Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ТАЛҒАРДА ЖАС БАЛУАНДАР БЕЛДЕСІП, БАҒАЛЫ СЫЙЛЫҚПЕН МАРАПАТТАЛДЫ

4 қараша 2022
АЛТЫН ТҰҒЫР
ТАЛҒАРДА ЖАС БАЛУАНДАР БЕЛДЕСІП, БАҒАЛЫ СЫЙЛЫҚПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Сапалы білім, саналы тәрбие беруді өмірлік қағидасына айналдырып, табаны күректей 40 жыл ұстаздық еткен Талғар ауданының Құрметті азаматы, КСРО спорт шебері, ҚазКСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Матан Бекбосынұлының 70 жасқа толуына орай №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде грек-рим күресінен 2006-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында облыстық турнир өтті.

Турнирге облыс орталығы Қонаев қаласының жас спортшыларынан бастап, шалғайдағы Райымбек, Кеген, Балқаш, іргелес Іле, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Жамбыл аудандарынан жасақталған 9 команда келіп, 130-ға жуық спортшы бақ сынасты.

Турнирдің салтанатты ашылуында сөз алған аудан әкімі Қайдар Әбдіханов ардагер Матан Бекбосынұлының білім саласына қосқан өлшеусіз еңбегін атай келіп, бүгінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы ретінде толайым істердің ұйытқысы болып жүргенін айрықша атады. Ойы сергек, қимылы ширақ Матан ағаның небәрі 20 жас шамасында-ақ грек-рим күресінен кеңестік спорт шебері атанып, содан бері спорттың бұл түрінен талай шәкірттерін шыңдап шыққанын аудан жұртшылығы жақсы біледі.

— Спорт – адам денсаулығының кепілі. Ауырмай, ұзақ жасау үшін спортпен айналысудың маңызы зор. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та бұқаралық спортты жандандыруға айрықша назар аударуда. Шарада облыстың барлық аудандарынан күрескер жастар мен жасөспірімдер келіп, бақтарын сынады. Жас өскіннің спортқа деген қызығушылықтары басым. Бұған қуанып қана қоймай, әркез қолдау білдіруіміз қажет, – деді ардагер спортшы Матан Бекбосынұлы.

Жарыс қорытындысында салмақ дәрежелеріне қарай белдескен турнир жеңімпаздары Ұзынағаштан Әлихан Әбілменшінов, Айбар Қабылқақ, Дулат Тұрсынбек, Бақанастан Елдар Мұқанғали, Талғардан Нұрқанат Қасымбек, Бақтықожа Әкежан, Темірғали Ерасыл, Қонаевтан Ерғали Тұражы, Бақтұр Советхан, Кегеннен Еркебұлан Анапия, Қаскелеңнен Арман Қимади бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ұлбосын ИСАБЕК

Талғар ауданы,

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Талдықорған орталығында отшашу атқан тұрғын жауапкершілікке тартылды

Талдықорған орталығында отшашу атқан тұрғын жауапкершілікке тартылды

Бүгін, 11:00
729 қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты

729 қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты

Бүгін, 10:30
Халықтың орташа жасы өсіп, егде жастағылардың үлесі артып келеді

Халықтың орташа жасы өсіп, егде жастағылардың үлесі артып келеді

Бүгін, 10:06
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

Бүгін, 09:31
Елімізде жаңартылатын энергетика мен қайта өңдеу саласы дамиды

Елімізде жаңартылатын энергетика мен қайта өңдеу саласы дамиды

Бүгін, 09:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.