Талдықорған: +39°C
$ 468.88
€ 534.10
₽ 6.04
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«БОЛАШАҚТЫҢ» ТҮЛЕГІ ЕКІНШІ РЕСПУБЛИКА ТУРАЛЫ ТЫҢ ҰСЫНЫС ЖАРИЯЛАДЫ

17.01.2023
КҮНДЕРЕК
"БОЛАШАҚТЫҢ" ТҮЛЕГІ ЕКІНШІ РЕСПУБЛИКА ТУРАЛЫ ТЫҢ ҰСЫНЫС ЖАРИЯЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазір Президент Әкімшілігіне өтініш жолдайтын азаматтардың саны айтарлықтай көбейді. Өйткені «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын басшылыққа алатын ел азаматтары Мемлекет басшысы айтқан жаңа әрі әділетті Қазақстанды құруға қал-қадірінше үлес қосқысы келеді.

Он жылдан аса экономика саласында жұмыс істеп келемін. Сонда аңғарғаным орталық органдардың қызметкерлері өңірлерде әрі салаларда нақты қандай мәселелер барын терең білмейді. Мәселен, қайсыбір жылы мемлекеттік органның өкілі ретінде өнеркәсіп саласының дамуына қатысты бір жиынға қатыстым. Орталық ор­ганның, жергілікті органның және ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкіл­дері жиналды. Сала өкілі ретінде бір­неше кәсіпкер қатысты. Кәсіпкерлер өнер­кәсіп саласына қатысты біз біл­мейтін мәселелерді айтқанда, олар­дың шешу жолдарын ұсынғанда таң қалдым.

Сөйтсек, біз, мемлекеттік қызметшілер саладағы қаулылар мен заңдарды, ережелер мен бюджеттік бағдарламаларды ғана жатқа соғады екенбіз. Ал одан әріге тереңдей түсуге тәжірибе жетіспейтінін аңғардым. Қысқасы, жаңағы кәсіпкерлер көтер­ген күрделі мәселелер жиынға қаты­сып отырған сарапшыларға басқа бір әлемнің әңгімесіндей әсер етті. Кәсіпкерлер «жергілікті үлесті қалай кө­бейтеміз» деп жанталасып жатса, мемлекеттік қызметшілер «қол­даныстағы заңнамаға сәйкестігін қа­­рас­тыру керек» деген сауалмен бас қатырып отырады. Мақсатымыз іс-қимылымызға сай емес. Бұл бір ғана мысал. Дәл осындай жағдай барлық салада кездеседі.

Қатты айтсам, әріптестерім рен­жуі мүмкін. Дегенмен біздегі мем­ле­кеттік қызметшілер шетінен заң­қой әрі бюрократ. Ақиқаты осы. Кез келген мәселеде өзінің жұмыс жүк­те­месін көбейтпес үшін шаруаны мей­лінше өзгеге ысыра салуға тырысады. Қысқасы, мәселені түбегейлі шешуге қауқарсыз. Бір мәселенің түйінін тарқату үшін бастама көтеріп, ұсыныс жасау дегенді білмейді. Тек, айтылған дүниенің заңға қайшы я қайшы еместігіне ғана назар аударуға тырысады. Сондықтан мемлекеттік қызметшілер саланы ішінен білетін мамандардың тәжірибесіне сүйенуі керек. Солар айтқан ұсыныс-тілектерді үнемі қаперге алуға тиіс. Сонда ғана қазір бетпе-бет келіп отырған мәсе­ле­лердің бәрі өздігінен реттеледі. Яғни, билік пен халық арасында шын мәнін­де алтын көпір орнауға тиіс. Ал ол көпір қалай орнамақ?

Меніңше, Президенттің «Ха­лық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы осындай олқы­лық­­­­тардың орнын толтыруға және қа­быс­пай тұрған тараптарды ортақ мүддеге жұмылдыра алады. Мемлекет басшысының өзі халықтан келіп түскен идеяларды қарастыруға бе­йілді екенін аңғартты. Осы ретте атал­­ған тұжырымдама аясында бар­лық саладағы тәжірибесі мол кәсіп­кер­лерден, қоғам белсенділерінен, ғалымдардан және басқалардан келіп түсетін идеялар мен ұсыныстарға ор­талықтандырылған ашық онлайн платформа құруды ұсынамын.

