Талдықорған: +31°C
$ 469.83
€ 536.83
₽ 5.97
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Jetisý» газетінің журналисті Журналистер одағы байқауының лауреаты атанды

21.06.2023
КҮНДЕРЕК
«Jetisý» газетінің журналисті Журналистер одағы байқауының лауреаты атанды
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Журналистер одағы байқауының лауреаттары белгілі болды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы ҚазТАГ дерегіне сүйеніп. 

Биыл құрметті журналистер атағына ие болғандарды Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. 
 

«Құрметті әріптестер! Сіздерді келе жатқан төл мерекеміз – БАҚ қызметкерлері күнімен құттықтаймын!
Қазақстан Журналистер одағы кәсіби мерекемізге арналған дәстүрлі байқаудың қорытындысын шығарды және мен отандық журналистика көгінде талантты, шығармашыл, кәсіби деңгейі жоғары журналист-патриоттардың жаңа есімдері жанғанына өте қуаныштымын және мақтанамын, – деді Қазақстан Журналистер одағының төрағасы.

Сонымен қатар, ол журналистердің нағыз қоғам санитарлары екенін атап өтті. 

«Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері – өмірдің түрлі салаларының жағымсыз жақтарын анықтай алатын қоғам санитарлары. Журналистердің құқықтары мен бостандықтары неғұрлым көп болса, қоғам соғұрлым таза және әділетті болады. Біздің елде іс жүзінде оппозиция жоқ, сондықтан оның функцияларын БАҚ атқаруы керек. Барлық деңгейдегі шенеуніктердің шындықты жасыруы адамдардың ашу-ызасын тудыратыны сөзсіз. Сондықтан да ерте ме, кеш пе жанартау оянады. Қазақстандықтар қоғам өміріндегі барлық шындықты БАҚ бетінен, телеэкраннан білгені абзал.
Биылғы байқауда түрлі деңгейдегі оқиғаларды қамтудың күрделі міндеттерін қоюға және шешуге, сыни жағдайлардан шығу жолдарын талдауға және іздеуге қабілетті жаңа есімдер, жобалар мен шығармашылық ұжымдар анықталды.
Құрметті әріптестер мен достар! Бай және гүлденген мемлекетте өмір сүру және жұмыс істеу үшін жаңа Қазақстанды осы жерде және дәл қазір орнатайық! Баршаңызға білімге құштарлық, жаңа табыс, биік нәтиже мен жарқын армандар тілеймін!», – деді Сейтқазы Матаев.

Аталған байқауда Жетісу облыстық «Jetisý» газетінің журналисті Қажет Андас топ жарды. Әріптесіміз өз бағын өңір тарихын түгендеген журналистік зерттеулерімен сынап көргенін айтады. 

«Өздеріңізге белгілі бұрынғы Алматы облысы екіге бөлініп, Жетісу облысы өз алдына бөлек шаңырақ болғалы өңір экономикасы үшін туризм саласының маңыздылығы артқаны анық. Оның үстіне киелі Жетісу жерінде көз тоймас көрікті жерлер мен бағасы бөлек тарихи орындар молынан кездеседі. Мен қаламыма осы өлкенің жауһар да қасиетті жерлерін арқау еттім. Биыл 105 жасқа толып отырған ата басылым «Jetisý» газетінде ол еңбектерім жарияланып тұрды. Байқау жарияланған тұста өз топтама еңбегімді жіберейін деп шештім. Себебі, маған жүлдеден бұрын осы еңбектерімнің сарапшылардың назарына іліккені де үлкен жеңіс болар еді. Әрине, жазған дүниелерімнің бағаланып жатқанына қатты қуанып отырмын. Осы додада топ жарған әріптестерімді де құттықтаймын»,  – дейді байқау лауреаты Қажет Андас. 

 

