Талдықорған: +24°C
$ 469.71
€ 536.17
₽ 6.01
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ӨҢІР ӘЛЕУЕТІН ӨРЕЛІ ІСТЕР ӨРГЕ СҮЙРЕЙДІ

10.03.2023
КҮНДЕРЕК
ӨҢІР ӘЛЕУЕТІН ӨРЕЛІ ІСТЕР ӨРГЕ СҮЙРЕЙДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Апта басында «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат А. Арын және Жетісу облыстық сайлауалды штаб мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасы мен өңірдің әлеуетін көтеруге бағытталған жұмыстарын таныстыру мақсатында Ақсу ауданына келді. Талай дүлдүл мен тұлғалы азаматтарды дүниеге әкелген өлкенің партия өкілдеріне айтары да бар екен.

Облыстық штабтың мүшелері сайлауалды бағдарламаны түсіндіру мақсатында кездесуді Көшкентал ауылынан бастады. Айтулы елді мекеннің тұрғындары халықтық партияға алғыс айта отырып, мәселелерін де жайып салды. Жолдың, ауыз судың, көгілдір отынның, жанар-жағармайдың, ауыл шаруашылығының проблемалары жіпке тізілгендей баяндалды. Мұндай мәселелер Жетісу өңірінің әр жерінде бар. Өз кезегінде сөз тізгінін алған кандидат А. Арын ауыл шаруашылығындағы түйіткілдердің тінін тарқатты.

Жалпы, Жетісу өңірі тіршілігін ауыл шаруашылығына негіздеген аймақ. Мұндағы тұрғындардың 56 пайызы ауылдық жерде тұрады. Сондықтан ауылдағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы өте маңызды. Дегенмен, ауыл шаруашылығы салада етжеңді мәселелер жетерлік. А. Арынның айтуынша, облыстағы барлық ауылшаруашылық техникаларының 65 пайызы, су шаруашылығы нысандарының 70 пайызы тозған. Атаулы сала бойынша жайылымдық жердің тапшылығы 700 мың гектарды құрады. Осындай өзекті мәселелерді шешуге «AMANAT» партиясы білек сыбанып отыр. Себебі партияның мақсаты – өңірдің әлеуетін арттыру, әлеуметінің тұрмысын қолайлы ету, халықты жұмыспен қамту, жастарға жағдай жасау, ауылды көркейту.

– Біз құрғақ уәде мен құр сөзді тірлігімізге арқау етпейміз. Өйткені, иығымызда халықтың аманаты тұр. Халықтың аманаты – елді өркендету. Ал Қазақстанды өрісті, қуатты елге айналдыру үшін ауылды әлеуеттендіру қажет. Міне, осы бағытта партиямыз 2027 жылға дейін 600 дана ауылшаруашылық техникасын лизингке алуға, өңірдің басты бренді қант қызылшасы егілетін алқапты 12 мың гектарға ұлғайтуға, жаңадан 900 мың гектар жайылымдық жер енгізуге мұрындық болмақ, – деді  А. Арын.

Өз кезегінде көшкенталдықтар ауылдағы мектепті күрделі жөндеу керегін, ауылдық амбулаторияның жайын да айтты. Есесіне, кандидат алдағы бес жылда ауылдықтар айтқан мәселелер толық шешімін табатынын жеткізді.

Мұнан кейін «AMANAT» партиясы облыстық сайлауалды штабы мен партияның Жетісу облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат А. Арын Қапал елді мекеніне атбасын бұрды. Бұл жолы да кандидатты ауылдықтар кең пейілмен қарсы алды. Бірақ, қапалдықтардың да көкейінде біршама мәселе бар екен. Олардың да шымбайына жолдың жайы мен әлеуметтік өзге мәселелер әбден батқан сыңайлы. Тіпті, Қапалдың әлеуетін көтеру үшін аудандық статусын қайтару мәселесі де қозғалды.

Өз кезегінде сөз тізгінін алған кандидат А. Арын «AMANAT» партиясының мақсат-мүддесін тарқатып баяндады. Оның айтуынша, халықтық партия тек елдің жағдайын жақсартуды, елді жарқын болашаққа жетелеуді көздейді.

– «AMANAT» жай партия емес, халықтың үніне құлақ түріп, елдің бүгіні мен болашағына нақ жоспары мен қарымды қарекеті бар партия. Біздің мақсат – халықтың жайлы өмір, қолайлы тұрмыс кешуін қамтамасыз ету. Партиямыз толық трансформациядан өтті. Уақыт пен қоғам талабын ескеріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашып отырмыз. Біз үнемі халықпен біргеміз, – деді кандидат.

Мұнан соң А. Арын партияның ел әлеуетін көтеру бағытындағы бастамаларын тізбектеді.