Жинақ­та­латын тың ұсыныстарды жүйелеп, ғылыммен ұштастырып, нәтижесінде, жалпыхалықтық жоспар әзірлеу керек. Сонда қарапайым халықтың ұтымды ұсыныстары мақұлданып, билікке деген сенімді арттырады. Мұндай дүние бұрын-соңды болған емес. Дәлірек айтсақ, халықтан кең ауқымды ұсыныстар жиналмаған.

Өз кезегінде Президент Әкімші­лі­гіне келіп түсетін ұсыныс­тарды да салалық министрліктерге жолдамай, осы жоспар шеңберінде ірік­теп, жүйелеп, зерделеген абзал. Өйт­кені, министрлікке жолданған ұсы­ныстардың қолдау табуы екіталай. Олар жаттанды шығарыпсалма жа­­­уаптармен құтыла салады, соған әбден үйренген.

Шет елдер тәжірибесіне зер салсақ, тұтас халық болып өздерінің ұлы мақсаттарын айқындайдын кезең­дер болады. Біз де елдің дамуына жетелейтін жалпыхалықтық жоспар құрайық де­гім келеді. Оған жас та, жасамыс та, ға­лым да, оппози­ционер де атсалыссын. Жұ­мыс топ­та­ры құрылып, халықтан келіп түс­кен ұсыныстар қарастырылып, егжей-тегжейлі пысықталса, дұрыс болар еді. Сондай-ақ жұмыс тобының құрамына мемлекеттік қызметшілерді тартпаған абзал. Асылы, әр саланың ұңғыл-шұңғылын жақсы білетін білікті мамандарды жұмылдыру керек. Сонда бұл үдеріс ашық әрі баршаға қолжетімді болады.

Бұл жерде бізде стратегиялық жос­пар, бағдарламалық жоба жоқ деуден аулақпын. Бізде жоба-жоспарлардың түр-түрі бар. Өкініштісі, олардың дені біздегі қарапайым шаруамен емес, шетелдіктермен бірлесе әзір­ле­неді. Еуропада тұратын сарапшылар алыстағы ауылда не болып жат­қа­нын қайдан білсін. Сондықтан олар біздің елдің нақты мүмкіндіктерін ескермейді. Міне, мәселе қайда жатыр. Тағы бір дүниені айтпай кетуге болмас. Біз бір бағдарламаның игілігін көрмей жатып, екіншісін бастап кетеміз. Өкінішке қарай, бұл да дұрыс тенденция емес. Мұның арғы жағында әуелгі бағдарламада көзделген, бірақ орындалмай қалған мақсат-міндеттерді екін­ші бағдарламамен жасырып, жабу ниетін аңғаруға болады.

Қазақстанның болашағына бейжай қарамайтын азамат ретінде жал­пы­халықтық жоспар құру бастамасы «Екінші республика» құру жолындағы іргелі істердің бірі боларына сенемін. Егер осы бастаманы жүзеге асыру бойынша маған сенім артылса, тиісті деңгейде орындауға дайынмын.

Жандос СӘБИТ,

Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының түлегі

Қатысты жаңалықтар

Сарқан ауданында ветеринария саласы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Сарқан ауданында ветеринария саласы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

15.07.2026
Президент жаңа заңға қол қойды: Суррогат ана қызметіне шектеу қойылады

Президент жаңа заңға қол қойды: Суррогат ана қызметіне шектеу қойылады

15.07.2026
Қазақстаннан Қытайдың 11 қаласына ұшақ қатынайтын болады

Қазақстаннан Қытайдың 11 қаласына ұшақ қатынайтын болады

15.07.2026
Алакөлде әйелдер арасында волейболдан аудан чемпионаты өтті

Алакөлде әйелдер арасында волейболдан аудан чемпионаты өтті

15.07.2026
Ел экономикасы 9,5 трлн теңгеге жетті

Ел экономикасы 9,5 трлн теңгеге жетті

15.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.