Алматы және Жетісу облыстарында күн күркіреп, найзағай түсуі мүмкін. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды.
Екі облыста да оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Сонымен бірге, 35 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті сіздерден үйден шықпауды сұрайды. Күнге күйіп, денеңіз зақымдалған жағдайда дереу көлеңкеге барыңыз, салқындап, су ішіңіз.
Есіңізде болсын, қатты ыстық кезінде табиғи өрттердің пайда болу қаупі артады.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





