Талдықорған: +11°C
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Ел көлемінде өскелең ұрпаққа қызмет ететін нысандарды көбірек салу керек»: Тоқаев халық тілегін тыңдады

9 тамыз 2023
КҮНДЕРЕК
"Ел көлемінде өскелең ұрпаққа қызмет ететін нысандарды көбірек салу керек": Тоқаев халық тілегін тыңдады
WhatsAppTelegramFacebook

Президент Екібастұз қаласындағы жылу электр орталығының жағдайымен танысқан соң жергілікті тұрғындармен әңгімелесті. Қала тұрғындары үйлерін жылумен қамтамасыз етудің мән-жайы туралы айтты.

Бұл туралы  7-su.kz желілік басылымы Ақорда баспасөз қызметі дерегіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

Мемлекет басшысы қиын-қыстау жағдайда шыдамдылық танытқаны және апат салдарын жою кезінде азаматтық белсенділік көрсеткені үшін екібастұздықтарға алғыс айтты.

– Екібастұзға ахуалды көру үшін арнайы келіп отырмын. Өткен қыс оңай болған жоқ. Бәрін көрдім, түсінемін. Дегенмен бәріміз бір ұлт, бір ел ретінде ауызбіршілік танытуымыз керек. Қала тұрғындары осы қиын жағдайда сабырлық танытып, шыдады. Азаматтық позициясын, көзқарасын білдірді. Сондықтан баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Үкіметке тиісті тапсырмалар берілді. Тиісті қаражат бөлінді. Сондықтан бәрі ойдағыдай болады деп ойлаймын, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы төтенше жағдай қайталанбауы үшін Үкімет тарапынан барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді.

Сонымен қатар тұрғындар мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау үшін алғыс айтып, Президенттен қаланы абаттандыру және әлеуметтік нысандар салу мәселесін көтерді. Атап айтқанда, Екібастұз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Самат Рамазанов «Шахтер» саябағына күрделі жөндеу жүргізу қажет екенін айтты. Ал көпбалалы ана Аяна Смағұлова қалада балалардың бос уақытын тиімді өткізіп, олардың жан-жақты дамуына арналған Шығармашылық үйін салып беруді сұрады.

Мемлекет басшысы тұрғындардың өтініштерін назарға алып, тиісті тапсырма беретінін жеткізді. 

– Дұрыс айтасыз. Назарға аламыз. Қысқа уақыт ішінде Шығармашылық сарайын саламыз. Жалпы, бізге ел көлемінде өскелең ұрпаққа қызмет ететін нысандарды көбірек салу керек. Спортпен айналысу керек екенін айтып жүрмін ғой. Балалаларды спортқа баулу керек. Бірақ ол үшін лайықты спорт алаңдары, стадиондар қажет. Тіпті, ондай спорт нысандар елорда да жетіспейді. Сондықтан әкімдер бұл мәселемен міндетті түрде айналысуы керек, –деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: Ақорда

 

Қатысты жаңалықтар

Заңсыз аңшылық жасағаны үшін қандай жауапкершілік қарастырылған?

Заңсыз аңшылық жасағаны үшін қандай жауапкершілік қарастырылған?

Бүгін, 10:30
«Сергек» бақылауы: Жетісу жолдарында 216 камера жұмысқа кірісті

«Сергек» бақылауы: Жетісу жолдарында 216 камера жұмысқа кірісті

Бүгін, 10:00
Жаңа Азаматтық кодекс әзірленбек

Жаңа Азаматтық кодекс әзірленбек

Бүгін, 09:30
Қазақстандық семсерлесушілер Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды

Қазақстандық семсерлесушілер Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды

Бүгін, 08:41
Еліміздің бірқатар аймағында үсік пен көктайғақ болады

Еліміздің бірқатар аймағында үсік пен көктайғақ болады

Бүгін, 07:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.