– Біз елді өркендету үшін жаңа жоспарлар бекіттік. Партиямыз 2027 жылға дейін 600 дана ауылшаруашылық техникасын лизингке алуға, өңірдің басты бренді қант қызылшасы егілетін алқапты 12 мың гектарға ұлғайтуға, жаңадан 900 мың гектар жайылымдық жер енгізуге мұрындық болмақ. Сонымен қатар, ауылдардың әлеуетін көтеру үшін біз шағын және орта кәсіпкерлікке ден қойып отырмыз. Алдағы бес жылда атаулы салада жұмыспен қамтылғандар санын 130 мыңға жеткізуге атсалысамыз. ШОБ-ты қолдау арқылы облыс экономикасындағы осы саланың үлесін 42%-ға жеткіземіз, – деді А. Арын.

Мұндай ауқымды мәселелерді шешуге тырысып жатқан партияға қапалдықтар сәттілік тіледі.

Ақсу ауданындағы үгіт-насихат барысында «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық сайлауалды штабының мүшелері Суықсай елді мекеніне табан тіреді. Ауылдық округтегі тұрғындарға штаб мүшелері А. Досмұхамбетов пен М. Тілеуберлинов партияның сайлауалды бағдарламасын баяндады. Сонымен қатар соңғы жылдарда саяси құрылымның ықпалымен жүзеге асқан ілкімді істерді таразылады.

Шара барысында сөз алған М. Тілеуберлинов 2027 жылға дейін өңір әлеуетін көтерер жоспар жайын, атқарылар шаруа туралы пысықтады. Оның сөзінше «AMANAT» партиясы Жетісу өңірінде 2021-2022 жылдары 2,2 мың орынды 8 мектеп, 290 орынды 3 балабақша салып, 15 білім беру нысанына күрделі жөндеуден өтуіне ықпал еткен.

– Өңірде 200-ге тарта дәрігер маман тапшы. 200-ден астам денсаулық сақтау мекемесі жалға берілетін және бейімделген ғимараттарда орналасқан. Мұндай кемшін дүниелерді шешу үшін етжеңді бастамалар керек. «AMANAT» партиясы осындай бастамаларды өзінің 2027 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасында нық көрсетіп отыр. Партиямыз 2027 жылға дейін өңірде 100-ге жуық медициналық нысан салуға септеседі. Саладағы 34 нысанды күрделі жөндеуге ықпал етеді, – деді М. Тілеуберлинов

Шара соңында тұрғындар ауылдағы өзекті мәселелердің, толғақты дүниелерді ортаға салды. Мәселен, Суықсай Мәдениет үйінің, М. Мәметова атындағы және Ю. Гагарин атындағы орта мектептердің күрделі жөндеуге сұранып тұрғаны, Ащыбұлақ, Баласаз ауылдарындағы ғаламтордың қолжетімсіздігі және ауыларалық жолдардың сапасыздығы тұрғындарды қынжылтады екен.

Партия өкілдері осындай ауқымды мәселелерді шешу үшін саяси құрылым ықпал ететінін жеткізді.

«AMANAT» партиясы Жетісу облыстық сайлауалды штабы мүшелерінің І. Жансүгіровты қазаққа сыйлаған аудандағы кезекті кездесуі Арасан ауылында өтті. А. Досмұхамбетов пен М. Тілеуберлинов әуелі тұрғындардың базынасына құлақ түрді. 1510 тұрғыны бар ауылда жайылымдық, суармалық жер жетіспейді. Сонымен қатар Арасандағы Мәдениет үйі мен Б. Сырттанов атындағы орта мектепке күрделі жөндеу қажет. Ауыларалық жолдардың да сыйқы келіспеген.

Тұрғындар тарапынан сөз болған мәселелердің шешілу жолы «AMANAT» партиясының тұғырнамасында нықтап көрсетілген. Бастысы әрбір өңір тұрғыны қолдау білдіруі қажет екенін М. Тілеуберлинов айта келе, партияның тұғырнамасын түсіндірді.

– Біз өңірдің әлеуетін көтеруге бар күш-жігерімізді жұмсаймыз. Партия бастамасымен өңірдегі 200-ден астам елді мекен көгілдір отынға қол жеткізбек. 1000 шақырымға жуық инфрақұрылым қайта жаңғыртудан өтеді. 100-ге жуық медицина нысаны салынады, – деді М. Тілеуберлинов.

Арасандықтар халықтық партияның қарымды қарекеті мен тыңнан түрен салар жоспар-бастамаларына разылық білдіріп, алдағы сайлауда белсенділік танытуға келісті.

 

Шығарған:  «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ  ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Тапсырыс беруші:  А.Қ. Арын
Жетісу облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

Қатысты жаңалықтар

Метан шығарындысын азайту шаралары

Метан шығарындысын азайту шаралары

15.07.2026
«TopIQ.kz» – цифрлық дәуірдің озық құралы

«TopIQ.kz» – цифрлық дәуірдің озық құралы

15.07.2026
Жетісуда баспасөз хатшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа талаптар түсіндірілді

Жетісуда баспасөз хатшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа талаптар түсіндірілді

15.07.2026
Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

15.07.2026
Жаһандық атом ғылымындағы Қазақстанның рөлі қандай?

Жаһандық атом ғылымындағы Қазақстанның рөлі қандай?

15.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.