Талдықорған: +25°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ВУНДЕРКИНД БАЛАЛАР: АРТЫҚШЫЛЫҒЫ МЕН КЕМШІЛІГІ

20.01.2023
ӘЛЕУМЕТ
ВУНДЕРКИНД БАЛАЛАР: АРТЫҚШЫЛЫҒЫ МЕН КЕМШІЛІГІ
WhatsAppTelegramFacebook

Вундеркинд – бүлдіршін кезінен көзге айрықша түсетін, ақылымен дарыны ерекшеленіп тұратын ғажайып бала. Ерекше балаларға назар да бөлекше болуы тиіс. Оларға дер кезінде көмектесіп, кемелденуіне жол ашу қажет. Кей жағдайда вундеркинд өз артықшылығын кемшілік есебінде қабылдауы да мүмкін… 

Бұл тақырыпты қозғауға көп фактор әсер етті. Вундеркинд балаларды қоғам үшін дұрыс пайдаланып жатырмыз ба? Осы сұрақ төңірегінде де ойландық. Жоқ! Біздің еліміздегі қай саланы алып қарасақ та вундеркинд баланың білімі үшін жеткіліксіз екен. Олар шет ел асып, іліммен білімге қанық болып, қоғамда өзгеше құбылыс жасағысы келеді. Бірақ көп жағдайда еліміздегі  мүмкіндіктердің шектеулі екенін де байқауға болады. Тақырыпқа тұздық болған тағы бір фактор белгілі блогер Аршат Ораздың пікірі. Оның айтуынша өзіне-өзі қол жұмсайтындардың көпшілігі вундеркинд балалардан шығады. Өйткені қатарластарымен көп қарым-қатынасқа бара алмайды, өмірді ерте ұғады, олар жанындағысын, қасындағылар ерекше баланы түсінбейді.

 2021 жылы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі, Гарвард университетінің грантын жеңіп алған талантты бала Ақназар Қажымұраттың жұмбақ өлімі әлі де ойландырады. Гений баланың өлімі турасында Алматы прокуратурасы жариялаған хабарламада: «Мәйіт Vivaldi International қонақүйінің душ бөлмесіндегі еденнен табылды. Оқиға орнын тексеру кезінде ешқандай хат табылған жоқ, бірақ ішінде ұнтақ тәрізді заты бар пластикалық құты табылып, тәркіленді», – деп жазған. «Менің ең үлкен арманым – Қазақстанда ғылымның қатты дамығанын көру. Бізде де Америкадағыдай Нобель лауреаттары көп болады деген үміттемін. Әрине, бұл өте биік меже. Бірақ, мен Қазақстанда ғылымның дамыған шағын көремін деп үміттенемін», – деген дарынды баланың ғұмыры келте болды. Біз көз жазып қалдық, оның үстіне талантын да толық түсіне алмағандаймыз. Әлемдік деңгейде мойындалған ұстаздардың өзі талантына шек келтірмеген дарынды оқушының өлімі әлі де құпияға толы.

Вундеркинд балаға қашан да қолдау керек. Бүгінгі балалар алдыңғы буын жастармен салыстырғанда ерекше қабілетті. Бұл жөнінде психолог Айгүл Наурызбаева: «Бала құрсақта жатқанда, ата-ана сенсорлы технологияны қолданады. Сол үшін олар дүниеге келген кезде алфадтарды ұстап туады. Олар көп мәліметті бір уақытта алуға қабілетті. Ақпаратты тез қабылдайды», – дейді. Бұл пікірді біліміне қарап сыныптан-сыныпқа жоғарлап, 15 жасында студент болған ақын Сағыныш Намазшамова да қуаттай түседі. Ақын: «Бұрынғымен салыстырғанда білімге құштарлығы ерте оянатын балалар бүгінде көп. Ол технократтық заманның туғанына да байланысты шығар. Құрсақта жатқанда-ақ зердесіне көп сіңіріп өскен баланың барлық ақпаратты оңай қабылдап алатындығы да анық. Вундеркинд балаларға арналып мектептерде бөлек бағдарламалар әзірленіп, басқаша оқыту методикасы болу керек. Кейде айтамыз ғой «баланы баладан бөліп қарамай, тең көруіміз керек» деп. Алайда потенциалы жақсы, ойы жүйірік, санасында артықшылықтар болса, онда бәрібір өзгеше оқу әдісімен жұмыс істеу керек. Сол үшін оларға қолдау қажет.

Мәселен жастардың ойлап тапқан жобаларын қорғайтын, көрсететін түрлі жобалар, бағдарламалар бар, тіпті грант бөліп  жатады. Бірақ толық қолдау көрсетіп, ары қарай дамытпайды. Ғылыммен өндірістің байланысы, біліммен тәжірибенің ұштасуы деген көбінде сырт қалып жатады. Оның тиімді екенін көрсеткенімен, қоғам ары қарай іліп кете алмайды», – дейді.

Рас, жоғарыда есімі аталған Ақназар Қажымұрат жасанды интелект арқылы шаңсорғышты «ақылды» құрылғыға айналдырып, шаңды өзі сорып алу туралы 2018 жылы айтқан еді, бүгінде вундеркинд баланың айтқанына ұқсас құрылғы үйдің қуыс-қуысындағы шаңды өзі сорып алып жүр. Болмаса 6 сынып оқып жүргенінде Алдияр Божбанов арнайы құрылғының көмегімен органикалық қалдықтарды газға айналдыруды және одан жылу мен электр жарығын өндіруді үйренсе, эко-қалашық, жел-күн электрстансысы және әмбебап қуаттандыру құралы туралы жобаларын 2016 жылы айтқан еді. Біздің елде вундеркинд бала көп болғанымен, дәл уақытында еңбегіне қолдау білдіре алмайтынымыз өкінішті.   

Тарихта қалған ерекше вундеркиндтер көпке үлгі. Мәселен, 3 жасында концерт қойған Моцарт пен тілі шықпастан қылқаламмен ерекше суреттер салған Пикассо, 4 жасында хат таныған ғұлама Блез Паскаль деп тізімді жалғастыра берсе болады. Елімізден келешекте есімі аталған вундеркинд балалардай жарқ етіп көрінер тұлғалар да шығар. Ендеше ерекше балалардың дамуы мен өсуіне ерекше назар салайық!   

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

02.05.2026
Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

02.05.2026
Оқушылардың денсаулығы бақылауда: Қазақстанда ауқымды зерттеу басталды

Оқушылардың денсаулығы бақылауда: Қазақстанда ауқымды зерттеу басталды

02.05.2026
Сарқандағы сенбілік: Лепсі өзені қоқыстан тазартылды

Сарқандағы сенбілік: Лепсі өзені қоқыстан тазартылды

02.05.2026
Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді

Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді

01.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.