«Astana Qazaqstan Team» Испаниядағы бір күндік «Сиркуито де Гечо» (Гечо туры) веложарысында үлкен табысқа қол жеткізді. Қазақстан құрамасының лидері Алексей Луценко жеңімпаз болса, 3-болып команда мүшесі, Италияның чемпионы Симоне Веласко келді.
Алексей Луценко Бильбаодан Гетчоға дейінгі 193,3 шақырымды 4 сағат 19 минут 10 секундта бағындырды. Ал 2-орынды «Lidl-Trek» командасының мүшесі француз Тони Галлопин алды.
— Командамыз үшін ерекше күн болды. Сөреден мәреге дейін жоспарлы түрде қимылдадық, тактика бойынша әр қадамды жүзеге асырдық. Бұл жеке менің емес, команданың жеңісі. Барша команда мүшелерін және қазақстандықтарды құттықтаймын,- деді жеңімпаз Алексей Луценко.
Команданың басқа шабандоздары Евгений Федоров 20-шы, Нұрберген Нұрлыхасым – 55-ші болып келді. Ал Фабио Феллине, Леонардо Бассо және Хавьер Ромо мәреге жете алмады.
«Circuito Getcho»
Bilbao — Getxo. 193.3 шақырым
1. Алексей Луценко (Қазақстан, «Астана») — 4:19:10
2. Тони Галлопен (Франция, «Lidl-Trek») — +0:24
3. Симоне Веласко (Италия, «Астана») — +0:33
20. Евгений Федоров (Қазақстан, «Астана») — +8:04
55. Нұрберген Нұрлыхасым (Қазақстан, «Астана») — +15:42.





