2019 жылы құрылған облыстық қоғамдық кеңес мерзімі аяқталды. Осының негізінде, биыл ақпан айында жұмыс тобы қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру бойынша өз жұмысын бастады. 15 адамнан құрылған жұмыс тобының төрағасы болып облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт сайланды.
Жұмыс тобының төрт кеңесі өткізіліп, жұмыс тобының мүшелерін іріктеу; төрағаны сайлау; облыстың ОС сандық құрамын анықтау; конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау; Қоғамдық кеңеске кандидаттарды бағалау парағының нысанын талқылау; Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын әзірлеу; ҚК мүшелігіне үміткерлерден келіп түскен құжаттарды талқылау; әр кандидатпен әңгімелесу; әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беру сынды мәселелер қаралды.
Биыл 3 ақпанда облыстық қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтіп, онда облыстық қоғамдық кеңестің сандық құрамы 37 адамнан, оның ішінде азаматтық қоғамның 30 өкілінен және мемлекеттік органдардың 7 өкілінен бекітілді. Сондай-ақ, 2022 жылғы 5 ақпанда «Jetisý» және «Огни Алатау» газеттерінде, облыстық мәслихаттың ресми сайтында облыстық қоғамдық кеңестің 30 мүшесіне азаматтық қоғамнан сайлау бойынша хабарландыру беру туралы шешім қабылданды. Хабарландыруда 2022 жылғы 7-18 ақпан аралығындағы мерзім (10 жұмыс күні) көрсетілген. Облыстық қоғамдық кеңестің құрамына кандидатуралар туралы ұсыныстар мен өтініштерді қабылдайтын мемлекеттік орган – облыс мәслихатының аппараты.
2022 жылғы 17 ақпанда жұмыс тобының екінші отырысы өтіп, оның барысында кандидаттарды бағалау парағының үлгілік нысаны талқыланды және қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасы әзірленді.
2022 жылғы 1 наурызда жұмыс тобының үшінші отырысында қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттардан келіп түскен құжаттар талқыланды.
2022 жылғы 2-3 наурызда жұмыс тобының мүшелері облыстық қоғамдық кеңес мүшелігіне әрбір кандидатпен әңгімелесу өткізіп, сұрақтар қойылып, ашық дауыс беру өткізілді.
Облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 9 наурыздағы кезектен тыс XVI сессиясы барысында облыстық қоғамдық кеңестің келесі құрамы бекітілді. Аталған қоғамдық кеңестің мүшелерін сайлау бойынша конкурсқа 50 азаматтық қоғам өкілі қатысты. Әңгімелесу нәтижесінде ең көп балға ие болған 30 азаматтық қоғам өкілі қоғамдық кеңестің құрамына және 10 адам резервтік құрамына енгізіліп, облыстық қоғамдық кеңестің жаңа құрамы бекітілді.
2022 жылдың 15 наурызында облыстық қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өткізіліп, онда қоғамдық кеңестің төрағасы мен 5 комиссия мүшесі құрылды. Сайлау нәтижесі бойынша облыстық қоғамдық кеңес төрағасы сайланып, 5 комиссияның төрағасы келесі салалар бойынша бекітілді: бюджет, тариф саясаты, құқық тәртібі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиясының төрағасы Қадыр Абдрахманов, сәулет, құрылыс, көлік, коммуникация, туризмді дамыту, шағын және орта бизнес, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі комиссиясының төрағасы Баниямин Файзуллин, ішкі саясат, тілдерді дамыту, ономастика, спорт, мәдениет, жастар саясаты, ұлтаралық және діни қатынастар мәселелері жөніндегі комиссиясының төрайымы Гүлнәр Тойлыбаева, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, білім беру, денсаулық сақтау және көші-қон мәселелері жөніндегі комиссиясының төрайымы Лариса Котельникова және аграрлық сектор, жер қатынастары, ветеринария, табиғи ресурстар, табиғатты пайдалану және экология мәселелері жөніндегі комиссиясының төрағасы Тынышбай Досымбеков бекітілді.
2022 жылғы 4 сәуірде облыстық қоғамдық кеңес Алматы қаласы қоғамдық кеңесімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 2022 жылғы 29 наурызда және 2022 жылғы 7 сәуірде облыстық қоғамдық кеңес төрағасы мен Көксу және Қаратал аудандарының тұрғындарымен кездесулері өткізілді. Қазіргі уақытта көтерілген мәселелерді шешу бойынша шаралар қабылдануда.
Ерғазы Қошанбеков,
Алматы облыстық қоғамдық кеңес төрағасы





