Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

АЛМАТЫДА ҚОШҚАР КӨТЕРГЕН ЖІГІТ КӨПШІЛІКТІ ТӘНТІ ЕТТІ — СПАРТАКИАДА

1 қараша 2022
АЛТЫН ТҰҒЫР
АЛМАТЫДА ҚОШҚАР КӨТЕРГЕН ЖІГІТ КӨПШІЛІКТІ ТӘНТІ ЕТТІ - СПАРТАКИАДА
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы қалалық дін істері басқармасының басшылығымен «Ұлттық мұра» бағдарламасы аясында Алматыда кезекті спартакиада өтті. Бұқаралық-спорттық шараның шартына сәйкес, 16 жастан асқан Алматы қаласының тұрғындары қатысуға мүмкіндік алды. Аталған шара барысында қатысушылар арқан тарту, армрестлинг, гір тасы мен қошқар көтеру, асық ату, мини-футбол секілді спорт түрлерінен бақ сынады.

Жиналған жамағаттың назарын өзіне аударған – «Қошқар көтеру» сайысы болды. Өйткені, жеңімпаз атанған балуан қошқарды жетектеп қайтады. Бәске екі бірдей қошқар тігіліп, жиналған көпшіліктің өз бақтарын сынап көрулеріне мүмкіндік берілді. Алғашқы топта Айдын Нұғыманов 54 рет көтеріп жеңіске жетсе, екінші топтан Бауыржан Әбдіқайымов ешкімге дес бермеді. Ол тіпті екі минут ішінде 58 рет көтерді.

— Біріншіден осы сапартакиаданы ұйымдастырған қалалық дін істері жөніндегі басқарма басшылығына және «Ұлттық мұра» бағдарламасына алғысымды айтамын. Өзім «қошқар көтеру» сайысында жеңімпаз болдым. Кеше ғана Алматы облысында өткен жарыста уақыт шектеусіз болып, 1115 рет көтерген едім. Бұл жолы 2 минут қана берілгендіктен 58 рет көтердім. Осындай спорттық шаралар жиі өткізіліп тұрса, қала халқының салауатты өмір салтын ұстануына және денсаулықтарының мықты болуына ықпал етеді, — деді спартакиада жеңімпазы Бауыржан Әбдіқайым.

Гір тасын көтерген білекті жігіттер де көпшілікті тамсандырды. Тасты 101 рет әуелеткен Айдын Нұғыманов бас жүлдені иеленсе, 72 рет көтерген Абзал Тілеубаев екінші орынға тұрақтады. Жүлделі үштікті 71 рет көтерген Сайфулла Мәліков түйіндеді.

Арқан тартқанда ұйымшылдық танытқан «Асқар» тобының апайтөс жігіттері топ жарды. Финалда есе жіберіп алған «Құдайберген» тобы 2-орын, ал «Заря» тобы 3-орынға тұрақтады.

Ұлттық ойын – асық атуда мергендігімен көзге түскен Диас Серікбаев жеңімпаз болды. Ал білекті жігіттердің бәсекесі – армрестлингте Абзал Тілеубаев мықты екенін дәлелдеді.

Футбол турнирінде 28 команда өнер көрсетті. Топтық кезеңнен де, плей-ооф ойындарынан да мүдірмей өткен «Алғабас» пен «Арлан» командалары бас жүлдені өзара сарапқа салды. Тартысты өткен финалдық ойында «Алғабас» футболшылары жеңіске жетіп, чемпион атанды. Ал, жүлделі үштікті «Іле-Алаш» командасы түйіндеді.

Жарыс соңынан жеңімпаздар мен жүлдегерлер  ұйымдастырушылар  тағайындаған бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Шараның негізгі мақсаты да мешіт жамағаты арасында дене шынықтыру мен спортты, салауатты өмір салтын насихаттау. Сонымен қатар исламның дәстүрлі емес ағымының жетегінде жүрген жандарға асыл діннің оң жолын көрсету.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Фото — Ольга АПЕЛЬГАНЕЦ

Алматы қаласы

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

11 қараша 2026
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

11 қараша 2026
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

11 қараша 2026
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

11 қараша 2026
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

11 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.