Талдықорған: +26°C
$ 469.83
€ 536.83
₽ 5.97
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жыл ішінде 4 рет бюджетке нақтылау жасалып, 13 рет түзету енгізілді

17.06.2023
КҮНДЕРЕК
Жыл ішінде 4 рет бюджетке нақтылау жасалып, 13 рет түзету енгізілді
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облыстық мәслихатының кезекті IV сессиясы өтіп, облыстың 2022 жылға арналған бюджетінің орындалу нәтижесі талқыланды. Сондай-ақ, облыстың әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындауға және облыста ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларына дауыс берген мәслихат депутаттары өздерін толғандырған сауалдардың шешімін қарастырды.

Облыс әкімі Бейбіт Исабаев, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан алқалы жиында облыстық қаржы басқармасының басшысы Жанар Керімбекова баяндама жасап, былтырғы көрсеткіштерді таныстырды. Оның айтуынша, былтыр облыс бюджетінің бекітілген кіріс және шығыс жоспары 352,5 миллиард теңге болды. Жыл ішінде 4 рет бюджетке нақтылау жасалып, 13 рет түзету енгізілді. Соның әсерімен бюджет көлемі 357,4 миллиард теңгені құрады. Соған сәйкес республикалық бюджеттен жоспарланған 180,4 миллиард теңге субвенция мен 115,1 миллиард теңге нысаналы трансферттер толығымен түсті. Сондай-ақ, 24,6 миллиард теңгеге жоспарланған меншікті кірістің нақты түскені 15,2 миллиард теңге болды. Облыстарды бөлу кезінде Алматы облысынан кассалық түсімдерді көшіру арқылы 12,0 миллиард теңге бос қалдыққа түсіп, меншікті кірістер 27,2 миллиард теңгеге жетті.

Облыс бойынша бюджеттің орындалуы 98,3%-ды құрап, 13,2 миллиард теңге игерілмеген. Оның 7,4 миллиард теңгесі аудан, қала бюджеттері бойынша, 5,8 миллиард теңгесі меншікті облыстық бюджетке тиесілі. Игерілмеген 5,8 миллиард теңге түрлі себеппен қалыптасқан. Атап айтқанда, құрылыс басқармасы бойынша 2437,0 миллион теңге Сарқан ауданы, Бірлік ауылы мен Талдықорған қаласындағы 2 мектеп құрылысының жобасына түзету енгізуден, Көксу ауданындағы Қазақстанның 10 жылдығы, Бесқайнар, Ақсу ауданындағы, Саркүрес, Сарқан ауданы, Теректі ауылдарындағы орта мектептер мен Үштөбе қаласындағы К. Тоқаев мектебіне жүргізілген құрылыс жұмыстарының актілері болмағандықтан, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылында емхана мен стадион, Алакөл ауданы, Бескөл ауылында спорт кешенін, Ақсу ауданы, Алтынарық ауылында медпункт, Сарқан қаласында орталық стадион, Алакөл ауданы, Лепсі ауылында денешынықтыру-сауықтыру кешенін салудың актілері болмағандықтан берілмеген.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 1575,6 миллион теңге Ескелді ауданындағы, Көкжазық, Теректі, Қаратал, Матай Байысов ауылдарына, Текелі қаласына, Қаратал ауданындағы, Ортатөбе, Тастөбе ауылдарына, Көксу ауданындағы, Мұсабек, Амангелді, Екпінді ауылдарына газ жеткізу жұмыстарының кемшілігінен жинақталған.

Мұндай қалдықтар жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, білім, ауылшаруашылық, қоғамдық даму, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт басқармалары мен облыстық полиция департаментіне де тиесілі.

Осылайша игерілмеген қаржының есебін берген қаржы басқармасының басшысы Жанар Нұрқыдырқызының баяндамасынан соң облыстық мәслихаттың депутаттары Ермек Егінбаев, Бениямин Файзуллин, Ризван Сакиева, Секенбай Шеңгелбаев, Елдос Баялышбаев өздерін толғандырған сауалдарды жолдап, өңірдің өркендеуіне қажетті ұсыныстарын ортаға салды.

Одан соң тақырыпқа қатысты облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Ардақ Тоқбергенов баяндама жасап, өңірдегі жұмыстардың нәтижесін таныстырды. Оның айтуынша, Алматы облысының құрамынан бөлінгеннен кейін үлкен салық төлеушілер ретінде тіркелген кәсіпорындар мен Алматы қаласы маңында тығыз орналасқан аудандар бөлініп қалғандықтан Жетісу облысының меншікті кірістері немесе салықтық түсімдер 9,7 есеге, салықтық емес түсімдер 3,1 есеге азайған. Сонымен қатар, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджет қаражатын толық және тиімді игермеуінің бірден бір себебі қаржылық жыл ішінде игеруге мүмкіндік жоқ сомаларды басқа мақсаттарға бағыттамай игерілуін жылдың аяғына қалдыруы басты себеп болған. Биыл 1 қаңтарда облыстық бюджеттің дебиторлық қарызы 1 937 212,3 мың теңгеге немесе 10 есе ұлғайып, 24 бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша 2 139 565,7 мың теңгені құраған. Оның ішінде өткен жылдардан жалғасып келе жатқан дебиторлық қарыз 202 353,4 мың теңге.

