Талдықорған: +10°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Оқу-ағарту министрі жұмыс сапарымен Жетісу облысына келді

19 мамыр 2023
КҮНДЕРЕК
Оқу-ағарту министрі жұмыс сапарымен Жетісу облысына келді
WhatsAppTelegramFacebook

Оқу-ағарту министрі жұмыс сапарымен Жетісу облысына келді. Ғани Бейсембаев Панфилов ауданының педагогикалық құрамымен кездесті, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы DKNews.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

Мұндай кездесулер Жетісу облысының Қаратал, Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарында да жалғасатынын айта кету керек. Министр педагогтер тарапынан болған барлық ұсыныстарды тыңдады және олармен сұқбат барысында тиісті ведомствоның бірінші кезектегі міндеттерін атап өтті.

Бүгінгі таңда білім сапасын арттыру, аттестация жүйесін және педагогтерді ынталандыру тәсілдерін жетілдіру ең өзекті мәселенің бірі болып отыр.

— Мемлекет педагог мәртебесін көтеру мақсатында бірқатар шараларды қолға алуда. Оның ішінде мұғалімдердің жалақысын көтеру – жүзеге асырылған басты қадамдардың бірі. Министрлік бұл бағыттағы жұмысты жалғастыра береді. Мұғалімдерді аттестациялау жүйесін жетілдіру бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп, портфолио қалыптастыру барысы қайта қаралуда. Келешекте мұғалімнің жетістігі оның әрбір оқушысының жетістігімен бағаланатын болады. Атап айтамын, еліміздің жетекші педагогтері — педагог-шеберлер мен педагог-зерттеушілер білім саласының барлық мамандары үшін үлгі болуы керек, — деді Ғани Бейсембаев

Жетісу облысында барлығы 15 мыңнан астам педагог еңбек етеді, оның ішінде 2309 педагог-зерттеуші, 63 педагог-шебер бар.

Сондай-ақ министр сапары кезінде жоспардан тыс шалғайдағы оқу ұйымдарында болып, мектеп дәретханаларының жағдайын қарады, оқу орындарындағы дабыл түймелерін, төтенше жағдай кезіндегі жедел әрекет ету қызметін, балалардың қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін және мектептегі тамақтандырудың ұйымдастырылуын тексерді.

Министр қауіпсіздік шараларын сынақтан өткізген білім ұйымдарының арасында Х.Хамраев атындағы орта мектеп, Д.Рақышұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығы, Кәлпе орта мектебі, Сарқан қаласының №3 арнайы мектеп-интернаты бар. Атап өту керек, білім ұйымдарына жоспардан тыс бару Жетісу өңіріндегі барлық аудандарда жүргізілуде.

Қатысты жаңалықтар

Республика күніне арналған акциялар бүгін аяқталады: 50%-ға дейін жеңілдік бар

Республика күніне арналған акциялар бүгін аяқталады: 50%-ға дейін жеңілдік бар

Бүгін, 15:24
Бірлік пен ізгіліктің жалғасы

Бірлік пен ізгіліктің жалғасы

Бүгін, 15:00
Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

Бүгін, 14:00
Бейсен Құранбекті еске алуға арналған турнир өтті

Бейсен Құранбекті еске алуға арналған турнир өтті

Бүгін, 13:32
Жетісуда соя мен жүгері жинау қарқын алды

Жетісуда соя мен жүгері жинау қарқын алды

Бүгін, 13:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.