Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары! Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың 2022 жылдың 16 қарашасында жоспарланған қала тұрғындарымен кездесуі 2022 жылдың17 қарашасы сағат 11.00-ге ауысқандығын хабарлаймыз.
Кездесу І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өтеді (мекенжайы: Талдықорған қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 67). Сонымен қатар, сағат 10.00-де облыс әкімі қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдайды.
Тұрғындар тарапынан сұрақтар мен ұсыныстар облыс әкімінің ресми блогында және Талдықорған қаласы әкімдігінің ресми сайтында қабылданады. Облыс әкімінің халықпен кездесуінің тікелей көрсетілімі «Jetisu_akimat» Instagram парақшасында және Талдықорған қаласы әкімдігінің «Taldykorganаkimat» Instagram парақшасында жүргізіледі.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





