Синоптиктер 2023 жылдың 3-5 маусымында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.
Ауа райына қатысты ресми дерек ұсынушы «Қазгидромет» РМК хабарлауынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты ыстық сақталады.
Мәселен, күндіз еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде +36+41°С-қа дейін күн ысыса, шығыста +33+39°С-қа дейін көтерілмек.
Ал орталықта +33+41°С-қа дейін жетсе, оңтүстікте ауа темпратурасы +37+44°С-қа дейін жоғарыламақ.
Елдің оңтүстік-шығысы да ыстық күндерді өткермек. Дәлірек, +30+39°С-қа дейін болжанған.
«Тек елдің батыс облыстарында және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында циклон мен атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады», — делінген хабарламада.
Фото: көрнекілікке алынды





