Талдықорған: +21°C
$ 474.47
€ 541.37
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

ҮЙДЕ ДЕ, ҚЫЗМЕТТЕ ДЕ БІРГЕ: ПОЛИЦИЯДА ЖҮРГЕН ОТБАСЫЛЫҚ ЖҰПТАР

21.04.2022
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
ҮЙДЕ ДЕ, ҚЫЗМЕТТЕ ДЕ БІРГЕ: ПОЛИЦИЯДА ЖҮРГЕН ОТБАСЫЛЫҚ ЖҰПТАР
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының полициясында бірге қызмет атқаратын бірнеше отбасылық жұп бар. Бұл туралы «Жетісу» газеті полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Үлгілі отбасылық жұптың қатарында Көксу аудандық полиция бөлімінің аға лейтенанттары Жарас, Әйгерім Әлдибековаларды айтуға болады. Олар 2018 жылдың көктемінде танысыпты.

— Күнделікті қызметімде уақыттың зымырап өтіп жатқанын байқамайтынмын. Сол күндердің бірінде бітімі келіскен, келбеті жарасқан жігітпен таныстым. Таныстығымыз ары қарай жандана берді. Жұмыстан кейін үйге бірге қайтып, қала саябағына барып қыдыратынбыз. Ата-анасымен таныстырып, жүрегіндегі сезімін ашық айтып, тұрмыс құруға ұсыныс жасады. 2019 жылы менің ата-анам батасын беріп, ұлттық дәстүр бойынша ұзату тойымды жасап, құтты мекенімнің ақ босағасын аттатты. Аллаға сансыз шүкір, жұбымыз жарасып, өмір жолымен бірге келеміз. 2021 жылдың наурыз айында Жарас полиция бөлімінің мемлекеттік көлік инспекторы лауазымына тағайындалды. Бұл өте маңызды және жауапты қызмет, заңгерлік және техникалық сауаттылықты талап ететін жұмыс. Сол жылы жазда облыстық полиция департаментінің басшылығы екеуміздің еңбегімізді жоғары бағалап, жаңа салынған үйлерден пәтер берді. Мерейіміз үстем болды. Енді тек Отанымыз үшін адал қызмет етіп, ел тыныштығын сақтауға отбасымызбен аянбай тер төгіп, алдыңғы қатарлы полиция офицерлері болуға еңбектенуіміз қажет, — дейді аға лейтенант Әйгерім Әлдибекова.

Келесі жұп — Балқаш аудандық полиция бөлімінің аға лейтенанты Ақжол Зекенов пен полиция капитаны Еңлік Ережепбаева. Олардың махаббат хикаялары да өз алдына бір төбе әңгіме.

— 2018 жылы 29 қаңтарда оқу-жаттығудан шығып, ұялы телефонымды қарасам, интернет желісінен Акжолдан танысуға ұсыныс келгендігін көрдім. Екеуіміз бір салада iстейтiнiмiздi байқап, ортақ қызығушылығымыз көп екенін көріп, танысуға келістім. 4 ақпан күнi менi кездесуге шақырды. Бірінші кездесуімізде жақсы тіл табысып, әңгімеміз жарасып уақыттың қалай өткендігін байқамай қалдық. Келесі күні қыз бен жігіт ретiнде жүре бастадық. Көп ұзамай үйленуге ұсыныс жасады. 24 тамыз күнi үйлену тойымыз өтті. Тойдан кейiн декреттік демалысқа шықтым. Қазiргi таңда екi ұлды тәрбиелеп отырмыз. Барша әйел қауымына бақыт білеймін, — дейді Еңлік Ережепбаева.

Осындай мақтан тұтар жұп ретінде Талдықорған полиция бөлімінің аға лейтенанттары Айбек Саркеев пен Құдай қосқан қосағы Мөлдір Саятқызын да айтуға болады. Олар 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің академиясында оқып жүргенде танысқан. Алғашқыда дос ретінде жақсы араласып, кейіннен махаббат оты тұтанған.

— Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін де достық қарым-қатынасымыз үзілмеді. Ұзақ араласқаннан кейін бір-бірімізді ұнататынымызды түсіндік. 2020 жылдан бері отау құрып, бақытты ғұмыр кешудеміз. Отбасымызбен бірге елге адал қызмет етіп жүргенімізді мақтан тұтамыз, — дейді Мөлдір Саятқызы.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Тұщы суды тоқтаусыз тұтынады

Тұщы суды тоқтаусыз тұтынады

02.07.2026
«Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

«Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

02.07.2026
Қазақстанда шағын және орта бизнеске арналған BusinessGO цифрлық экожүйесі іске қосылды

Қазақстанда шағын және орта бизнеске арналған BusinessGO цифрлық экожүйесі іске қосылды

02.07.2026
Кәсіп ашуды армандады

Кәсіп ашуды армандады

02.07.2026
Президент инвесторларға Қазақстанның басты артықшылығын атады

Президент инвесторларға Қазақстанның басты артықшылығын атады

02.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.