Талдықорған: +11°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Барлығы жазалансын»: Студент қыз ағылшын тілінен үш алғаны үшін көз жұмды

26 мамыр 2023
КҮНДЕРЕК
"Барлығы жазалансын": Студент қыз ағылшын тілінен үш алғаны үшін көз жұмды
WhatsAppTelegramFacebook

Көкшетау қаласында колледж студенті ағылшын тілі пәнінен «үш» деген баға алған соң өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы  Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл баға дипломға қойылады екен, алайда бойжеткен бағаны әділетсіз әрі өзін дұрыс бағаламағанын айтып, анасына хат жазып қалдырыпты.

18 жастағы Аяулым Сансызбайдың анасы қызы диплом алған соң бастауыш сыныптарға ағылшын тілінен сабақ бергісі келгенін айтады.

Қыздың асылып қалғанын сіңілісі көріпті. 14 жастағы қыз жіпті кесіп, әпкесін жерге түсіргенімен, бәрі кеш болған. Аяулым анасына жазған хатында кешірім сұрап, сабақты жақсы оқуға тырысқанын айтыпты. Алайда бағаны әділетсіз қойды деген. Енді жақындары қыздарын өзіне қол жұмсауға дейін жеткізді деп отыр. 

«Қызымды осындай жағдайға жеткізгені үшін жауап берсін. Сұмдық қой. Не үшін өлді? Қызымды соншалықты жек көрген бе? Барлығын жазаласын, мұны осы күйінде қалдырмаймыз», – деді анасы Айгүл Ахметжанова. 

Ал колледж қызметкерлері студентпен арада жанжал болмағанын мәлімдеді. Тіпті үштік бағаны өзгертуге мүмкіндік берген екен. Аяулым келіскенімен, бұл мүмкіндікті қолданбады деп отыр. 

«Қайта тапсыруға мүмкіндігі болды, 23 мамырда келсін дегенмін. Үстелге жақындағанда тапсырманы берейін деп жатқанмын, ол «Бұл дәл кешегі тест пе?» деп сұрады. Мен «Жоқ, басқа нұсқа» деп ескерттім. Сол кезде тестті қайта тапсырмайтынын айтты», – дейді педагог Динара Жүсіпова. 

Мұғалімнің айтуынша, анасы Аяулымның үшінші рет тест тапсыруын сұрапты. Келесі күні студент келуі керек болған, алайда оның өзіне қол салғанын естіпті. 

«Қылмыстық кодекстің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Жазып қалдырған хатқа қарағанда қыз суицид жасаған. Қазір тергеу жалғасып жатыр», – деді Ақмола облыстық полиция департаментінің өкілі Әсем Әбдірахманова. 

Қатысты жаңалықтар

Сарыөзектегі апатты үйлер мәселесі жыл соңына дейін толық шешіледі

Сарыөзектегі апатты үйлер мәселесі жыл соңына дейін толық шешіледі

Бүгін, 11:30
7,5 мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі сатылымға шықты

7,5 мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі сатылымға шықты

Бүгін, 11:00
Жаңа Конституция: Қазақстанның саяси жүйесінде қандай өзгерістер болды?

Құқықтық дамудың жаңа кезеңі

Бүгін, 10:30
Жетісуда 301-ші өрт сөндіру бекеті ашылды

Жетісуда 301-ші өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 10:30
Әлемдік нарықта Brent мұнайының бағасы арзандады

Әлемдік нарықта Brent мұнайының бағасы арзандады

Бүгін, 10:01

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.