Талдықорған: +10°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қытайдан велосипедпен шыққан қандастарымыз Алматыға жетті

30 мамыр 2023
КҮНДЕРЕК
Қытайдан велосипедпен шыққан қандастарымыз Алматыға жетті
WhatsAppTelegramFacebook

Қытайдан велосипедпен шыққан қандастарымыз Алматыға жетті, — деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қос дөңгелекті көлікті тізгіндеген Думан мен Оразай Қытайдың Санжы облысы Шонжы ауданынан 30 сәуірде жолға аттанған.

24 мамырда олар Алматыға келген. Бірнеше күн тынығып алған саяхатшылар енді Астанаға жол жүреді.  Екі елдің байрағын желбіреткен велосаяхатшы Думан Мәдетханұлы мен Оразай Алтынбекұлы 1670 шақырымды артта қалдырып, 26 күнде Алматыға жеткен. Атақоныс қазақ еліне саяхаттау идеясы үш жыл бұрын туған. Бірақ оны жүзеге асырудың реті енді келген. Думан Мәдетханұлының айтуынша, қазақтың дарқандығын көзімен көріп, риза болған. 

«Қазақстанның өзінің жергілікті тұрғындарын тоқтатып жол сұраған жағдай болды. Ол кісілер бізді тоқтатып, су беріп, біраз ақыл-кеңес беріп деген сияқты. Сондай бауырмал, қазаққа тән ақкөңілдігі, қонақжайлығы осы Қазақстанның елінде мәңгі бар екен. Осынау нәрсені көрген кезде жүрегім тебіренді», — дейді саяхатшы Думан Мәдетханұлы. 

Велосаяхатшылардың ендігі бағыты — Астана. Алматының әсем жерлерін аралап, бірнеше күн тыныққан жігіттер ертең елордаға жол тартады.  Думан мен Оразай жүрген жолдарын, алған әсерлері мен қиындықтарын телефонға таспалап, әлеуметтік желіде де жариялап отырады. Велосапардың бір мақсаты — екі ел арасындағы мәдени, сауда-экономикалық байланысты дәріптеу.

«Мәдениеті орасан зор дамыған, басқа адамдарды сыйлауы, құрметтеуі, көмектесуі дамыған. Табиғаты өте көркем, сулары мол, табиғаты адам көзі тоймайтындай өте көңілді, сондай рақаттана алады екенсің», – дейді саяхатшы Оразай Алтынбекұлы.

Жігіттер 1200 шақырымнан аса жолды еңсеріп, Астанаға жеткен соң шаһарды аралап, әбден мауқын баспақшы. Одан соң ас-суын дайындап туған жерге дейін кері қайтады. Осылайша, үш айға жуық уақытта велосаяхатшылар 6 мың шақырымды бағындырмақ. 

Фото: Видеодан алынған кадр

 

Қатысты жаңалықтар

Республика күніне арналған акциялар бүгін аяқталады: 50%-ға дейін жеңілдік бар

Республика күніне арналған акциялар бүгін аяқталады: 50%-ға дейін жеңілдік бар

Бүгін, 15:24
Бірлік пен ізгіліктің жалғасы

Бірлік пен ізгіліктің жалғасы

Бүгін, 15:00
Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

Бүгін, 14:00
Бейсен Құранбекті еске алуға арналған турнир өтті

Бейсен Құранбекті еске алуға арналған турнир өтті

Бүгін, 13:32
Жетісуда соя мен жүгері жинау қарқын алды

Жетісуда соя мен жүгері жинау қарқын алды

Бүгін, 13:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.