Талдықорған: +32°C
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ІЛЕ АЛАТАУЫНАН ЖАҢА ВИЗИТ-ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ. ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР САПАРЫ

12.07.2022
КҮНДЕРЕК
ІЛЕ АЛАТАУЫНАН ЖАҢА ВИЗИТ-ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ. ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР САПАРЫ
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы ТОҒЖАНОВ Іле Алатауы ұлттық паркінде орналасқан Turgensai визит-орталығының ашылу салтанатына қатысты. Шарада Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев, Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, «Qazaq Geography» РҚБ басқарма төрағасы Орман Нұрбаев және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері болды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің ресми сайты мәлімдеді.

Turgensai – Іле Алатауы ұлттық паркінің картасындағы екінші визит-орталық. Ол заманауи стандарттарға сай құрылған. Мұнда облыс туристері мен қонақтарына ұлттық парктің қызметі туралы барлық қажетті ақпарат ұсынылатын болады.

— Ел басшылығы экотуризмді дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөледі, бұл туралы тиісті тапсырмалар берілді. Алматы өңірінде ұлттық парктер көп, осыған орай өңір экотуризмді дамытудың негізгі бағыты саналады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Алматы кластерінің аумағындағы үш ұлттық паркке келушілер саны оның алдындағы жылдар көрсеткіштерінен асып түсті. 2022 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша да ұлттық парктерге келушілер саны артқан. Мұның бәрі экотуризмнің дамып, аталған мәдениеттің халық арасында кеңінен таралып келе жатқанын байқатады, — деді вице-Премьер Ералы Тоғжанов.

Turgensai орталығында келушілер ұлттық паркпен танысып, Түрген шатқалының қол тимеген табиғаты бойынша саяхаттауды бастайды. Орталық Алматыдан 80 шақырым жерде, табиғат ескерткіштеріне бай Түрген шатқалында орналасқан. Визит-орталықтан Аюлы сарқырамасына дейін жаяу жүруге болады, оның биіктігі – 30 м. Жолдың ұзындығы – 1,3 км, ол әлеуметтік және барлық санаттағы адамдар үшін қолжетімді. Бұдан басқа, Түрген шатқалы автожолының бойында пайдалы минералдарға бай бес бұлақ бар, сондай-ақ, ыстық радонды бұлақтар бар. Орталық аумағында туристер «Қайрақты» сарқырамасын, Шынтүрген шырша ормандары, Сиверс алмасының табиғи резерваты және басқа да табиғи объектілерді тамашалай алады. Түрген шатқалы Сақ қорғандарымен де танымал, олардың бірінен Алтын адам табылған.

«Qazaq Geography» РҚБ басқарма төрағасы Орман Нұрбаевтың айтуынша, визит-орталық мәдениеті өмірімізге енуі тиіс, ол қазақстандықтар мен шетелдік қонақтарға өз демалысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

— Осының арқасында қарапайым азаматтар қауіпсіз маршрут пен демалып, күш жинайтын жерлер туралы мағлұмат ала алады. Осының есебінен ұлттық парктер аумақты таза ұстап, сонымен қатар инфрақұрылымды дамытып, жақсарта алады, — деді ол.

Turgensai кешенінің өзінде ақпараттық стенд, дәріс залы, кәдесый дүкені, тамақтану орны, қоғамдық дәретхана, ойын алаңы мен террассалар бар. Мүмкіндігі шектеулі адамдар мен кішкентай балалары бар ата-аналар үшін Turgensai пандустармен жабдықталған.

Жақын арада осындай визит-орталықтар Алтынемел мен Шарын ұлттық парктерінде ашылмақ. Онда арнайы кэмпинг және глэмпинг аймақтары болады. Қазіргі уақытта ұлттық парктер инфрақұрылымы ыңғайлы: навигация, көруге арналған алаңдар, суы таза фонтандар, дәретханалар, көлеңке түсіретін қалқалар бар.

Еңбекшіқазақ ауданы,

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Кербулак ауданының 9 ауылы табиғи газға қосылды

Кербулак ауданының 9 ауылы табиғи газға қосылды

13.07.2026
Ольга Зверева. «Жетісуда» барлық жағдай жасалған

Ольга Зверева. «Жетісуда» барлық жағдай жасалған

13.07.2026
10 күнде 121 келі синтетикалық есірткі тәркіленді

10 күнде 121 келі синтетикалық есірткі тәркіленді

13.07.2026
Физикадан тарихи триумф: Қазақстан әлемнің ең беделді олимпиадасында бес алтын иеленді

Физикадан тарихи триумф: Қазақстан әлемнің ең беделді олимпиадасында бес алтын иеленді

13.07.2026
Грантқа құжат қабылдау басталды: Шекті баллдар қандай?

Грантқа құжат қабылдау басталды: Шекті баллдар қандай?

13.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.