Талдықорған: +11°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ҰБТ 2023: Биыл қандай өзгерістер болады?

22 мамыр 2023
РУХАНИЯТ
ҰБТ 2023: Биыл қандай өзгерістер болады?
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл ұлттық бірыңғай тестілеуге байланысты бірқатар жаңашылдық енгізіледі. Бұл туралы брифинг барысында Ғылым және жоғары білім министрлігі өкілдері мәлімдеді, — деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Massaget.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев тестілеу форматында өзгеріс жоқ екенін, оқушылар бұрынғыдай бес пәннен тест тапсыратынын, оның ішінде 3 міндетті пән, екі бейінді пән бар екенін айтты. Ал барлық сұрақ саны — 120. Алайда Қазақстан тарихы мен Оқу сауаттылығы пәндерінің тест тапсырмасы санына байланысты өзгеріс енгізілген екен.

«Басты жаңашылдықтарға келетін болсақ, Қазақстан тарихы және Оқу сауаттылығы пәндері бойынша тест тапсырмаларын санына байланысты өзгерістер енгізілді. Қазақстан тарихының бір нұсқасында 20 тест тапсырмасы болады, ал Оқу сауаттылығында 15 тест сұрағы болады. Биылдан бастап информатика ҰБТ бейінді пәндер комбинация тізіміне енгізілді. Осыған байланысты информатика мұғалімдерін даярлау, ақпараттық технологиялар сияқты бағдарламалар топтарына математика — информатика комбинациясын тапсырады. Шекті баллда өзгеріс болмайды», — деді ведомство өкілі.

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаевтың айтуынша, биыл оқушылардың 10 пайызы осы жаңа пәндер комбинациясын (математика — информатика — еск.) таңдап отыр.

«Алғаш рет биыл Қазақ әдебиеті және Орыс әдебиеті пәндерінен кездесетін шығармалардың тізімін жарияладық», — деді ҰТО директоры ҰБТ-ға дайындық барысы туралы.

Сондай-ақ, тест кезінде информатика пәнін тапсыратындар үшін үш тілде терминдер аудармасы ұсынылады. Ал периодтық кесте мен калькулятор экранда көрсетіледі. 

Биыл жалпы саны 80 мыңнан аса грант бөлінген.

«Грантқа келетін болсақ, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейіне бөлінген білім беру гранттарының жалпы саны — 88 мың. Олардың ішінде:

бакалавриатқа 73 мың грант бөлінді;
магистратураға 13 мың;
докторантураға 1890 грант», — деді ОКҚ брифингінде ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Айта кетейік, 31 қазанға дейін бейнебақылау камералары тексеріледі. Тәртіпсіздіктер анықталса, бітірушілердің нәтижесі жойылатыны айтылды. Былтыр осындай 150 талапкердің нәтижесі жойылған.

Сурет ғаламтордан алынды

 

Қатысты жаңалықтар

Ел алдындағы жауапкершілік

Ел алдындағы жауапкершілік

Бүгін, 16:30
Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

Бүгін, 16:12
Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

Бүгін, 14:30
БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

Бүгін, 13:20
Шынайы отаншылдық – құрғақ сөз емес

Шынайы отаншылдық – құрғақ сөз емес

Бүгін, 12:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.