Талдықорған: +11°C
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҒАЛЫМ ҚАЗАҚША ЫМ-ИШАРАНЫ ТАНИТЫН ЖҮЙЕНІ ОЙЛАП ТАПТЫ

4 тамыз 2023
КҮНДЕРЕК
ҒАЛЫМ ҚАЗАҚША ЫМ-ИШАРАНЫ ТАНИТЫН ЖҮЙЕНІ ОЙЛАП ТАПТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Отандық ғалымдар сөйлеу және есту қабілеті бұзылған адамдарға арналған бірегей жүйені ойлап тапты. Жобаның арқасында қазақ тіліндегі ым алфавитін түзуге мүмкіндік туады.

Өнертапқыштар жүйені жетілдіру үшін «Ғылым қорынан» грант алуға мүдделі. Нұрзада Амангелді ым тілі жүйесін жасауға 5 жылын сарп етті. Оңай болған жоқ. Бірегей жобаның бүгінгі нұсқасына жету үшін әбден тер төкті.

Жасанды интеллектке негізделген ғылыми еңбектің артықшылығы – қазақша ымдау тіліне бейімделуінде.

— Бұл шынайы уақытта ым тілінде көрсетілген сөздерді мәтінге түрлендіріп береді. Әрі қарай сол мәтінді біз сөйлемге түрлендірумен айналысамыз. Есептің осы жағын шешкесін, біз екінші жағын шешумен айналыстық. Қазір 3Д аватар жасау барысындамыз. Оқытылған модельдерімізді 3Д аватарға енгізу арқылы біз табиғи тілдегі сөзді ым тіліне генерациялаймыз, — дейді Л.Гумилев атындағы ЕҰУ жасанды интеллект технологиясы кафедрасының аға оқытушысы  Нұрзада Амангелді.

Бұл жобаның теңдесі жоқ. Нұрзада Амангелді әлемдік рейтингі жоғары журналдарға 3 мақала жариялап, оның бірегейлігін дәлелдеді. Өнертапқыш ерекше қажеттілігі бар адамдардың мемлекеттік мекеме, білім беру және медицина нысандарында қысылмай қызмет алуына жол ашылатынын айтты. Ол үшін жобаны коммерциаландыру керек. Енді ғалым «Ғылым қорының» грантын алуға үмітті.

— Біз «Ғылым қорының» конкурсына 4 өнім ұсынып отырмыз. Алфавитті оқытатын тренажер, сөздерді оқытатын тренажер, мобильді қосымша, сонымен қатар ымды танитын және генерациялайтын жүйе. Біз әр тілде 3000 мың сөзден қосайық деп отырмыз, жалпы 9000 сөз. Сонымен қатар бізге 5 сурдопереводчик маман керек. Нейрондық жүйенің көрсеткішін жоғарылату үшін біз әртүрлі адамдармен 1 ымды 100 рет жасайық деп отырмыз. Сонда біздің 9000-90000 болады. Сондай бізде өте көлемді жұмыс тұр, — дейді ол.

Жүйе арқылы қазір тапшы саналатын сурдоаудармашыларды дайындауға болады. Мұның өзектілігін «Саңыраулар қоғамы» да мойындады.

— Үкімет тарапынан 60 сағат берілген құлағының мүкісі бар азаматтарға тегін сурдоаудармашылар қызмет көрсетеді. Ол 60 сағат жеткілікті емес. Үкімет органдарына ғана баруға, медицина саласында болсын біз қызмет көрсетеміз. Негізі қай жерде болмасын, оған көмек қажет етіледі, — Қазақстан Саңыраулар қоғамының вице-президенті Жангелді Бекбатыров.

Қазір елімізде сөйлеу және есту қабілеті бұзылған 32 мың адам бар. Өкінішке қарай, олардың толыққанды білім алып, еңбек етуіне мүмкіндік аз. Ал уақыт өткен сайын жетілдіріле түсетін тың нейрондық жүйе бұл олқылықтың орнын толтыруға себеп болады, — дейді мамандар.

Ақпарат: Хабар24.kz

 

Қатысты жаңалықтар

Заңсыз аңшылық жасағаны үшін қандай жауапкершілік қарастырылған?

Заңсыз аңшылық жасағаны үшін қандай жауапкершілік қарастырылған?

Бүгін, 10:30
«Сергек» бақылауы: Жетісу жолдарында 216 камера жұмысқа кірісті

«Сергек» бақылауы: Жетісу жолдарында 216 камера жұмысқа кірісті

Бүгін, 10:00
Жаңа Азаматтық кодекс әзірленбек

Жаңа Азаматтық кодекс әзірленбек

Бүгін, 09:30
Қазақстандық семсерлесушілер Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды

Қазақстандық семсерлесушілер Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды

Бүгін, 08:41
Еліміздің бірқатар аймағында үсік пен көктайғақ болады

Еліміздің бірқатар аймағында үсік пен көктайғақ болады

Бүгін, 07:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.