Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ЕРМЕК ТАШКЕЕВ: ОН БЕС ЖАСЫМНАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАДАМЫН

16 қаңтар 2023
АЛТЫН ТҰҒЫР
ЕРМЕК ТАШКЕЕВ: ОН БЕС ЖАСЫМНАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАДАМЫН
WhatsAppTelegramFacebook

Елімізде даму жөнінен жақсы қарқын алып келе жатқан спорт түрінің бірі – индорхоккей. Индорхоккейден еліміздің Азия аймағында өзіндік орны болса, әлемдік рейтингте алдыңғы қатарға талпынып келеді. Болашағынан мол үміт күттіретін спортшылардың бірі – ұлттық құраманың ойыншысы, Талдықорғанның «Бесарыс» кәсіби спорт клубының мүшесі ЕРМЕК ТАШКЕЕВ.


1998 жылы Талдықорғанда дүниеге келген спортшы бастапқыда күреспен айналысқан. Күрес залы жабылып, бапкерінің жары жаттықтыратын индорхоккей үйірмесіне уақытша қатысуға мүмкіндік алып, 2-3 жарыстан кейін-ақ аталған спортқа 3-сынып оқушысының қызығушылығы оянады. Содан бері хоккей таяғын қолынан тастаған емес. Индорхоккей спорты жылдам ойлап, шапшаң қимылдауды талап етеді. Кейіпкеріміздің алаңдағы орны шабуылшы болғаннан кейін, көп гол салып, ерекше әдіс-тәсіл көрсету үшін барын салып, күнделікті екі уақыт жаттығады. 

Ермек 15 жасынан бері ұлттық құрамамен бірге. Сол кезде жасының кішілігіне байланысты ірі жарыстардан тыс қалып, жаттығуларға ғана қатысты. Тек 2014 жылы Қытайда өткен Азия кубогында еліміздің намысын қорғауға мүмкіндік алды. Алғашқы ірі турнирінде 5 ойында алаңға шығып, Малайзияға екі гол салды. Осы жарыстан кейін кейіпкеріміз тұрақты түрде ұлттық құраманың әр ойынында негізгі құрамнан орын алды. Ермектің есінде ерекше қалған жарыстардың бірі – Азия ойындары. 2018 жылы Индонезияның Жакарта қаласында өткен сары құрылықтың басты додасында 6 ойында 3 гол салды. Өкінішке қарай Қазақстан құрамасы «В» тобында ойнап, келесі кезеңге шықпады. Бұл – кейіпкеріміздің спорттық мансабындағы ірі турнир. Азия ойындарынан Ермек тәжірибе жинағанын, мықты спортшылармен иық тірестіре отырып, ойын деңгейін өсіргенін айтады.  Жарақатына байланысты Азия кубогы мен Қытайда өтетін Азия ойындарына іріктеу турниріне бара алмады. Ермек ақпанда Оңтүстік Африкада болатын индорхоккейден Әлем чемпионатына қатысады. Қазақстан құрамасы ол турнирде «А» тобында Австрия, Нидерланд, Бельгия, Намибия және Жаңа Зеландия құрамаларымен ойнайды.   

Елімізде индорхоккейге деген қолдау жыл өткен сайын жақсарып келеді. Жетісу аймағын еліміз бойынша индорхоккейдің негізгі ошағы десек те болады. Ермек 2011 жылы Талдықорғанда ашылған «Бесарыс» кәсіби спорт клубына қабылданған алғашқы мүшелерінің бірі. Ал 2014 жылы Талдықорғанның «Шығыс» шағынауданында көгалдағы хоккейге арналған алаң бой көтерді. Келешекте индорхоккейге арнап жабық алаң салу да жиі айтылып жүр. «Осындай үлкен қолдау болса, залда еркін жаттығу кестесін құрсақ, әлі талай биікті бағындырып, ірі жарыстардан жүлделі қайтуға мүмкіндік туар еді» – дейді Ермек. Жас спортшының мақсаты айқын. Көгалдағы хоккейден ел атын әлемге танытқысы, Олимпиада ойындарында туымызды жоғары көтергісі келеді.

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

11 қараша 2026
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

11 қараша 2026
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

11 қараша 2026
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

11 қараша 2026
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

11 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.