Талдықорған: +3°C
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ардагерлер үйінде семинар өтті.

15 шілде 2023
КҮНДЕРЕК
Ардагерлер үйінде семинар өтті.
WhatsAppTelegramFacebook

Облыстық ардагерлер үйінде «Қоғамдық жұмысқа  қатысу белсенділігін арттырудағы зейнеткерлердің рөлі мен міндеттері» тақырыбында семинар өтті. Оған барлық аудан, қала ардагерлер ұйымының төрағалары, орынбасарлары, қоғамдық комиссияның және облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.

Аталмыш жиын облыстағы ардагерлер мен зейнеткерлердің белсенділігін арттыру, оларды мәдени-бұқаралық іс-шаралармен қамту және қоғамда болып жатқан аса маңызды саяси-әлеуметтік реформаларды жан-жақты талқылау мақсатында өрбіді. 

Жиын барысында алғашқы болып сөз алған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт:

– Күні кеше ғана қасиетті Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы: «Біз, аға буын өкілдері, еңбекқорлық, іскерлік сияқты құндылықтарды өзіміз үлгі көрсету арқылы дәріптеуіміз керек. Жастарымыз көп сөзге құмар, жағымпаз, жалқау, енжар, масыл болмауға тиіс. Оларды осындай теріс әдеттерден қашық болуға үйретуіміз керек», – деп ардагерлердің алдағы уақытта атқаратын, арқалайтын жауапкершілігін атап өтті.     

Әрине, біздің қоғам өзгерісті біреуден мадақ есту үшін емес, ең алдымен, өзі үшін жасауға тиіс. Мұны елдің ертеңі, ұрпақтың жарқын болашағы жолында қолға алуымыз керек. Бүгінде ардагерлер ұйымдарының ықпалы орасан, белсенділігі зор, бұқаралық қозғалыс екендігі дау туғызбайды, – дей келе қазыналы қарттарды белсенді болуға, қоғамның темірқазық тұтқасы ретінде жастарға өнеге таратуға шақырды. 

Жалпы алғанда, Жетісу облысы бойынша 80 мыңнан астам зейнеткер бар. Оның 60 пайызынан астамы қоғамдық жұмысқа тартылып отырған аудан, қала ардагерлер ұйымдарының мүшелері екен. Қазіргі кезде облыстық ұйым 8 аудандық,  2 қалалық және 400-дей бастауыш ұйымды өз қатарына біріктіріп отыр. Міне, тәлім мен тағылымның, өнеге мен өсиеттің ордасы саналған осынау мекеме бүгінде сан түрлі шараның ұйытқысына айналып, түрлі мәдени-рухани дүниенің бастауын құрады. Шара барысында аталмыш ұйымның жұмыс жоспары пысықталып, ардагерлерге жауапкершілік жүктелді.

Өз кезегінде сөз алған Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақшабай Керімбеков баяндама жасап, семинар жұмысын пысықтаса, бірқатар аудандық ардагерлер ұйымының төрағалары аталмыш тақырып аясындағы ой-тұжырымдарын ортаға салып, өңірлерде атқарылып жатқан істі баяндады. 

АРДА БИ
 

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары

30 қазан 2026
Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

30 қазан 2026
Кітапхана – рухани орта

Білім кілті – кітапта

29 қазан 2026
СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

29 қазан 2026
Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

29 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.