Талдықорған: +21°C
$ 481.54
€ 553.24
₽ 5.93
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

ШАРУАСЫ ДӨҢГЕЛЕНГЕН ШАРУАШЫЛЫҚ

18.04.2022
ОН САУСАҚ
ШАРУАСЫ ДӨҢГЕЛЕНГЕН ШАРУАШЫЛЫҚ
WhatsAppTelegramFacebook

Көктемгі егіс жұмыстарын сапалы әрі уақытылы жүргізу маңызды. Қарасай ауданына қарасты «Жетісу» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативінің ұжымы жауапты науқанға жақсы дайындықпен келіп, дала төсін дүбірге бөлеуде.

Бір кездері Алматы қаласын ет, сүт, көкөніспен қамтамасыз етіп отырған ірі шаруашылықтардың бірі – «Жетісу» кеңшары «жекешелендіру» желеуімен қырық құрау болып кеткенде болашағын ойлайтын 100 қатарлы шаруа қожалықтары бірігіп, «Жетісу» өндірістік кооперативін құрған еді. Мемлекетіміздің қалыптасу кезеңінде кездескен қиындықтарға бірлігі мен берекесін қарсы қойған ұжым содан бері де 26 жылды артқа қалдырып, табысты еңбек етуде. Бүгінде кооперативтің иелігіндегі 3337 гектар егіс алқабы, 900 гектар суармалы жер, 1000 гектар жайылым және дала жұмысын жүргізуге қажет техниканың бәрі ел игілігіне жарап келеді. Толассыз өнім беріп тұрған тауарлы-сүт фермалары, қыстаулар мен күздеулер, техника атаулының бәрі әр адамның пай үлесіне беріліп кеткеннен кейін көп ұзамай шағылған шаруашылықтар ғана қалғанын көрдік. Жетісулықтар осындай жағдайға жол бермей, сауын фермасын, мал бордақылау алаңын қайта қалпына келтірді. Бүгінде шаруашылықта 212 бас сауын сиыры мен бір кезеңде бір мың бас ірі қараны бордақылауға арналған кешен жұмыс істеуде.  
– Бізде қыс айларында 50-60 адам тұрақты еңбек етсе, науқандық жұмыс кезінде жұмысшы саны 100-ден асады. Суармалы жерлерді тиімді пайдалану мақсатында жалға беру тәжірибесі қалыптасқан. Дүнген, кәріс, қазақтар да көкөніс өсіруді дәстүрге айналдырған. Осылайша, Алматы қаласын бақша дақылдарымен, жеміс-жидекпен қамтамасыз етуге үлес қосудамыз. Сауын сиырларының сүттілігін арттыру үшін 150 гектар жерге сүрлемдік жүгері, бордақылауға қажетті жоңышқа егу жолға қойылды, – дейді аталған ұжым төрағасы, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты Жанат Исағұлов
«Жетісу» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі Алмалыбақ ауылында орналасқан Қазақ жер өңдеу және ауылшаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен тығыз байланыста еңбек етіп, элиталы сұрыпты дәнді дақылдар мен көпжылдық шөп тұқымын өсірумен айналысуда. Институтта шығарылған элиталы тұқымды өздеріндегі 30 гектар жерде молайтып, бұл саланың дамуына шама-шарқынша үлес қосуда. Бұл тарапта елдің әр шалғайынан келіп арпа-бидай, жоңышқа тұқымын алып кеткен шаруашылықтар өнім сапасына алғыс білдіруде. Бүгінде мұнда 712 гектар күздік бидай көктемгі жаңбырмен көгере өсуде, 670 гектар алқапқа арпа егу, 212 гектарға майлы дақылдар отырғызу жұмысы қауырт қолға алынған. 
Осыдан кейін егіс алқаптарындағы жұмыспен танысу мақсатында қырға шығып көрдік. Расында, шаруашылыққа тиесілі жерлерде тракторлар атой салып, жыртылған жерге дән себумен айналысып жүр. Алайда, игерілмей жатқан жерлердің де мол екені байқалады. Мұның жайын сұрағанымызда Жанат Исағұлов: «Кезінде жеке адамдардың иелігіне өтіп кеткен егіс алқаптарының көбі талай жылдан бері бос жатыр. Жеке шаруалардың оны өңдеуге шамасы келмейді. Осы орайда, заңнамаларға сәйкес игерілмей жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтарып, мүмкіндігі бар шаруашылықтарға беру жүзеге асырылса дұрыс болар еді, – деп ойын білдірді. 
Бұл жерде көңіл бөлетін тағы бір мәселе – жұмыс күшіне байланысты. Осы ретте: «Бүгінде ауылшаруашылығында негізінен бұрынғы мамандар ғана еңбек етуде. Дайын тұрған техникаға отыратын механизатор, сушы, малшы боламын деген адамды шырақпен іздеп таппайсың. Барлық жағдайды жасаймыз деп хабарландыру берсе де жастар жағы жолайтын емес. Амалсыздан көрші мемлекеттерден жұмысшы алдыруға мәжбүрміз», – дейді шаруашылық басшысы. Еңбекпен қамту мекемесінде тіркеуде тұрғандарды осы салаға жолдаса қалай болар екен деген ой туды.
Шаруашылық басшысы әңгіме арасында өздерін алаңдатып жүрген жайларды да ортаға салды. Соның бірі ауылшаруашылығын қаржыландыруға байланысты. Бүгінде мемлекеттен бөлініп отырған қыруар қаржының қайда кетіп жатқанын анықтау мүмкін емес. Жоғары жақта ұрандатып айтылған қаражат қарапайым шаруаға жетпей, орта жолда құрдымға кетеді. Осы мәселені жолға қою үшін бөлінген қаражатты қадағалайтын құрылым құрып, бұрынғыдай агроөнеркәсіп саласын қаржыландыратын арнайы банк қалыптастыру қажеттігі туындауда. Көршілерімізде жүргізіліп жатқан қарулы қақтығыс техникаға қажет қосалқы бөлшектер бағасын еселеп қымбаттатып жіберген. Бұл алдағы уақытта кеңесіп шешер келелі істердің бірі болмақ. 
Қарасай ауданы

Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

Қатысты жаңалықтар

Жасөспірімдерді онлайн-қорлаудан қалай қорғаймыз?

Жасөспірімдерді онлайн-қорлаудан қалай қорғаймыз?

31.03.2026
Көктемгі дала жұмыстары. Шаруаларға барлық жағдай жасалған

Көктемгі дала жұмыстары. Шаруаларға барлық жағдай жасалған

31.03.2026
Қараталда бордақылау алаңы салынады

Қараталда бордақылау алаңы салынады

31.03.2026
Ауылдан шыққан чемпион Анталиядан алтын алды

Ауылдан шыққан чемпион Анталиядан алтын алды

31.03.2026
Онкологтар тегін кеңес берді

Онкологтар тегін кеңес берді

31.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.