Талдықорған: +1°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Елдіктің жаңа кезеңі

Бүгін, 17:30
ЖАҢАЛЫҚТАР
Елдіктің жаңа кезеңі
WhatsAppTelegramFacebook

Республика күні мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы – елдік мұратты ұлықтап, өткен жолға байыппен көз жүгіртетін, келешекке кемел бағдар белгілейтін мерейлі белестер. Биылғы қос мерекенің мәні айрықша. Өйткені 2026 жыл саяси жаңғырудың түйінді кезеңімен тұспа-тұс келіп, мемлекет дамуының жаңа белесіне жол ашуда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 35 жылдығы Қазақстанның өсіп-өркендеуі мен жаңару жолындағы жаңа дәуірдің нышанына айналуға тиіс екенін атап өтті. Осы орайда Республика күні мемлекеттіліктің бастауларын айшықтаса, 16 желтоқсан азат елдің отыз бес жылдық белесіне байыпты баға беріп, ертеңгі мұраттарды айқындайды.

Тәуелсіздік шежіресі – халқымыздың қажырлы еңбегі мен қайсар рухының, бірлігі мен жасампаздығының айғағы. Осы жылдар ішінде Қазақстан халықаралық абырой-беделі асқан, өз жолы мен бағыт-бағдары қалыптасқан мемлекетке айналды. Ендігі міндет – қол жеткенді баянды етіп, елдік тұғырды бекемдеу, келер ұрпаққа кемел келешектің кілтін табыстау.

Мемлекет басшысы ұстанымындағы «Тәуелсіздік – бәрінен қымбат!» қағидаты әр азаматтың жүрегіне жол тауып, күнделікті ісімен сабақтасуы қажет. Өйткені ел қуаты – халықтың ынтымағында, мемлекеттің мығымдығы – азаматтардың жауапкершілігі мен адал еңбегінде.

Республика күні мен Тәуелсіздік мерекесі өзара сабақтасып, егемендіктің жариялануынан дербес мемлекет қалыптастыруға, елдікті нығайтудан заман талабына сай жаңғыруға дейінгі жолды танытады. Желтоқсанның тарихи тағылымын ардақтай отырып, азаттықтың қадірін кейінгі буынға ұғындыру да – ортақ парыз.

Осы мерейлі кезеңде Жетісу облыстық әділет департаменті де ел дамуына өз үлесін қосуды жалғастырады. Заң үстемдігін орнықтыру, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, әділетті қоғам қалыптастыру жолындағы қызмет – мемлекеттік қызметшілердің абыройлы міндеті.

Азаттықтың 35 жылы – өткенге тағзым, бүгінге шүкір, ертеңге аманат. Ендеше, елдігімізді еңселі етіп, бірлігімізді бекемдеу, Тәуелсіздіктің тұғырын биіктету – баршамызға жүктелген қасиетті міндет.

Жандос БЕКСҰЛТАН
облыстық әділет
департаментінің басшысы

Қатысты жаңалықтар

Елдіктің жаңа кезеңі

Елдіктің жаңа кезеңі

Бүгін, 17:30
Аманатқа адалдық

Аманатқа адалдық

Бүгін, 15:30
Жетісуда 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

Жетісуда 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

Бүгін, 14:26
Тамыры терең Тәуелсіздік

Тамыры терең Тәуелсіздік

Бүгін, 13:30
Табысқа толы 9 ай

Табысқа толы 9 ай

Бүгін, 11:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.