Жаркент қаласының маңында қараусыз қалған жанар-жағармай құю станциясында қару-жарақ сақталған орын табылды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.
Жетісу облысы ПД Баспасөз қызметінің мәліметітше полицейлер ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесе отырып, Панфилов ауданы Жаркент қаласының маңындағы қараусыз қалған жанар-жағармай құю станциясында қос ауызды шолақ мылтық, сондай-ақ 9 патронмен бірге «STREAMER 1014» травматикалық тапаншасы сақталған жасырын орынды тапты.





