Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША ЕҢ ҮЗДІК АУЫЛ ӘКІМІ АНЫҚТАЛДЫ — МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ

27 желтоқсан 2022
САЯСАТ
РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША ЕҢ ҮЗДІК АУЫЛ ӘКІМІ АНЫҚТАЛДЫ - МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауының жеңімпаздарымен кездесті.

Аталған агенттік бастамасымен ауылдық округ әкімдері арасында «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсы өткізілді. Конкурстың мақсаты үздік ауыл әкімдерін анықтау және насихаттау.

Кездесу барысында агенттік төрағасы үздік ауыл әкімдерін өз қызметінде халықтың сұранысына сай ашық, адал әрі әділ болу маңыздылығына тоқталып, аталған байқаудың ауылдарды дамытуға және де осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруға оң септігін тигізетіндігіне сенім білдірді. Өз кезегінде ауыл әкімдеріне ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында көшбасшылық, сөз сөйлеу, дағдарыстық коммуникация және басқа дағдыларын шыңдауға арналған арнайы тренингтер өткізілді.

Атап өту керек, конкурсқа қатысу үшін еліміздің түкпір-түкпірінен жүзге жуық ауылдық округ әкімі өтінім берді. Облыстардың арасында Қостанай облысынан 14 әкім, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарынан 12 әкім конкурсқа өтінім беріп, белсенділік танытты.

Байқау екі кезеңде өткізілді: өңірлік және республикалық.

Өңірлік кезеңге қатысушылар ауылдық жерлерде халықтың өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған жобаларды қорғап, экономикалық және әлеуметтік әсері бар ауылды дамыту жөнінде ұсыныстар енгізді. Екінші кезеңде ауыл әкімдерінің проблемалық жағдайлар бойынша ситуациялық кейстерді шешу қабілетіне баға берілді.

Конкурс қорытындысы бойынша Түркістан облысы Шардара ауданы Жаушықұм ауылдық округінің әкімі Нұрбақыт Нұрсейітов «Үздік ауыл әкімі» атағын иеленді.

Екінші орынды Павлодар облысы Успен ауданы Новопокровск ауылдық округінің әкімі Вячеслав Николаевич Симоненко, үшінші орынды Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округінің әкімі Оралбек Әбшанов ие болды. Сондай-ақ, Шығыс-Қазақстан облысы Ұлан ауданы Аблакет ауылдық округінің әкімі Арыслан Агланбеков – «Үздік шаруашыл әкім», Қарағанды облысы Нұра ауданы Баршын ауылдық округінің әкімі Зәуре Мұқанәлиева – «Ашық әкім», Солтүстік-Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округінің әкімі Гүлмира Добромирова – «Үздік әлеуметтік жоба» номинацияларының иегерлері атанды.

Байқау жеңімпаздары мен номинация иегерлері Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Түстүқбаева Айгерім Айдарқызы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Түстүқбаева Айгерім Айдарқызы

Бүгін, 14:31
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Абдрахманов Мақсат Мұхамедкәрімұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Абдрахманов Мақсат Мұхамедкәрімұлы

Бүгін, 14:21
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Абитаев Руслан Игыбайұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Абитаев Руслан Игыбайұлы

Бүгін, 14:09
Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Ысқақ Данияр Санатұлы

Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Ысқақ Данияр Санатұлы

Бүгін, 13:51
Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Шацкий Игорь Александрович

Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Шацкий Игорь Александрович

Бүгін, 13:38

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.