Талдықорған: +42°C
$ 469.83
€ 536.83
₽ 5.97
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Мемлекеттік қызметшілер марапатталды

23.06.2023
КҮНДЕРЕК
Мемлекеттік қызметшілер марапатталды
WhatsAppTelegramFacebook

Облыстық әкімдікте 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күніне орай салтанатты жиын өтіп, өз ісіне адалдық танытқан мамандар марапатталды.

Салтанатты жиынды ашып, жүргізіп отырған Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жетісу облыстық департаментінің басшысы Қобылан Манап әріптестерін мерекемен құттықтап, құрылғанына жыл толған Жетісу облысындағы мемлекеттік қызметшілердің жетістіктерін таныстырып өтті. Оның айтуынша, республикалық «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» конкурсы облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Сәкен Түкібаев жеңімпаз атанса, Панфилов ауданы, Үлкенағаш ауылдық округінің әкімі Ермек Нұрахметов республикалық «Үздік ауыл әкімі» конкурсы «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясын жеңіп алған. Астана қаласында өтіп жатқан салтанатты шараға қатысып жатқан азаматтарды Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы өзі марапаттайды.

Одан соң іріктеудің бірнеше сатысынан сүрінбей өтіп, мемлекеттік қызметке алғаш рет тағайындалған жас мамандар ант беріп, өздеріне жүктелген міндетке адалдық танытатындарын жеткізді. Атап айтқанда, облыстық ауылшаруашылық басқармасының бас мамандары Береке Есболғанов пен Сабина Жабаева көпшіліктің алдында ант сөзін толғаныспен оқып беріп, мемлекет қойған талаптарды бұлжытпай орындауға уәде берді.

Салтанатты шарада сөз алып, көпшілікті мерекелерімен құттықтаған облыс әкімі Бейбіт Исабаев мемлекеттік қызметшілерге артылар жауапкершілік жүгін салмақтады.

– Мемлекеттік  қызметші болуды таңдаған әр адам бұл қызметтің жүгін де, жауапкершілігін де көтере білуі тиіс. Осы орайда жылдан жылға мемлекеттік қызметшілерге артылатын міндет ауқымы кеңейіп, қойылатын талап та күшейіп келеді. Яғни халыққа қызмет ету оңай шаруа емес, – деп Президенттің ауқымды бастамалары елімізді түбегейлі өзгерістерге жетелегеніне тоқталды. – Ашық бәсекелестік пен тең мүмкіндіктері бар Жаңа, Әділетті Қазақстан құру жолында конституциялық реформа жүзеге асырылды, президенттік сайлау өткізілді. Былтыр орын алған үлкен өзгерістердің қатарында Жетісу облысы құрылды. Биыл, міне, облысымызға бір жыл толып отыр.

Жеті жүз мың тұрғыны бар жаңа облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы, халқының тұрмыс деңгейінің артуы – әр салада еңбектеніп жүрген кадрлардың біліктілігі мен кәсібилігіне тікелей байланысты. Соның ішінде мемлекеттік қызметшілердің де үлесі зор. Бүгінгі күні облыста 3500 мемлекеттік қызметші еңбек етеді. Ондағы әйелдердің үлесі 51%-ды құрап отыр. Жастардың үлес салмағы 34,6%. Қазір облыстағы мемлекеттік қызметшілердің орта есеппен 12 жыл шегінде жұмыс өтілі бар. Сол сияқты ғылыми дәрежесі мен атағы бар 6, шетелдік білімі бар  11 қызметкер, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 5 түлегі, сондай-ақ, Президенттік жастар кадр резервінің бір мүшесі еңбек етеді.

Біз үшін ең маңыздысы–сапалық құрам жасақтау, кадрлар тұрақтылығына қол жеткізу, әділ, ашық жұмыс істеуді тұрақты үрдіске айналдыру. Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың екінші жиынында «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» ұғымдарының мән-мазмұнын терең талдап берді.

Осылай деген Бейбіт Өксікбайұлы еліміздің өркендеуі жолында еңбек еткен мемлекеттік қызметшілердің бойында болуы тиіс отаншылдық, мемлекетшілдік қасиеттерге тоқталып, Қазақстан Республикасының қарқынды дамуына үлес қосу баршаның бұлжымас міндеті екендігін атап өтті.

Бұдан кейін мемлекеттік қызметте 15 жылдан артық еңбек еткен Алакөл ауданы, Қамысқала ауылдық округінің әкімі Асқар Бутунчинов, облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы  сауданы дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Ыдырысова, облыс әкімі аппаратының сыртқы байланыстар және протоколдық іс-шаралар бөлімінің бас инспекторы Эльмира Жырғалбаева «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ермек Мизамбаев ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы жобалық басқару бөлімінің басшысы Гүлжан Мұханбетова, облыстық спорт және денешынықтыру басқармасы ұлттық және бұқаралық спорт, спорттық инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бас маманы Маржан Мұханова, Сарқан аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Дамир Каипов, Панфилов ауданы, Қоңырөлең ауылдық округі әкімінің орынбасары Ғалия Дәуренбекова, Ескелді аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Асхат Оразалинов, Көксу ауданы, Алғабас ауылдық округінің бас маманы Күлсин Нұрғалиева облыс әкімінің Құрмет грамотасын еншіледі.

Салтанатты шара соңында облыс әкімі марапат алғандармен естелік суретке түсті.

Мәди Алжанбай
Суретті түсірген Руслан Қадіров

Қатысты жаңалықтар

Талап таразыланды

Талап таразыланды

18.07.2026
Су желісі жаңаруда

Су желісі жаңаруда

18.07.2026
Аптапта сая болған су мерекесі

Аптапта сая болған су мерекесі

17.07.2026
Ауызсумен толық қамтылады

Ауызсумен толық қамтылады

17.07.2026
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

17.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.