Талдықорған: -1°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

ҚАБАНБАЙ БАТЫРҒА 330 ЖЫЛ! КӨШПЕЛІ ЭКСПЕДИЦИЯ ЖЕТІСУ ӨЛКЕСІНЕ КЕЛДІ

27.07.2022
ТҮПСАНА
ҚАБАНБАЙ БАТЫРҒА 330 ЖЫЛ! КӨШПЕЛІ ЭКСПЕДИЦИЯ ЖЕТІСУ ӨЛКЕСІНЕ КЕЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл бабамыз Қаракерей Қабанбайдың 330 жылдық мерейтойы. Осыған орай, еліміздегі тарихшы, өлкетанушы, тағы да басқа азаматтардан құралып, Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қанат Еңсеновтың бастауымен «Батыр бабалар жолымен – Сырдария – Жетісу – Шығыс» атты республикалық тарихи-танымдық экспедиция ұйымдастырылды.

– Бұл жарты Қазақстанды шарлап шығатын, маңызы мен мәні зор экспедиция. Қабанбай бабамыз 60 жыл аттан түспей осы ел мен жерді қорғағаны анық. Сол жолда жоңғармен де, қазақ жеріне сұқтанған қытаймен де, араағайындыққа сызат түсірген қырғыз бауырлармен де қақтығысқа барды. Мұнан бөлек, Қоқан хандығы Ташкент, Түркістан, Сайрам қалаларына жасаған сұғанақтығының бетін қайтарып, сауда керуендерінің алаңсыз кәсіппен айналысуына мүмкіндік тудырды. Осы арқылы елдікті нығайтып, Қазақ елінің территория тұтастығын сақтады.

Сапарымызды 9 шілде күні Ақмола облысы аумағындағы Қаракерей Қабанбай батыр кесенесінен бастағаннан бері тоқтаусыз жүріп келеміз. Ұлытаудағы Қабанбай батыр қатысқан «Бұланты – Білеуті» шайқасы өткен жерді қарап шығып, Жезқазған, Қызылорда бағытына жол тарттық. Қызылордада Тайлақ батыр ұрпақтарымен кездестік. Жаңақорғандағы Төлегетай баба мен Қылышты ата кешеніне бардық. Кезінде Мұхаметжан Тынышбаев «Қазақ халқының тарихы» атты еңбегінде «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама жылдары» Сауранды айналып өткені жайлы жазды. Осыны ескеріп, Сауран қаласына бұрылдық. Одан кейін қасиетті Түркістанға келдік. Қабанбай бабамыздың Түркістанды қорғағаны тарихтан мәлім. Қожа-Ахмет Яссауи және Арыстанбаб кесенесіне тәу етіп, осы кесенеге жерленген Қабанбай батырдың замандастарына Құран бағыштадық. Сапарымыз одан ары қарай жалғасып, Құлан қаласынан 30 шақырым жерде өткен Ойранды шайқасы болған жерге, Әулиебұлақ, Сәмен төбесі, Сәмен ту тіккен тасына, Жетісу өңіріндегі әйгілі Аңырақай шайқасы өткен жерге, Таңбалы қорық-музейіне, Алматы қаласындағы Райымбек пен Әлмерек батыр және Кербұлақ ауданындағы Сәмен батыр кесенесіне, Абылай ханның серігі Бәсентин Малайсары Тоқтауылұлы батыр жатқан жерге барып, тәу етіп, тарихи деректерді жинадық. Осы сапарда батыр бабамыздың бір ниет, бір тілекте болып, бір майданда соғысқан замандастарының ұрпақтарымен кездесіп, сұхбат алдық. 6 мың шақырым жолды басып өтуімізге демеу көрсеткен Нұрланбек Тоқтабаев, Кәкен Тоқтаров және Аслан Ғафуров сияқты азаматтарға алғыс айтамын. Міне, бүгін жер жаннаты Жетісу жеріне қадам басып отырмыз, – дейді топ жетекшісі.

Үлкен мақсат, ұлы мұрат арқалап, Жетісу жеріне жеткен экспедиция мүшелерін «Нақ бірлік» қоғамдық қорының төрағасы Мақсұт Қалажанов пен Ақсу ауданының ел ағасы Серік Серпербаев бастаған  азаматтар Арқарлы асуынан күтіп алып, тарихи орындарды аралатты. Жетісу облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт, қаланың қадірменді ақсақалы Оралбек Жақиянов бастаған зиялы қауым өкілдері Талдықорған қаласындағы Қабанбай батыр ескерткішінде қарсы алып, сыр-сұхбат құрды. Сол күні Талдықорған қаласында түнеген азаматтар ертесі Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарындағы тарихи орындарды аралауға аттанды.

Сол сапарда Ескелді ауданының аумағында орналасқан Ақын Сара Тастанбекқызының ескерткішіне Құран бағыштап, келесі кезекте Жансүгіров кентіндегі Бөрібай батыр кесенесіне тоқтады. Оларды Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Ғазиз Есжанов бастаған ауыл ақсақалдары мен азаматтары қарсы алып, Бөрібай батыр туралы естеліктер айтылды. Ал Сарқан қаласындағы Алдияр батыр кесенесінде Сарқан ауданының әкімі Талғат Қайнарбеков қарсы алып, қонақжайлық танытты. Бұдан кейін зерттеушілер Көтен тәуіп Қоңырбайұлы  кесесінесіне жол тартты. Кесененің  шырақшысы Талғатбек Кәріпжанов әулие баба туралы тың деректермен бөліссе, Абылай ханның Көтен тәуіпті Жалаңаш әулие атағаны жайлы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Жалаңаш  баба»  атты тарихи мақала жазғандығы туралы  дерек таныстырылды.  Ал Үшарал қаласына кіреберісте орналасқан Қабанбай батыр кесенесінде аудан әкімі Алмас Әбдинов пен аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сатай Бекболатов бастаған алакөлдік ағайын күтіп алып, экспедиция мүшелерін Қабанбай батыр өскен Жарбұлақ ауылына қарай шығарып салды.

Махамбет бабамыз: «Еңку, еңку жер шалмай, ерлердің ісі бітер ме?» – деп тегін айтпаған ғой. Ақмоладағы Қабанбай батыр кесенесінен бабамыз туып-өскен Жарбұлақ, Ұржар, Мақаншы жеріне дейінгі 6 мың шақырымнан астам жолды басып өтті. Қол жеткізген нәтижесі де ерен. Ол туралы Тарбағатай жерінде Қабанбай бабамыздың 330 жылдығына орай өтетін ғылыми-танымдық конференцияда айтылады.

Қажет АНДАС

Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандары

Жетісу облысы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

09.02.2026
«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Бақыт Нұрмұханов: ҚР жаңа Конституциясындағы құқықтық нормалардың мазмұны барынша қолжетімді әрі түсінікті болады

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Индира Әубәкірова: жаңа Конституция адам құқықтары мен азамат құқықтарының аражігін айқын белгілейді

09.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституция жобасында адам мен азаматтық құқықтың ара-жігін ажырату ұсынылды

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.