Талдықорған: -2°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

ҚАР – АППАҚ, БҮРКІТ – ҚАРА, ТҮЛКІ – ҚЫЗЫЛ: ҚОНАЕВТА ҚҰСБЕГІЛЕР САЙЫСҚА ТҮСТІ

27.11.2022
ТҮПСАНА
ҚАР – АППАҚ, БҮРКІТ – ҚАРА, ТҮЛКІ – ҚЫЗЫЛ: ҚОНАЕВТА ҚҰСБЕГІЛЕР САЙЫСҚА ТҮСТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қонаев қаласында үш күн қатарынан «Сонар – 2022» республикалық құсбегілер жарысы жалауын желбіретті. Қазақтың аңшылық өнерін дәріптеген дүбірлі дода Мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына орай ұйымдастырылды. Турнирге Қазақстаннан бөлек, көршілес Қырғыз Республикасынан, Қытай елінен, сондай-ақ, Түркия мен Моңғолиядан құсбегілер келді.

Шараның ашылу салтанатына Алматы облысы әкімінің міндетін атқарушы Марат Сұлтанғазиев Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Бақдәулет Сәбитов, «Хабар» медиахолдингінің басқарма төрағасы Берік Уәли, «Қыран федерациясы» қоғамдық қорының президенті Нұрлан Өнербаев, «Қыран федерациясы» қоғамдық қорының атқарушы директоры  Бағдат Мүптекеқызы қатысты.

Додада 19 команда, 100-ге жуық спортшы өнер көрсетті. Аң аулауға 64 бүркіт, 14 қаршыға, 10 шақты ителгі түсті. Ұлттық мұра ұлықталған игі шарада Алматы облысы әкімінің міндетін атқарушы Марат Сұлтанғазиев сөз сөйлеп, көпшілікті аңшылық дәстүрдің жаңғыруымен құттықтады.

— Түркі халықтарының дәстүрін сақтап, жалғастырушы спортшылар, ұлттық ойынды дәріптеуге үлес қосып жүрген қонақтар, сіздерге Қонаев қаласына қош келдіңіздер дейміз. Жаңадан облыс орталығы атанған Қонаев қаласына мән беріп, бүгінгі шараны қолдағандардың бәріне алғыс айтамын. Биыл Түркияда ту тіккен «Көшпенділер ойыны» жарысы енді 2024 жылы Алматы облысында өтпек. Бұл да біз үшін үлкен қуаныш, – деді құттықтау сөзінде Марат Елеусізұлы.

Шарада Алматы облысының спортын дамытуға қосқан үлесі үшін бір топ азаматқа Алғыс хат табыс етілді. Құсбегілер сайысында «Қыран федерациясы» қоғамдық қорының президенті Нұрлан Өнербаев «Хабар» медиахолдингінің басқарма төрағасы Берік Уәлиге арнайы дайындалған садақты сыйға тартты.

— «Сонар» дәстүрлі жарысы 23 жыл бойы Алматы облысы аумағында өткізіліп келеді. Биыл бұл байқау жаңадан орталық болып құрылған Қонаев қаласында өткізілуімен ерекшеленіп отыр. Бұл – құптарлық жайт, – деді Нұрлан Өнербаев.

Құсбегіліктен Алматы облысының аға жаттықтырушысы Елтай Жұмағұлұлы биылғы «Сонардың» ерекшеліктерін түсіндіріп берді. Биылғы жарыста аңға рұқсат етіліп, қыран мен тазылар түлкі алды. Финалға өткен 7 бүркіт «уақытқа тазы алу» ойыны бойынша кім жылдам екенін анықтады. Бұдан бөлек, әр аймақтан жиналған мергендер садақ ату ойынын өткізіп, тазылар аң аулауда өзара жарысқа түсті. Нәтижесінде, түлкіні жылдам алған астаналық Күнтұған Серікбектің бүркіті қара үзіп шықты. Бүркіттің бапкеріне алтын медаль, кубок және 1 миллион теңге ақшалай сертификат табысталды. Бас жүлдеден бөлек, І және ІІ орын иеленген ойыншылар да «Бүркіт», «Қаршыға», «Сұңқар», «Құмай тазы» аталымдары бойынша сыйлықтармен, грамоталармен, ақшалай сертификатпен марапатталды.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

07.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.