Талдықорған: +16°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

БАР МӘСЕЛЕ БАСТЫ НАЗАРДА. ОБЛЫС ӘКІМІ ҰЙҒЫР АУДАНЫНА БАРДЫ

13.10.2022
ӘЛЕУМЕТ
БАР МӘСЕЛЕ БАСТЫ НАЗАРДА. ОБЛЫС ӘКІМІ ҰЙҒЫР АУДАНЫНА БАРДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің кезекті іссапары Қарадала өңірінде жалғасты. Облыс басшысы кездесуде елдің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Қойылған сауалдар негізінен әлеумет, білім, медицина, тұрғын үй, газдандыру, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнесті дамыту, құрылыс және жалпы экономика салаларына қатысты болды. Сондай-ақ, жиында өңірдің соңғы 8 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жан-жақты баяндалды.

Халықпен кездесуде облыс әкімі аты аңызға айналған тұлға, мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың 100 жылдығымен құттықтап өтті. Әкім өз сөзінде Асанбай Асқаровтың елге сіңірген еңбегін, оның ішінде, Алматы облысының дамуына қосқан үлесі зор екенін тілге тиек етті.

Кездесуде облыс әкімі биылғы 8 айда өңір экономикасы бойынша барлық салада оң өзгеріс байқалып отырғанын мәлімдеді.

Мәселен, инвестиция 19 пайызға ұлғайған. Өңірден жалпы көлемі 500 млрд.теңгеге жуық салық түскен. Өнеркәсіп өндірісі 6,1 пайызға өсіп, шамамен қаржы көлемі 1 трлн.теңгені құраған.

– Дегенмен, облыста жүргізіліп жатқан игі жұмыстарға қарамастан, жекелеген салаларда бірқатар мәселелер туындап отыр, – деді Марат Елеусізұлы.

Сөзіміз дәлелді болу үшін Ұйғыр ауданы ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егістік көлемі бойынша облыста 9-шы орында тұрғанын айтып өтсек те жеткілікті.

– Ауданның барлық егістік алқаптарының үштен бірін жүгері алқабы алады. Ал оның жалпы түсімі 83 мың тонна. Басқаша айтқанда, аудан облыс көлемінде өсірілетін жүгерінің төрттен бір бөлігін береді және облыс бойынша Еңбекшіқазақ ауданынан кейін екінші орында. Бұл, әрине, жақсы көрсеткіш. Алайда ауданда жүгері өңдейтін кәсіпорындар жоқ. Біз агроөнеркәсіп кешені өнімдерін қайта өңдеуді дамытуға тиіспіз. Бұл сала әлі күнге дейін дұрыс жолға қойылмаған. Бұл мәселені шешу керек, – деді облыс басшысы.

Қарадала өңірі жеміс-жидек, әсіресе, жүзім өсіру бойынша облыс көлемінде алдыңғы қатарға шыққан. Ауданда «Шонжы Агро» кәсіпорны танымал. Кәсіпорын 500 гектар жерде өрік, шабдалы, қара өрік және шие өсіреді және қайта өңдеумен айналысады.

– Ауданның жеміс-жидек дақылдары бойынша әлеуеті зор. Мұнда инвесторларды тарта отырып, қайта өңдеуді дамыту қажет. Сонымен қатар, ауданда жалпы сыйымдылығы 120 тонна болатын екі көкөніс сақтау қоймасы бар, біреуін күрделі жөндеуден  өткізген жөн. Бұл қоймалар жиналған өнімнің тек 0,2 пайызын ғана сақтауды қамтамасыз етеді. Жалпы, өсімдік шаруашылығындағы негізгі мәселе – таулы аймақта орналасқан ауылдарда судың болмауы. Бұл мәселені шешу үшін тау өзендерінде су қоймаларын салуымыз керек, – деген Марат Елеусізұлы мал шаруашылығы, құс өсіру, бау-бақша, су жүйесінде де шешілмеген проблемалар бар екенін алға тартты. Бірақ оң динамиканы сақтау үшін аудан басшылығының қолдауымен шаруалардың күш-жігерін нақты іске, жүйелі жұмысқа бағыттау керектігін айтты. Бұл орайда құс шаруашылығында біршама жақсы көрсеткіштер сақталған.

Мәселен, өңірде «Прима Құс» құс фабрикасының құрылысы жүргізілуде. Бұл нысан іске қосылса, болашақта тағы 580 жұмыс орны ашылады деген сөз.

