Талдықорған: -7°C
$ 479.02
€ 551.11
₽ 5.82
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

АТА ЗАҢ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ БАЛУАНДАР БЕЛДЕСІП, СӘЙГҮЛІКТЕР ЖАРЫСТЫ

31.08.2022
АЛТЫН ТҰҒЫР
АТА ЗАҢ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ БАЛУАНДАР БЕЛДЕСІП, СӘЙГҮЛІКТЕР ЖАРЫСТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған атшабарында Конституция күніне орай қазақ күресінен және аламан бәйгеден облыстық ашық турнир өтті. Сайысты Жетісу облысының әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ тамашалады. Бұл туралы «Жетісу» газетінің тілшілері хабарлады.

Жарыстың салтанатты ашылуында  облыс басшысы сөз алып, жұртшылықты Конституция күнімен құттықтады.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт саулығын нығайтуға, бұқаралық спортты дамытуға ерекше назар аударып отыр. Бұл тұрғыда өңірде дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынып, спорт нысандарының материалдық-техникалық базасы нығайтылуда. Сол сияқты ұлттық спорт түрлерін дамытуға үлкен көңіл бөлініп, ат жарысы, көкпар тарту, қыз қуу, аударыспақ, жамбы ату, қазақ күресінен жарыстар дәстүрлі түрде өткізіледі.
Бүгінгі турнир сол игі шаралардың жалғасы іспеттес,
– деп ізгі тілегін білдірді облыс әкімі.

Доданың алғашқы дүбірі аламан бәйгеден басталды. Сәйгүліктердің шабысын тамашалауға келген көрерменнің қарасы көп болды. Сөреден тізгін жіберген жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар деген 80-ге жуық сәйгүлік даланы дүбірге бөлеп, 41 шақырымға бауыр жаза көсілді. Ылдидан шапса төске озған сәйгүліктердің додасы тартысқа толы. Соңғы айналымдарда мықты деген дүлдүлдер суырылып алға озып, өз алдарына жеке бір топ құрса, бабы келіспеген біраз жүйрік жарыс жолынан қалыс қалды.

Желмен жарысқан жүйріктер жарысының қорытындысы бойынша 1-орынды Жамбыл ауданынан келген Дәурен Серіковтің «Қарақыз» атты сәйгүлігі еншіледі. Жеңімпазға «LADA Granta» автокөлігі табысталды. Тұғырдың екінші сатысынан Оралдан келген Жанқабыл Сәтбаевтің жүйрігі көрініп, үш жылқы жеңіп алды. Үздік үштікті Жамбыл облысынан келген Бекжан Екібаевтың сәйгүлігі түйіндеді. Ат иесіне 2 жылқы берілді. Мәре сызығын 4-ші болып Думан Әбілжанның тұлпары кесті. Ат иесіне 1 жылқы табысталды. 5-орынды кегендік Жандос Нартбайдың тұлпары еншіледі. Оған бұқа табысталды. 6-7-орынды еншілеген жүлдегерлер Әсет Асылбеков пен Ердос Құнашқа да бағалы сыйлықтар ұсынылды.

Осыдан кейін балуандар белдесті. Қазақ күресі десе жанын беретін жанкүйерлер сынға түскен балуандарды қызу қолдап отырды. Жауырыны жерге тимеген 30 балуан әуелі жеребе тартып, қарсыластарын анықтады. Сен тұр мен атайын дейтін кіл мықтылар екі топқа бөлініп, күресті бастап кетті. Бозкілемдегі балуандардың белдесуі тартысқа толы болды. Жарыс қорытындысы бойынша білек күші мен әбжіл әдіс арқылы қарсыластарын қоғадай жапырған қызылордалық Мақсат Исақабылов жеңімпаз атанып, 2 млн.теңгенің сертификатын еншіледі. Күміспен күптелген Солтүстік Қазақстанның балуаны Мұхит Тұрсынов 1 млн.теңгені сертификаты табысталды. Қола жүлдегер атанған Алматы облысының балуаны Мәди Еділбаевқа 500 мың теңге берілді.

***

Ата заң күніне арналған мерекелік шара ары қарай «Жастар» мәдениет және демалыс саябағында өткен концертке ұласты. Ән әуелеп, күй күмбірлеген шара басында облыс әкімінің орынбасары Рустам Әли құттықтау сөз сөйлеп, ел іргесінің берік болуын, бақытты да берекетті ғұмыр кешуін тіледі. Ел Президентінің бірегей саясатының арқасында Қазақстанның қуатты мемлекетке айналып келе жатқанын, жастардың бәсекеге қабілетті болуы үшін білім теңізінде еркін жүзуі керектігін атап өтті.

Өз кезегінде М.Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрі, «Алтынай» мемлекеттік халық би ансамблінің өнерпаздары мерекелік концерттің көрігін қыздырды.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ,

Айдар ҚАЛИЕВ

Фото — Жұмабай МҰСАБЕК

Жетісу облысы

Қатысты жаңалықтар

Жетісу облысында қауіпсіздік күшейтілді

Жетісу облысында қауіпсіздік күшейтілді

17.03.2026
Іле өзенінде балық аулауға тыйым салынды

Іле өзенінде балық аулауға тыйым салынды

17.03.2026
Мектеп оқушылары ұлттық құндылықтарды дәріптеді

Мектеп оқушылары ұлттық құндылықтарды дәріптеді

17.03.2026
Наурыз мерекесіне орай 160 қосымша рейс ашылды: Әуе компанияларының жаңа кестесі

Наурыз мерекесіне орай 160 қосымша рейс ашылды: Әуе компанияларының жаңа кестесі

17.03.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты

17.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.