«Қазгидрометтің» ескертуі негізінде алдағы күндері ауа райы өзгереді.
9 сәуір күні Алматы облысының оңтүстігінде және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай жарқылдап, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан жел соғады, желдің екпіні 17-22 м/с-қа дейін жетеді. Сонымен қатар, 9-11 сәуір күндері Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында аралас жауын-шашын күтіледі. Нөсер жауады. Соған байланысты өңірде сел жүріп, өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.
Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырады. Дауылды ескертулер және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