Аудит саласындағы есепті таныстырған тексеру комиссиясының төрағасы облыстық басқармалар мен департамент басшыларына мемлекет қаржысын тиімді пайдалануды тапсырды. Осыған орай мәслихат отырысында қаралған бірінші мәселе – «Жетісу облысының 2022 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы» есепті бекітуге дауыс берген депутаттар күн тәртібіндегі екінші мәселе – облыстың әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындауға бірауыздан қолдау танытты.

Сессия отырысында қаралған үшінші мәселе – облыста ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын белгілеу бойынша есеп берген облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев қағидалар «Экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, депутаттық этика мәселелері» бойынша тұрақты комиссияның отырысында қаралып, мақұлданғанын алға тартып, халық қалаулыларынан қолдау сұрады. Көтерілген мәселеге депутаттар түгел дауыс беріп, бірауыздан қолдау танытты.

Облыстық мәслихаттың кезекті IV сессиясын қорытындылаған облыс әкімі Бейбіт Исабаев:

– Бүгін сіздерге 2022 жылға арналған облыс бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту ұсынылды. Рахмет, бюджетті бекіттіңіздер! Кеше облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларында бірқатар мәселелер жөнінде әңгіме болды, біраз сұрақ туындады. Бүгін де сұрақтар қойып жатырсыздар. Меніңше, бұл өте дұрыс, – деп ел мен жердің өркендеуіне қажетті салаларды қаржыландыру мәселесі назардан түспеуі керектігін атап өтті. – Біз бұдан кейін де бюджет мәселесінде сіздермен ашық жұмыс істеуге міндеттіміз. Кез-келген сұрақтарыңыз, күмәнді нәрселер болса тұрақты комиссия отырысында немесе мәслихат сессиясында ашық айтып, жария талқылап отыруымыз керек. Негізгі мақсатымыз – бюджеттің ақшасын тиімді игеру. Сол себепті, облыс бюджетінің тиімді әрі дұрыс жұмсалуын әрбір депутат мұқият қадағалауы қажет. Сол арқылы аудандық, қалалық мәслихаттардың депутаттары өз белсенділігін көрсетуі керек. Өйткені, бюджеттің әрбір тиыны мақсатты әрі тиімді жұмсалуы тиіс.

Алда  істегенімізден істейтін ісіміз көп. Мысалы, былтыр өнеркәсіпте 1,3%-ға, ауылшаруашылығында 2,4%-ға, құрылыс 4,3%-ға, тұрғын үй 8,8%-ға, инвестиция 16%-ға, сауда 30%-ға өсті. Нәтижесінде халықтың орташа табысы 14,8%-ға өссе, орташа жалақы 15,4%-ға көтерілді. Облыстық бюджеттің атқарылуы «Нұрлы жол», «Еңбек», «Ауыл бесігі», «Нұрлы жер», «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» мемлекеттік бағдарламалары арқылы жүзеге асырылды. Бұдан басқа қаражат азаматтық қызметшілердің жалақысын арттыруға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті көрсетуге және жергілікті бюджеттердің қамтамасыз етілу деңгейін теңестірілуге бағытталды.

Есепті жылы аталып көрсетілген кемшіліктерге жол берген бюджеттік бағдарлама әкімшілері алдағы уақытта жоспарланған бюджет қаражатын тиімді жұмсау және бюджеттік бағдарламалар көрсеткішіне қол жеткізу бойынша сіздермен нақты жұмыс істейтін болады.

Сессия отырысын қорытындылаған облыс әкімі халық қалаулыларын бірлесе жұмыс істеуге, қоғамда әділдік, адалдық, шынайылық, жанашырлық ұғымдарын қалыптастыруға шақырды. Жиынды облыстық мәслихаттың төрағасы Гүлнар Тойлыбаева түйіндеп, көпшілікке ризашылық танытты.

Мәди Алжанбай
Суретті түсірген Жеңіс Ысқабай

Қатысты жаңалықтар

Аптапта сая болған су мерекесі

Аптапта сая болған су мерекесі

17.07.2026
Ауызсумен толық қамтылады

Ауызсумен толық қамтылады

17.07.2026
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

17.07.2026
Доллар 500 теңгеге жете ме? Сарапшылар 2026 жылға жаңа болжам жасады

Доллар 500 теңгеге жете ме? Сарапшылар 2026 жылға жаңа болжам жасады

17.07.2026
Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі іске қосылады

Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі іске қосылады

17.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.