Талдықорған: -0°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ЖАЛҒАН-АЙ! 22 ТАМЫЗ — ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВТЫҢ ӨМІРДЕН ӨТКЕН КҮНІ

22.08.2022
ЖАНСАРАЙ
ЖАЛҒАН-АЙ! 22 ТАМЫЗ - ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВТЫҢ ӨМІРДЕН ӨТКЕН КҮНІ
WhatsAppTelegramFacebook

Ұлт мақтанышы Дінмұхамед Қонаев кызмет бабымен алыс-жақын мемлекеттерге сапарға аттанарда әкесі Меңліахмет ақсақалдың алдына келіп, ақ батасын алуды ұмытпаған. Сондай-ақ, жұмысқа көлік мінбей, оққағарсыз аяңдап жаяу баруды жөн көретінін естіген едік.

Меңліахмет ақсақал мен Зәуре Байырқызының 9 баласының алды – Дінмұхамед іні-қарындастарына ағалық мейіріммен қамқор болғанымен, олардың ешқайсысын мансап биігіне көтермеген. Әрқайсысы өз білімі мен еңбегіне сенім артқан жандар еді. Оған қоса Димаш атаның Найля мен Фазила атты қарындастары Отан соғысына қатысып, еліне аман-сау оралғаны көпшілікке мәлім.

Ұлы тұлғаның өмір жолы өнеге болуға лайықты. Кезінде Димекеңнің арқасында Алматыдан пәтер алған ұстазы Анна Павловна Шурова мынадай естелік жазыпты: «Бір күні Д.Қонаев сабаққа екі сағат кешігіп келді. Класс жетекшісі оған ашуланып, мұғалімдер бөлмесіне алып келіп, ескерту жасайды. Оқушы Д.Қонаев:

– Енді қайталамаймын, – деп кешірім сұрайды. Шамамен, бір айдан кейін Максим Крутов деген Азамат соғысының ардагері мектепке келіп:

– Сіздерде Қонаев деген бала оқи ма? – дейді. Бәріміз де елең ете қалдық. Бірдеңе бүлдірген-ау шамасы деп ойладық. Ана кісі болса:

– Мен сіздерге ризашылығымды жеткізгелі келдім. Қонаев мені ажалдан сақтап қалды. Жүрегім талып, өзен жағасында жатқан мені емханаға жеткізді. Сол бала болмаса, мен бүгін сіздердің алдыларыңызға келіп, сайрап тұрмас едім. Сол баланы осында шақыртсаңыздар екен, – деп өтінген екен. Оқушы Димаш алдына келген соң, әлгі кісі оны құшақтап:

– Құдай саған денсаулық берсін. Сен бақытты боласың, – деп маңдайынан сүйіпті. Сол кезде Димаш 7-кластың оқушысы екен. Ал, Димаш Ахметұлымен әзілі жарасқан Атымтай Қисанов ақсақал: «Мен нағашың боламын» дегенді жиі айтатын көрінеді. Сөз реті келгенде нағашысы:

– Димаш, сенде маған ұнай бермейтін бір мінез бар, – депті. Сонда Димекең:

– Атеке, мен патша болып тұрған кезде мұндай сөзді айтпаушы едіңіз. Осы күні еркінсіп барасыз ғой, – деп әзілмен жауап қайтарады. Осыған орай Атымтай қария:

– Сені барған жеріңде ел сыйлайды, алақанына салып көтереді, ат мінгізеді, шапан жабады. Шапаныңды біреуге бересің, атыңды бір балаға мінгізіп кетесің. Біз отырмыз ғой, мінеки, – дейді әзілмен.

Шындығында, Дінмұхамед Ахметұлы оңтүстікке барған бір сапарында, екі түйе мен тайлақты айтпағанда, оған 29 ат мінгізіпті. Шапанның санында есеп жоқ. Димекең шапандарды:

– Айналайын, менің жолымды берсін, – деп жас жігіттердің иығына жабады, ал, аттарды елдегі ардагер қарияларға, көпбалалы отбасыларының кенже ұлдарына, жетім балаларға тапсырады екен.

Осынау қадірлі және қасиетті үлкен кісінің жеке дәрігері Ахат Мүліков мынаны айтты: «Бірде аяқастынан Бақанасқа баратын болдық. Іленің көпірінен өтіп, Бақанастың жолына түскен кезде төбенің басынан ақ жаулығы желпілдеген бір әйел жолға шықты. Димекең:

– Япыр-ай, жақсылық болса екен. Саша, анау әйелге қарай жүрейік, – дейді шопыр жігітке. Әйелдің жанына жақын барған соң Димеке:

– Аманшылық па, қарағым? – деп сұрады.

– Аманшылық, аға. Сіз келе жатыр дегенді естіп алдыңыздан шықтым. Дастарқан жайып отыр едік, дәм татып кетіңіз, – деді әлгі әйел. Барсақ 6 қанат киіз үйдің есігінен төріне дейін 9 жастықты жайып қойыпты.

– Аға, 9 жаманымыз (балаларын айтқаны) бар. Алла сіздің жолыңызды берсін. Табаныңыздың ізі қалсын. Осы 9 жастықты басып, төрге өтсін деп әдейі ырым етіп төседім, – дейді әлгі ана.

– Қарағым, біз басты қадірлеген халықпыз ғой! Мен осы жастықтың біріне маңдайымды тигізіп, тәу етейін. Балаларың осы жастықты кезектесіп жастанып шықсын, – деп жауап берді. Мұнан соң Димаш Ахметұлы:

– Астан үлкен емеспіз, – деп ілтипат білдірді. Бәріміз дастарқаннан дәм таттық».

Қорыта айтқанда, Дінмұхамед Қонаев – көзден кетсе де көңілден кетпейтін ұлы адам. Бойына қасиет дарыған киелі кісі. Ұлтының көсемі! Биыл осынау әлемдік биіктегі дара және дана азаматтың өмірден өткеніне – 29 жыл. Жалған-ай!

Болат БИСҰЛТАНҰЛЫ,

«Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев»  қоғамдық қоры төрағасының орынбасары – баспасөз хатшысы

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Ата Заң: Бір палаталы Парламент пен саяси жаңғыру жолы

Жаңа Ата Заң: Бір палаталы Парламент пен саяси жаңғыру жолы

07.02.2026
Италияда Олимпиада ойындары басталды

Италияда Олимпиада ойындары басталды

07.02.2026
«Конституцияны жүйелі жаңғыртудың ғылыми негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Конституцияны жүйелі жаңғыртудың ғылыми негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

06.02.2026
Көксу аудандық орталық ауруханасында «клиникалық фармация» бөлімі ашылды

Көксу аудандық орталық ауруханасында «клиникалық фармация» бөлімі ашылды

06.02.2026
Жазушылар одағы жаңа Конституция жобасын талқылады

Жазушылар одағы жаңа Конституция жобасын талқылады

06.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.