Атыс қаруы сақталған тықпа орын 14 маусымда «Жаркент-Көктал» тас жолындағы қараусыз қалған ғимараттардың бірінен табылды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.
Итальяндық «Benelli Armi» сыңар ауыз мылтық 2022 жылғы қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер кезінде Алматы қаласының аңшылық дүкендерінің бірінде ұрланған.
Аталған факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлімінде (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жыл басынан бері Жетісу облысы аумағында бұрын ұрланған 14 қару, 1200 оқ-дәрі және 4 граната табылған.





