Талдықорған: -1°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Украинаның талдырмаш қызы бүгін Текелі қаласынның кейуанасы

09.05.2023
ЖАНСАРАЙ
Украинаның талдырмаш қызы бүгін Текелі қаласынның кейуанасы
WhatsAppTelegramFacebook

«Адамның басы – Алланың добы», – деп күрсінді кейіпкерім. Іштей оның не айтпағын түсінбесем де, сыртымнан білдірмегендей сыңай танытып отырмын. Содан тінді тарқатты. Сонау Украинаның Чернигов қаласындағы талдырмаш қыздан бүгінгі Текелі қаласындағы кейуанаға дейінгі аралықты жіпке тізгендей баяндады.

Кейіпкерім – Татьяна Громницкая. Ел басына күн туып, ерлер етігімен су кешкен сонау 1941-1945 жылдар аралығындағы Украина даласында болған зұлматты жылдарды көздің жасын сығып алып әңгімелеп берді. Татьяна Николайқызы 1925 жылы Чернигов қаласында дүниеге келген. Жастайынан зеректігімен дараланған Таня мұғалім болуды армандапты. Бірақ… Сөз арасын осы бірақ бұзғандай фашизм түнегі Еуропаны басқан еді. Украинада қасіреттің орнаған шағында балғын бойжеткен өз арманына қол созбақ түгілі, балапан басымен, тұрымтай тұсымен кезеңде аман қалуға тырысып бағады. 1942 жылы басқыншылар Черниговке баса-көктеп кіріп, қаланы тып-типыл етеді. Қолға түскен тұтқындарды сол кездегі фашизм иелігіндегі концлагерьлерге жөнелтеді. Қамауға алынған Татьяна Николайқызы жастармен бірге қазіргі Польша аумағындағы Гданьск (сол уақыттағы атауы Данциг) қаласынан 37 шақырым шалғай орналасқан Штуттгоф концлагеріне жөнелтіледі.

Әңгіме осы ретте үзілгендей болды. Кейуана үнсіздікті ұзаққа созды. Ми қатпарында әлгі концлагерь туралы деректер заулап әлек. Штуттгоф тарихты парақтаған жанға адам денесінен сабын жасауымен аты шыққаны мәлім. Оның үстіне жазалау лагерьіне 110 мың адам қамауға алынып, жабылар сәтте 11 мыңдай адам тірі шыққаны белгілі. Татьяна Громницкая лагерьдегі тұрмысы жайлы айтпады. Біз де ескі жараның аузын тырнамайық деген пиғылмен тереңдей сұрамадық…

Ауыр күрсіністен соң әңгіме әрі өрбіді. Кеңес әскері Польша аумағына 1944 жылы еніпті. Сол жылдың мамырында концлагерьдегілер де азат етілген. Тұтқынға түскендерді кеңес армиясы Ленинград облысындағы Луга қаласына жөнелткен. Аш, әбден азып-тозған Татьяна Николайқызына 1129 шақырымды жаяу жүріп өту де оңай тимепті. Бірақ, азаттыққа қолы жеткен бойжеткен көппен бірге Лугаға жеткен соң тағы қым-қуытқа тап болады. Әлсін-әлсін тергеуге алынып, кеңес одағының сенімсіз адамдары қатарынан табыла кетеді. Не керек, концлагерьдің азабын көргенге тергеп-тексеру не тұрсын?! Қаймықпай, кінәсіз екенін дәлелдеген соң көңіл жарасқан жанға тұрмысқа шығады. Құдай қосқанымен бақ іздеу мақсатында Приморье өлкесіне жол тартады. Мұнда жұмыс болғанмен, жағдай мен жайдың қолайсыздығымен Қазақстанға, қазіргі Текелі қаласына қайта қоныс аударады. Қаладағы қорғасын-мырыш комбинатына жұмысқа орналасып, осында орнығып қалады.

Татьяна Николайқызы тегін адам емес, батыр ана. Кейіпкеріміз 12 құрсақ көтерген. Сол 12-ден қазір 30 немере, 12 шөбере сүйіп отыр. Ұрпағы әлемнің әр бұрышында өз нәпақасын тауып жүр. Ең бастысы, бейбіт өмірдің бал дәмін сезінуде.

Ұзақ әңгімеден қажыған кейіпкерім орындық жанындағы сүйеніш таяққа асылып тұрды да, терезеден бейбіт замандағы Текелі қаласының көшелеріне сүйсіне қарап тұрды. Бәлки, іштей дұға қылған да шығар. Ал кеудесінде соғыс жылдарының айқын естелігі ретінде наградалар жарқырап тұр.

Кетерімізде Татьяна Громницкая Қазақстанның тілеуін тілейтінін жеткізді. Біз де өз кезегімізде тарихтың куәгеріне бір жылдан қайта қауышуға жазсын деген тілегімізді жеткіздік.

Дастанбек Садық

 

Қатысты жаңалықтар

Италияда Олимпиада ойындары басталды

Италияда Олимпиада ойындары басталды

07.02.2026
«Конституцияны жүйелі жаңғыртудың ғылыми негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Конституцияны жүйелі жаңғыртудың ғылыми негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

06.02.2026
Көксу аудандық орталық ауруханасында «клиникалық фармация» бөлімі ашылды

Көксу аудандық орталық ауруханасында «клиникалық фармация» бөлімі ашылды

06.02.2026
Жазушылар одағы жаңа Конституция жобасын талқылады

Жазушылар одағы жаңа Конституция жобасын талқылады

06.02.2026
Мәжіліс депутаты «тоқал» мәселесіне қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты «тоқал» мәселесіне қатысты пікір білдірді

06.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.