Байқауда топ жарған Қазақстан Журналистер одағының 2023 жылғы лауреаттары төмендегідей: 
1. «Айран» (You Tube) арнасының шығармашылық ұжымы: Николаев Вячеслав, Исметова Данара, Яломенко Анна, Смағұлова Алтыншаш, Криштоп Ирина, Меркеев Дәурен;
2. «The Village Kazakhstan» шығармашылық тобы: Пардашева Әлима, Ақанаева Александра, Москаленко Анастасия;
3. Шамсутдинов Никита, «Masa Media» бас редакторы;
4. Троценко Петр, «Азаттық» радиосының арнайы тілшісі, фоторепортер;
5. Байшүленов Әлібек, «Кызылординские вести» газетінің тілшісі;
6. Андас Қажет, «Жетісу» газетінің тілшісі, Талдықорған қаласы;
7. Үсенұлы Есбол, «Abai.kz» порталының контент-редакторы. Алматы қаласы;
8. Рахметова Райхан, «Астана ақшамы» газетінің тілшісі;
9. Тілеужанқызы Әлия, «Түркістан» газетінің шолушысы;
10. Өсербаева Арайлым, «Мой город» порталындағы журналистік зерттеу мақалалары үшін, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы.
-Ақмола облысының Есіл қаласындағы С.Серіков атындағы мектептің 11-сынып оқушысы Волынкина Анжела «Жас қалам» аталымы бойынша ынталандыру сыйлығына ие болды.
— Камал Смайылов атындағы сыйлық мемлекеттік сатып алулар туралы журналистік зерттеу мақалалары үшін PROTENGE медиа жобасының редакторы Маричева Жәмилаға берілді.
— «Дат» газетінің Бақытгүл Мәкімбай атындағы жүлдесі «Әкімдер» топтамасы үшін «Обожаю» (You Tube) арнасының авторы Ниязов Асхатқа берілді.
— Фототілші Рахымбай Ханалы атындағы сыйлық El.kz агенттігінің фототілшісі Дәурен Мақсұтханұлына берілді.
Қазақстан Журналистика академиясының Олжас Сүлейменов атындағы халықаралық сыйлығына «Казахстанская правда» газетінің публицисі Елена Брусиловская лайықты деп танылды. Халықаралық журналистика саласындағы Юлдаш Азаматов атындағы сыйлықты «Мысль» журналынан Сәуле Ахметова иеленді.

Қазақтілді материалдардың қазылар алқасы

1. Абдуллаева Айжан, Қызылорда «Сыр медиа» ЖШС бас директорының орынбасары;
2. Дияров Нұрмұханбет, Қазақстан Журналистер одағы Ақтөбе филиалының жауапты хатшысы;
3. Кәлімхан Айдын, ақын, жазушы, журналист, халықаралық «Алтын қалам» әдеби сыйлығының лауреаты, «Талдықорған» газетінің аға тілшісі;
4. Қазығұл Шархан, жазушы-публицист, «Меценат.кз» тәуелсіз әдеби сыйлығының тұңғыш лауреаты;
5. Смағұл Бақыт, ҚЖО Ақмола облыстық филиалының төрағасы, «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Ақпарат саласының үздігі, ҚЖО сыйлығының лауреаты.
 

Шара аясында «Қазақстанның құрметті журналисі» 2023 белгісінің иегерлерінің тізімі де анықталды. 

1. Казагулов ШарханНагметович (Астана);

2. Козлов Сергей (Алматы);

3. Жумажан Бейбитгуль Токановна (Алматы);

4. Паличев Михаил Васильевич (Атырау облысы);

5. Бисұлтан Болатбек Бисултанович (Жетісу облысы);

6. Биржансалов Канат Биржансалович (Алматы облысы);

7. Жумабек Амангелды Дауылбаевич (Ақмола облысы);

8. Ниянкулов Сагындык Егинбаевич (Ақтөбе облысы);

9. Кудайбергенов Кабдылкаир Кабдылашимович (Шығыс-Қазақстан облысы)

10. Куралбай Серикбай Қуралбаевич (Жамбыл облысы);

11. Смагулов Рымбек (Қарағанды облысы);

12. Аксакалов ЖолдасбекАленович (Қызылорда облысы);

13. Аймаганбет АйтбайАсанович (Маңғыстау облысы);

14. Смагулов Ержаслан (Павлодар облысы);

15. Шагвалеева ХалидаХалитовна (Солтүстік Қазақстан облысы);

16. Алин МуратказыСейсенович (Абай облысы);

17. Кенжегулов НурланКулбекович (Түркістан облысы);

18. Жантурина СагынгульТогызбаевна (Ұлытау облысы);

19. Ералы Сенбек Куттыбаевич (Шымкент).

 

Қатысты жаңалықтар

Аптапта сая болған су мерекесі

Аптапта сая болған су мерекесі

17.07.2026
Ауызсумен толық қамтылады

Ауызсумен толық қамтылады

17.07.2026
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

17.07.2026
Доллар 500 теңгеге жете ме? Сарапшылар 2026 жылға жаңа болжам жасады

Доллар 500 теңгеге жете ме? Сарапшылар 2026 жылға жаңа болжам жасады

17.07.2026
Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі іске қосылады

Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі іске қосылады

17.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.