Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ҚОНАЕВТА ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫС БОЛДЫ. ЖЕҢІМПАЗ КІМ?

23 тамыз 2022
АЛТЫН ТҰҒЫР
ҚОНАЕВТА ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫС БОЛДЫ. ЖЕҢІМПАЗ КІМ?
WhatsAppTelegramFacebook

Қонаев қаласының орталық саябағында аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына орай жекпе-жек ұлттық спорт түрінен балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Тайсалма» атты дәстүрлі халықаралық турнирі өтті.

Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев өзінің құттықтау сөзінде: «Құрметті жарысқа қатысушылар мен қонақтар! Қонаев қаласында көптеген спорттық жарыстар өткізіледі. Бұл турнир Алматы облысы әкімінің қолдауы және Д.Қонаев атындағы қордың демеушілігімен қолға алынды. Жекпе-жектің барлық жас өкілдеріне сәттілік, еңбексүйгіштік, жоғары шеберлік тілеймін, өздерінің спорттық мансаптарында халықаралық жарыстарда Еліміздің намысын қорғауға лайық болсын», – деді.

«Динамо» ДСҚ» ҚБ төрағасының бірінші орынбасары Асқар Омарқұлов осы спорт түрін насихаттау қажеттігін атап өтіп, жекпе-жектің жас өкілдеріне еліміздің нағыз патриоты болып өсуіне тілектестігін білдірді.

Оңтүстік Қазақстан облысының, Алматы және Қонаев қалалары мен 11 ауданның Құрметті азаматы Мүсілім Дайырбеков балалар мен жасөспірімдердің Қажымұқан жолын жалғастырып келе жатқанын айтып, турнир қатысушыларына сәттілік тіледі.

Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының президенті Өмірәлі Жалаири жас спортшыларға бата берді. «Жекпе-жек» дүниежүзілік қауымдастығының президенті Сабыржан Махмет осы халықаралық жарысқа ҚХР, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қазақстанның облыстары мен республикалық маңызы бар үш қаласынан 200 спортшы қатысып, жартылай финал Қордай қаласында өткенін айтты. 

Финалға 8 команда, 40-қа жуық спортшы қатысты. Алматы облысының спортшылары – 2008-2009 жылдары туған жасөспірімдер арасында 38 келі салмақ санатында Богдан Курбанов, 2014–2015 жылы туған балалар арасында 21 келі салмақ дәрежесінде Медеубай Жантөре, 2012–2013 жылы туған балалар арасында 29 келі салмақ са­натында Медеубай Мақсат, 33 келі салмақ дәрежесінде Ыбырай Нұрислам, 35  келі  салмақ  санатында  Алдияр  Рахатұлы, 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында 40 келі салмақ дәрежесінде Ермек Мұзат, 2010–2011 жылы туған жасөспірімдер арасында 45 келі салмақ санатында Тұрсын Айдын, 2008–2009 жылы туған жасөспірімдер арасында 50 келі салмақ дәрежесінде Ибрай Темірлан жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок, медаль және грамотамен марапатталды.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қонаев қаласы,

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

11 қараша 2026
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

11 қараша 2026
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

11 қараша 2026
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

11 қараша 2026
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

11 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.