Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТАРИХЫМЫЗ ОРТАҚ, ТАМЫРЫМЫЗ БІР

18 маусым 2023
КҮЛТӨБЕ
ТАРИХЫМЫЗ ОРТАҚ, ТАМЫРЫМЫЗ БІР
WhatsAppTelegramFacebook

Уақыт деген қандай ұшқыр! «Сексеніңде үй берем деп қаладан, әкім құсап сен де алдадың, «Жетісу!» – деп  80 жылдығында «Жетісуға» наз айтып, өлең арнағанымыз күні кеше ғана сияқты еді. Бүгін, міне, сол төл газетіміздің тұңғыш нөмірінің жарық көргеніне 105 жыл толуын атап өтіп жатырмыз.

Ойлап отырсам, ес біліп, қолға қалам ұстағалы бері «Жетісумен» арадағы шығармашылық байланыс үздіксіз жалғасып келеді екен. Алғашқы, студенттік шақтағы балаң жазбаларымыз осы газетте жарияланды.

Аудандық газеттегі қарбалас күндеріміздің аяулы бір сәті де осы басылымда тасқа басылып, тарих сөресіне қойылыпты. «Орда бұзамыз!» деп желпініп, айғай-аттанға басып жүрген жалаңтөс кезімізде сол тұстағы бас редактор Жақыпжан Нұрғожаевтың бірінші орынбасары ретінде қым-қуыт газет тірлігіне белсене араласып, бел суытпай еңбек етіппіз…

Облыстар бірігіп, газет Талдықорғанға көшкенде арамыз ажырағандай болған. Уақытша, алдамшы сезім екен. Газеттің 100 жылдық тойына Астана төрінен ат арытып келіп, қуанышына ортақтастық. Өзіміз 60-қа толғанда ақжарма тілегін арнап, төл газетім жарты беттік сұхбатымды жариялады…

Енді, міне, «Жетісудың» шекпенінен шыққан, отау басылым – «Алатау арайының » бас тізгінін ұстау пешенемізге бұйырыпты. Ұлтымыздың ұлы тұлғасы Қонаевтың есімін иеленген Алматы облысының орталығында жаңа аймақтың жан-дүниесіндегі жаңалықтар мен қуаныштарды жарияға шығаруға жаппай атсалысып жатқан жәй бар.

Сөз басында айтқан «Жетісу» туралы өлеңімде басылымға «Алматыға ораласың әлі…» деген сыңайдағы тілек бар болатын. Иә, «Жетісу» Алматыға емес, Алматы облысына «Алатау арайы» деген атпен қайта оралды! Осындай шұғылалы есіммен Қапшағай көлінің жағасындағы Қонаев қаласына ордалы отауын тікті.

Жаңадан ашылған газет десек те «Алатау арайының» «Жетісумен» тарихы ортақ, тамыры бір. Ендеше «Жетісудың» тойы біздің де тойымыз!

Мерейтой құтты болсын!

Кәдірбек Құныпияұлы,
Алматы облыстық «Алатау арайы» газетінің бас редакторы,
«Құрмет» орденінің иегері

Қатысты жаңалықтар

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

26 қараша 2026
Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

26 қараша 2026
Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

26 қараша 2026
Тастаяқтан топ жарды

Тастаяқтан топ жарды

26 қараша 2026
Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

26 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.