Жиында өңір экономикасы жайлы толыққанды мәлімет берген облыс әкімі өзінің орынбасары Арслан Дандыбаевқа, ауыл шаруашылығы басқармасына аудан әкімімен бірлесіп, озық технологияларды қолдану арқылы ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру шараларын әзірлеу, Ават, Ақтам, Кетпен, Қалжат, Қырғыз, Кіші Дихан, Сүмбе ауылдық округтеріндегі су қоймаларының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді, сондай-ақ, Сұңқар және Тиірмен таулы өзендерінде су қоймаларын салу жобаларын одан әрі іске асыру мәселесін зерделеуді, жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу бойынша өндіріс орындарын ашуға инвесторларды тартуды жандандыруды, бордақылау алаңдарын, сүт фермаларын, жылыжайлар мен көкөніс қоймаларын құру бойынша шаралар қабылдауды, «Прима Құс» фабрикасы құрылысын уақытында аяқтауды тапсырды.

Марат Елеусізұлы облыста 105 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейтінін, оның ішінде, Ұйғыр ауданында 5 мың кәсіпорын барын, онда 8,3 мың адам еңбек ететінін баяндады. Бірақ бұл облысқа шаққанда, бар болғаны 5 пайызды ғана көрсетіп отырғанын жеткізді.

— Әкімдікке инвесторларды тарту жұмыстарын жандандыруды, қолданыстағы бағдарламалар аясында кәсіпкерлерге көмек көрсетуді тапсырамын. Мен, әсіресе, туризм туралы айтқым келеді. Атап айтқанда, біз үшін халықаралық туризмнің маңызы зор. Өйткені, бұл өлкенің басты құндылығы – табиғатында. Облыс аумағында түрлі туристік ресурстардың болуы және қолайлы климаттық жағдайлар туристерді қыста да, жазда да қабылдауға мүмкіндік береді, – деді облыс басшысы.

Қазіргі уақытта аудан аумағында 200-ге жуық ыстық су көзі мен 55 демалыс орны бар. Өткен жылы ыстық су көздеріне келушілер саны 116 мың адамды құраса, көрсетілген қызмет көлемі 538 млн. теңгеге жетіп, 2020 жылмен салыстырғанда 30 пайызға өскен. Осы орайда облыс басшысы туризмді ары қарай қарқынды дамыту, халықты қолжетімді баспанамен, су және газбен қамтамасыз ету, мектеп құрылысын жандандыру, Мәдениет үйлерін салу, кәріз, мәселелері бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырма жүктеді.

Жиынның келесі бөлігінде аудан тұрғындары көкейде жүрген сауалдарын қойды. Мәселен, Қырғызсай ауылының тұрғыны Әлібек ақсақал Мәдениет үйін салу туралы ұсыныс айтса, шонжылық Ділшат есімді қария кәріз жүйелері тозғанын алға тартты. Бұл сұрақтарға облыс әкімі: «Айтылған мәселелер өте өзекті. Жағдайды білеміз. Болашақта мәдени нысандары жоқ елді мекендерге көпсалалы ғимараттар салсақ деп жоспарлап отырмыз. Яғни, Мәдениет үйінің ішінде кітапхана да, басқа да қажетті қызмет көрсету орталықтары болады. Дардамты және Сүмбе ауылдарындағы ауылдық клубтар 50-60-шы жылдары салынған, олар – саман типтес, барлық іс-шаралар мектептің акт залында өткізіледі. 2 052 адам тұратын Қырғызсай ауылында клуб жоқ. Жаңа клуб салу керек. Тасқарасу ауылында 1985 жылы салынған Мәдениет үйі бар, онда бірде-бір рет күрделі жөндеу жүргізілмеген. Ал кәріз жүйесіне келсек, әрине, аудан орталығында мұндай кемшіліктің болуы дұрыс емес. Мысалы, Қонаев қаласында да бүкіл кәріз жүйесі 100 пайызға тозған. Мұндай мәселелердің барлығын жобалық-сметалық құжаттарын реттеп, инвесторлар тарту арқылы жүзеге асырған жөн», – деп жауап берді.

Кездесуден кейін облыс әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.

Қуаныш ТҰНҒАТАР

Ұйғыр ауданы,

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Көрермен көңіліне орныққан «Капитан Байтасов»

Көрермен көңіліне орныққан «Капитан Байтасов»

30.04.2026
Теңдессіз спорт кешені салынуда

Теңдессіз спорт кешені салынуда

30.04.2026
Өнердегі өшпес мұра

Өнердегі өшпес мұра

30.04.2026
Кітап пен кітапханашы руханияттың тамыры

Кітап пен кітапханашы руханияттың тамыры

30.04.2026
Президент Ресейдің сыртқы істер министрі Лавровты қабылдады

Президент Ресейдің сыртқы істер министрі Лавровты қабылдады

30.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.