Талдықорған: +26°C
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

БІРНЕШЕ МЕКЕМЕГЕ ЖАҢА БАСШЫ КЕЛДІ. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ АУЫС-ТҮЙІСТЕР

23.08.2022
КҮНДЕРЕК
БІРНЕШЕ МЕКЕМЕГЕ ЖАҢА БАСШЫ КЕЛДІ. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ АУЫС-ТҮЙІСТЕР
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысында кадрлық ауыс-түйістер жалғасуда. Соңғы бір айдың көлемінде бірнеше мекемеге жаңа басшы келді. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Атап айтқанда, облыс әкімінің өкімімен Айгүл Матанқызы Ахметова Алматы облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Айгүл Матанқызы 1966 жылы туған, білімі жоғары, 1994 жылы Әл Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2009 жылы Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы Алматы қаласы Калинин аудандық сотының сот отырысы хатшысы болып бастаған.

Әр жылдары Алматы қаласы Калинин ауданының халықтық сотының кеңсе бастығы, Алматы облыстық соттар алқасының тағылымдамадан өтушісі, адвокаты, Алматы қаласы Әділет департаментінің бас маманы, Алматы қаласы Түрксіб, Алмалы, Медеу аудандарының халыққа қызмет көрсету орталықтарының директоры, Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары, Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы, Алматы қаласы әкімі аппаратының бөлім басшысы лауазымдарын атқарған.

2022 жылдың қаңтар айынан Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымында.

***

Облыс әкімінің өкімімен Ваисов Асыл Нұралиұлы Алматы облысы мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Асыл Нұралиұлы 1979 жылы туған, білімі жоғары. 2001 жылы Қазақтың мемлекеттік аграрлық университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша, 2005 жылы Орта Азиялық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Қаржы полициясы органдарындарында бастаған.

Әр жылдары «РосКазСекьюрити», «Арлан GROUP Секьюрити» ЖШС директорының орынбасары, директоры, ЖШС директоры, Талғар ауданы кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, Панфилов ауылдық округінің әкімі, лауазымдарын атқарған.

2021 жылдың сәуірінен Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары лауазымында.

***

Облыс әкімінің өкімімен Қуаныш Бақытұлы Алматы облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Қуаныш Бақытұлы 1977 жылы туған, білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін «Халықарлық қатынастар» мамандығы бойынша, 2008 жылы Шымкент университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы «Пром ЭКС» жабық акционерлік қоғамының менеджері болып бастаған.

Әр жылдары «Фирма Алмекс» ЖШС бас директорының көмекшісі, «Дау-Строй» ЖШС директорының орынбасары, «Цесна-ТелКом», «Казахойл-Сервис» ЖШС бас менеджері, «J&J Decor» польшалық компаниясының экспорт бойынша директоры, Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің көмекшісі, бас эксперті, аппарат басшысы, Алматы қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығың орынбасары, Әуезов ауданы әкімінің орынбасары, Алматы халықаралық аэропорты жүк тасымалы қызметінің бастығы лауазымдарын атқарған.

***

Аппарат басшысының бұйрығымен Ахилбеков Самат Мұхатұлы Алматы облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды.

Самат Мұхатұлы 1981 жылы туған, білімі жоғары. 2002 жылы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжін «Кеден ісі», 2004 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Қаржы және несие», 2004 жылы Оңтүстік Қазақстан Ашық университетін «Құқықтану», 2007 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Есеп және аудит», 2014 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын «Іскерлік әкімшілік шебері», 2020 жылы Бостон университетін «Жобаларды басқару саласындағы жаратылыстану ғылымдары» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы «Қазақстанның индустриалды банкі» АҚ несие инспекторы болып бастаған.

Әр жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының эксперті, жетекші маманы, бас маманы, басқарма бастығы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша «Даму» АҚ аумақтық филиалдарының директоры лауазымдарын атқарған.

2021 жылдың ақпанынан «Еуразиялық банк» АҚ атқарушы директоры лауазымында.

***

Алматы облысы әкімі аппараты басшысының бұйрығымен Айдын Әуесбайұлы Әуесбай Әдеп жөніндегі уәкіл болып тағайындалды.

Айдын Әуесбайұлы 1981 жылы туған, білімі жоғары. 2005 жылы М.Тынышбаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «құрылысты механикаландыру және автоматтандыру» мамандығы бойынша, 2012 жылы Ө.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы Жамбыл аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

Әр жылдары Ұзынағаш селолық округі әкімінің орынбасары, Жамбыл аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы, Райымбек ауылдық округінің әкімі, Қарасай ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымдарын атқарған.

2020 жылдың желтоқсан айынан Қарасай ауданы әкімінің орынбасары лауазымында.

***

Облыс әкімінің өкімімен  Дастан Сұлтанмұратұлы Құдабаев Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Дастан Сұлтанмұратұлы 1971 жылы туған, білімі жоғары. 1993 жылы Алматы зооветеринарлық институтын «зооинженер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Шәлкөде шаруалар бірлестігінің ферма зоотехнигі болып бастаған.

Әр жылдары «Шынар» шаруа қожалығының төрағасы, Шәлкөде ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Қарасаз, Шәлкөде ауылдық округтерінің әкімі, Райымбек ауданы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарған.

2018 жылдың мамыр айынан Кеген ауданы әкімінің орынбасары.

***

Алматы облысындағы ауыс-түйістер мұнымен шектелген жоқ. Жуырда, сонымен бірге, Алматы облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне Құлмұханбет Исаков, Алматы облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Салтанат Беспаева, Алматы облысының прокуроры болып Берік Адамов, полиция департаментінің басшысы болып Бауыржан Әленов тағайындалған еді.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Кербулак ауданының 9 ауылы табиғи газға қосылды

Кербулак ауданының 9 ауылы табиғи газға қосылды

13.07.2026
Ольга Зверева. «Жетісуда» барлық жағдай жасалған

Ольга Зверева. «Жетісуда» барлық жағдай жасалған

13.07.2026
10 күнде 121 келі синтетикалық есірткі тәркіленді

10 күнде 121 келі синтетикалық есірткі тәркіленді

13.07.2026
Физикадан тарихи триумф: Қазақстан әлемнің ең беделді олимпиадасында бес алтын иеленді

Физикадан тарихи триумф: Қазақстан әлемнің ең беделді олимпиадасында бес алтын иеленді

13.07.2026
Грантқа құжат қабылдау басталды: Шекті баллдар қандай?

Грантқа құжат қабылдау басталды: Шекті баллдар қандай?

13.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.