Талдықорған: +1°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫН СУБСИДИЯЛАУ ТОННАСЫНА 15 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН 25 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН ҰЛҒАЙДЫ

10 наурыз 2023
КҮНДЕРЕК
ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫН СУБСИДИЯЛАУ ТОННАСЫНА 15 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН 25 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН ҰЛҒАЙДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте қант зауыттарын айналым схемалары бойынша қаржыландыру барысы мен отандық қант өндірісінің жағдайы талқыланды.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлады. 

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, бүгінде 18 өңір шикі қантты сатып алу және қайта өңдеу үшін 18,3 млрд теңге сомасында қант зауыттарын қаржыландырды.

«Ақсу Кант» зауыты соңғысы болып қалған еді, бірақ онымен Алматы ӘКК 2,6 млрд теңгеге тауар жеткізуге келісімшартқа қол қойды», – деді Арман Шаққалиев.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша Қазақстанның қант зауыттарының жалпы тәуліктік қуаты қант қызылшасын өңдеу бойынша 8,7 мың тоннаны және қамыс шикізаты бойынша 2,4 мың тоннаны құрайды. Бұл ретте елімізде қантты жылдық тұтыну – 530-550 мың тонна, отандық шикізат есебінен қамтамасыз ету – 10%-дан аз.

«2022 жылы ішкі нарықты отандық шикізатты қайта өңдеу есебінен қантпен қамтамасыз ету 51%-ды құрады, оның ішінде қызылша қант есебінен – 6% (33 мың тонна). Биыл зауыттар 400-450 мың тоннаға жуық қант өндіруді жоспарлап отыр, оның ішінде 50 мың тонна қызылша шикізатынан, қалған көлемі шикі қамыс қантынан өндірілмек. Осы мақсатта Жамбыл және Жетісу облыстарының әкімдіктері қант қызылшасының егіс алқаптарын 6,5 мың гектарға (11,6 тонна гектардан 18,1 тонна гектарға дейін) кеңейту жұмыстарын жүргізуде», – деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков.

Сонымен қатар қант саласын қолдау үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі өңдеуге тапсырылған қант қызылшасының көлемі үшін субсидиялар нормативтерін тоннасына 15 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін ұлғайтты.

2022 жылы Жетісуда орналасқан Ақсу қант зауытының жұмысы тоқтатылды. Қазір зауытта қуаты айына 10 мың тонна қамыс шикізатын өңдеу желісін орнату жұмыстары жүргізілуде. Жетісу әкімдігінің мәліметінше, зауытта 3 мың тонна қамыс шикізаты сатып алынған, «Ақсу кант» ЖШС қамыс шикізатын қайта өңдеу бойынша технологиялық желінің дайындығы – 98%.

Қолданыстағы проблемалардың бірі – қанттың соңғы құнына әсер ететін мазуттың жоғары құны. Өз тарапынан энергетика вице-министрі Мағзұм Мағауов қазіргі уақытта мазут бағасы ірі шикізат иегерлері арасында 100-ден 130 теңге/кг-ға дейін төмендегенін хабарлады. Ол шикізат иелерінің осы бағалар бойынша келісімшарт жасасуға дайын екенін растады.

Кеңес қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин әкімдікке Ақсу қант зауытын қысқа мерзімде іске қосуды, ал Энергетика министрлігіне өндірушімен мазут жеткізуге келісімшарт жасасу бойынша қант зауытына жәрдем көрсетуді тапсырды.

 

Фото: ашық дереккөзден

«ЖЕТІСУ» АҚПАРАТ

Қатысты жаңалықтар

Елдіктің жаңа кезеңі

Елдіктің жаңа кезеңі

Бүгін, 17:30
Аманатқа адалдық

Аманатқа адалдық

Бүгін, 15:30
Жетісуда 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

Жетісуда 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

Бүгін, 14:26
Тамыры терең Тәуелсіздік

Тамыры терең Тәуелсіздік

Бүгін, 13:30
Табысқа толы 9 ай

Табысқа толы 9 ай

Бүгін, 11:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайттың редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.