«Қазгидромет» РМК ескертуі негізінде Алматы және Жетісу облыстарында бүгін-ертең жаңбырлы ауа райы сақталады.
Аталған екі облыста да күн күркіреп, найзағай түсуі мүмкін. Таулы өңірде нөсер жауын күтілуде. Сондай-ақ, батыстан жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Төтенше жағдайлар департаменті сіздерден үйден шықпауды сұрайды.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





