Талдықорған: +18°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛАРДЫҢ ҚАРАЖАТЫНА МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

04.03.2023
ӘЛЕУМЕТ
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛАРДЫҢ ҚАРАЖАТЫНА МЕКТЕП САЛЫНАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Әлемде геосаяси жағдай күрделенген тұста мемлекеттің тұрақтылығын, тыныштығын, береке-бірлігін сақтап қалу аса маңызды. Ол үшін ең алдымен ұлттың сапасын арттыру керек. Яғни, өскелең ұрпақтың білімді, білікті, тәрбиелі, тәртіпті болуы бүгінгі күні аса қажет.

Бұның дәлелін біз күллі әлемді жайлаған COVID-19 дертінен туындаған карантиндік шаралар кезінде анық байқадық. 2020 жылы еліміздегі барлық мектептер мен жоғары оқу орындары жұмыс істемей, оқушылар қашықтан білім алғаны белгілі. Соның кесірінен өскелең ұрпақтың орта мектепте алатын білім деңгейіне елеулі нұқсан келгені рас. Оны әрбір ата-ана өз басынан өткізіп, балаға білім берудің оңай емес екенін берік ұғынды. Тіпті, ұстаздар қауымына түскен жауапкершілік жүгінің салмағы қандай болатынын шынайы сезінді.

Міне, осыны жақсы түсінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің өркендеуі жас маманның біліктілігіне, терең біліміне байланысты екенін ұғып, былтыр жариялаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында бірқатар мәселені көтерді. Соның арасында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы туралы айтқым келіп отыр.

Мемлекет басшысы: «Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек. Жемқорлардың заңсыз тапқан қаржысы олар сотталған соң мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалуға тиіс. Үкімет осы бастаманы заң тұрғысынан рәсімдеу туралы шешім қабылдауы керек», – деп Үкімет басшысына үлкен міндет жүктеді.

Былтыр қыркүйек айынан айтылған тапсырма біртіндеп болса да орындалып келеді. Жақында ғана Жетісу облысының орталығына іссапармен келген Премьер-Министр арнайы кеңес отырысын өткізіп, өңірдегі жетістіктер мен көрсеткіштерге баға берді. Сөз арасында 2026 жылға дейін облыста 10 мектеп ашу жоспарланып отырғанын, оған республикалық бюджеттен 55 миллиард теңге қарастырылғанын атап өтті.

Әлихан Асханұлы: «Сондай-ақ Қаржы министрлігінің сыбайлас жемқорлардың қаражаты есебінен құрылған бюджеттен тыс қоры бар. Осы қаражат есебінен де қосымша мектептер салынатын болады», – деп сүйінші хабар жеткізді.

Міне, осы біpауыз сөз күллі Қазақстан Республикасының жұртшылығын қуантты десек болады. Себебі, жылдар бойы мемлекет қазынасын жымқырғандардан алған қаржының игілікті іске жұмсалуы шынында жақсы емес пе?!

Өйткені, ғасырлар бойы ұрпағының жақсылыққа қол жеткізуін аңсап өткен халқымыз кейінгіге сауапты ілім, пайдалы білім қалдыруды жөн көреді. Сондықтан да болар, ұлттың ұстазына айналған Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбайұлы, Тұрысбек Маманұлы, Қапез Байғабылұлы сынды азаматтардың есімі елдің есінде жүр.

Сөзіміздің дәлелі ретінде Көксу ауданы, Бесқайнар ауылына арнайы барған Парламент Сенатының депутаттары Сұлтан Дүйсембінов пен Ғалиасқар Сарыбаевтың жаңадан салынған мектептің жай-күйімен танысқанын айта кетейік.

Шағын ауылдағы орта мектеп директорының айтуынша, жаңа оқу жылында ескі мектеп 85 баланы қабылдапты. Ал жаңа мектеп 120 балаға арналған. Осының өзі шалғай ауылдардағы білім ордаларының толығымен жаңаратынынан хабар берсе керек. Әрине, ол үшін уақыт қажет екені белгілі.

Енді ұлттың рухани тәрбиешісіне айналып отырған ұстаздар қауымына соңғы жылдар үлкен сенім артылып, зор мүмкіндіктер беріліп отырғаны жасырын емес. Ол туралы Мемлекет басшысы айтудай-ақ айтып келеді.

Былтырғы Жолдауында: «Жаңа Қазақстанды құру ісінде мұғалімдердің рөлі айрықша екені сөзсіз. Мемлекетімізде соңғы жылдары ұстаз мамандығының абырой-беделін арттыру үшін көп жұмыс жасалды», – деп біраз жайттан хабар берді.

Өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатқан мұғалім жалақысының өсіп, ұстаз мамандығына қызығушылық артқаны соңғы жылдардың бедерінде анық байқалды.

Менің айтып отырғаным білім саласының ғана қол жеткізген жетістігі, биік межесі. Шынында білім, денсаулық, шағын және орта кәсіпкерлік, ауылшаруашылық сынды негізгі салалар өзара байланыста қалыптасады. Егер барлық саланың жұмысында ілгерілеу байқалса өзге бағыттағы тіршілік қызады.

Мысалы, былтыр Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда «Айсұлу» тігін фабрикасы ашылып, отандық жеңіл өнеркәсіптің бойына қан жүгіргендей әсер қалдырды. Қазан айында облысқа келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тігін фабрикасының еңбек ұжымымен танысып, жақсы әсер алып қайтты.

Былтырғы Жолдауында отандық жеңіл өнеркәсіпті дамыту керектігін атап өткен Мемлекет басшысы мектеп оқушыларының формасын тігуді жолға қою заман талабынан туындап отырғанын жеткізді. Расында, әділетті бәсекелестік орын алған жерде шағын және орта кәсіпкерлік өркендеп, отандық өндірістің жұмысы жан-жақты дамиды. Осыны ұғынған жан еліміздегі Екінші Республика – Жаңа Қазақстанның көздегені де тұрақты даму, кедергісіз келешек екенін оңай түсінеді.

Ендеше, осы бағыттың дұрыс жүруіне лайықты баға беріп, орасан табысқа мастанбай, жақсылық пен жетістіктен үміт үзбейік!

Мәди Алжанбай

Қатысты жаңалықтар

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026
Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

02.05.2026
Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

02.05.2026
Оқушылардың денсаулығы бақылауда: Қазақстанда ауқымды зерттеу басталды

Оқушылардың денсаулығы бақылауда: Қазақстанда ауқымды зерттеу басталды

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.