестері Алматы әуежайынан қарсы алған болатын. Ал бүгін түстен кейін ол туған қаласы Талдықорғанға оралды.

Бүгін Талдықорғандағы Салтанат сарайында Спорт күніне орай өткізілген салтанатты жиында жетісулық жеңімпаз спортшылар мен олардың жаттықтырушылары марапатталды. Атап айтқанда, Мәдениет және спорт министрлігінің «Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгілері, сол сияқты аталған министрліктің, Жетісу облысы әкімінің, облыстық мәслихаттың Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары және басқа да ұйымдардың марапаттары берілді.

Спортшыларды кәсіби мерекелерімен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ұлан Рысқұл құттықтады. Оның айтуынша, биыл Әлем және Азия чемпионаттарында облыс спортшылары  үлкен жеңістерге жеткен. Олардың қатарында  велоспорттан Әлем чемпионы атанған Евгений Федоров, ауыр атлетикадан Азия чемпионының күміс жүлдегері Карина Горичева, қола медальға ие болған Андас Самарқанов, Азия чемпионатында жеңіл атлетикадан күміс жүлде алған Айана Болатбекқызы, грек-рим күресінен жеңімпаз Қален Диас, велоспорттан Азия Чемпионатының чемпиондары Игорь Чжан, Екатерина Удовыкина, Евгения Заам, күні кеше Йордания елінде өткен жастар арасындағы Әлем чемпионатында грек-рим күресінен облыс спортшысы Исхар Құрбаев және басқа да спортшылар бар. «Алда келер жылы Париж қаласында өтетін ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына лицензиялар ұтып алу міндеті тұр.  Облыс спортшылары әлемнің ең ірі спорт ареналарында еліміздің Туын желбіретіп, Гимнін шырқатады деп сенемін», — деді Ұ.Рысқұл.

 Өз кезегінде сала ардагерлері мен спортшылар да кәсіби мерекеге орай өз жылы лебіздерін білдірді.

Жалпы қазіргі уақытта облыста 819 дене шынықтыру және спорт ұжымы және 1715 бірлік спорттық құрылымдар бар. Оларда 262 568 адам спортпен шұғылданады. Бұл дене шынықтыру және спортпен айналысатын облыс халқының 37,6 пайызын қамтиды. Жыл басынан бері 15 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 85 спорт шебері, 586 спорт шеберіне кандидат және 202 бірінші разрядты спортшы дайындалды.

2023 жылы облыста дене шынықтыру және спортты дамытуға бюджеттен 20,5 млрд. теңге бөлінген.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

11 қараша 2026
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

11 қараша 2026
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

11 қараша 2026
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

11 қараша 2026
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

11 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.