Талдықорған: +20°C
$ 460.80
€ 541.21
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫН АРАЛАДЫ

09.09.2022
ӘЛЕУМЕТ
САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫН АРАЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік ЖҰМАНҒАРИН Алматы облысына іссапармен келді. Министр Есік қаласындағы аудан әкімдігінің мәжіліс залында жиын өткізіп, бизнес өкілдерімен кездесті. Жергілікті өнім өндірушілердің ой-пікірлерін тыңдады.

Жиынды Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ашып, жүргізіп отырды.

– Бүгін біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша мәселелер мен ұсыныстарды талқылайтын боламыз. Сол үшін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Мақашұлы арнайы келіп отыр, – деді аймақ басшысы.

Серік Жұманғарин жиынға қатысушыларға қант бағасының шарықтап өсіп кету себебін түсіндірді. Соған байланысты Үкімет қант тапшылығын жою тетіктерін айқындап, оның бағасын реттеуді қолға алған.

Министрдің айтуынша, халықты әбігерге салған қант тапшылығына сыртқы фактор әсер еткен. Яғни, көршілес Ресей қант экспорттауды тоқтатқан. Соның салдарынан шикізат қоры азайған.

– Бұл мәселеге Үкімет ерекше назар аударып отыр. Елімізде қант өндірумен айналысатын 4 зауыт жұмыс істейді. Олардың жылына 700 мың тоннаға дейін өнім өндіруге қауқары бар. Енді сол өндіріс орындарын шикізатпен толық қамтамасыз етеміз. Оған кететін қаржы әр өңірдің әкімдігіне тиесілі емес, бір орталықта шоғырланады. Соның арқасында шикізатқа кететін қаражат мұқият бақыланады. Баға реттеледі, – деді Серік Мақашұлы. Сонымен қатар, картоп, сәбіз және сүт өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жұмыстары да жолға қойылыпты. Министр оған да тоқтала кетті.

– Былтыр сәбіз бен картоптың айналасында біраз дау-дамай туындағаны белгілі. Жуырда аталған көкөністерді көп өсіретін Жамбыл, Алматы, Қарағанды және Павлодар облыстарының 20 ірі шаруашылық иелерімен кездестік. Оларға тыңайтқыш сатып алуға қаржылай көмек беруді ұйымдастыратын болып келістік. Нәтижесінде алдағы уақытта картоп пен сәбіздің бағасы шарықтамайды. Сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындармен де осындай екіжақты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұдан былай әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы қатаң бақыланатын болады. Бұрынғыдай бейқамдыққа  жол берілмейді, – деді Серік Жұманғарин.

Келесі кезекте бизнес өкілдері өздерінің ойларын ортаға салды. Ала жаздай еңбек еткен шаруалар алған өнімдерін базар сөрелеріне тікелей шығарып, саудалауға мүмкіндік болса деген ниеттерін жеткізді. Бұл мәселе бойынша облыс әкімдігі жүйелі жұмыс жүргізіп жатқаны белгілі болды. Аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, қазіргі таңда Алматыдағы ірі базарлармен тиісті келісімшарттар жасалған.

– Жуырда Қарасай ауданы мен «Алтын орда» базары меморандумға қол қойды. Ондағы 100 орын шаруа қожалықтары үшін бөлініп отыр. Сонымен қатар қаланың ішіндегі сауда нүктелерінде ауылшаруашылық өнімдер орындар бөлуге барынша күш салып жатырмыз, – деді Марат Елеусізұлы.

Жиын аяқталған соң, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғазин бастаған топ аудандағы бірқатар өндіріс орындарын аралады. Алдымен «UNIFRUT» компаниясына қарасты алма баққа келді. 100 гектар алқапты алып жатқан интенсивті бақта алма жинау науқаны қарқынды жүріп жатыр. Сыйымдылығы 5000 тоннаға арналған жеміс сақтайтын қоймалар күздің жаңа өнімін қабылдауға дайын. Сонымен қатар, компания интенсивті бақтарға арналған бағандар шығарумен де айналысады.

Бұдан кейін С.Жұманғарин Есік жеміс консервілеу зауытында болды. Аталған кәсіпорын 2010 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келеді. Зауыт тәулігіне 600 тонна қызанақ және 300 тоннаға дейін басқа да жеміс-көкөніс өнімдерін шығарады. 84 адам жұмыс істейді. Маусым кезінде олардың саны 200 адамға жетеді. Кәсіпорын басшылары табыстары туралы айта келіп, өзекті мәселелердің де бар екенін жасырмады. Соның бірі ретінде логистикаға ақша бөлуді өтінді. Министр әңгіменің мәнісін түсініп, қаржылай көмек беруді қолдады. Жеміс консервілеу зауытына қарасты алқап жыл өткен сайын берекесін арттырып отыр. Қазір мұндағы   200 гектарға өрік, 400 гектарға қызанақ және 200 гектарға алма өсіріледі.

Одан кейін «Адал» агроөнеркәсіп кешенін аралады. Ондағы сүт өндірудің заманауи технологияларымен танысты. Кәсіпорын мен тұтынушылар арасындағы байланысты жандандырудың тиімді жолдарын қарастырды. «Адалдықтар» тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлердің қаперге алынатынын сөз етті. Басты мақсат – ­ халыққа күнделікті қажет азық-түлік тауарларының мол және қолжетімді болуын қамтамасыз ету. Сол міндеттердің ойдағыдай орындалуына әрбір кәсіпкер мүдделі.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары ­– Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин осы мазмұндас іссапарды бұдан кейін Алматы қаласында жалғастырды.

Болат МӘЖИТ

Фото — Аслан ҚАЖЕКЕ

Еңбекшіқазақ ауданы,

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

«Болашақ» бағдарламасында шәкіртақы өседі

«Болашақ» бағдарламасында шәкіртақы өседі

28.04.2026
Елімізде салықты есептегенге жасанды интеллект енгізілді

Елімізде салықты есептегенге жасанды интеллект енгізілді

28.04.2026
Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai орталығына барды

Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai орталығына барды

28.04.2026
Достық стансысында көлік прокуроры тағайындалды

Достық стансысында көлік прокуроры тағайындалды

28.04.2026
Жетісуда 4 қап балық тасымалдаған жүргізуші ұсталды

Жетісуда 4 қап балық тасымалдаған жүргізуші ұсталды

28.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.